Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сөйлем және оның түрлерін қайталау
ШҚО. Ақбұлақ ауылы.
«Ақбұлақ орта мектебі»
Бастауыш сынып
Мұғалімі:Бектемирова Сауле Аскербекқызы
Қазақ тілі-2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және оның түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, сөйлем, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлерімен таныстыра отырып, олардың айырмашылығымен топтастыру, сұраулы сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлем туралы білімдерін толықтыра отырып, айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің түрлерін анықтау.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, білімпаздыққа жетелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап,миға шабуыл, «жүреміз, ойланамыз» ,жеке ,жұптық жұмыс, қызығушылықты ояту,СТО стратегиялары
Түрі:саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, тірек - сызба, кестелер, семантикалық карта,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық кезеңі.
Сыныбымыз тап-таза,
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! - дегендей,ендеше бүгін қазақ тілі сабағын бастаймыз.

- «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байрағы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімнен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?- Н.Ә.Назарбаев.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
-Балалар ,өткен сабақта біз сөйлем, сөйлем түрлерінің ішіндегі лепті сөйлемді аяқтадық . Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сөйлем және сөйлем түрлері туралы білімдеріңді толықтырып, олардың айырмашылықтарын анықтап , қорытындылау сабағын саяхат түрінде өткіземіз. Саяхатқа біз поезбен шығамыз ол үшін біз вокзалға барып билет алуымыз керек. Билетті біз үй тапсырмасын орындап тастаған соң ғана ала-аламыз. Кәне кім жақсы орындап келді екен, кім саяхатқа шыққысы келеді? Өткен сабақта үйге деңгейлік тапсырма берген болатынмын. Кәне сол тапсырманы қалай орындадыңдар? Кезекпен жауап беремізде поезға билет аламыз.Бүгінгі саяхат сабағымыздағы тапсырманы кім қалай орындап отырғанын бағалау үшін бағалау парағын таратып беремін. Әркім өзін бағалап отырады.
1.194 жаттығу оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрауға. Әңгімеде хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болу керек .
2.192 жаттығу. Сызба бойынша сөйлем құрауға берілді.
3.195 жаттығу. өлеңді мәнерлеп оқып, лепті, сұраулы сөйлемді табуға берілді.

-Жақсы, бәріңде билет аласыңдар. Алдарыңдағы параққа үй тапсырмасы деген жерге көршіңді бағалап жазып қоюды да ұмытпайық.
-Ал қолымызда билет бар. Саяхатқа шықпаймыз ба?
-Иә. Саяхатқа қайда шығатынымыз әзірше белгісіз ол тосын сый болады.Ендеше бір ертегі тыңдап алайық та жолға шығайық.
ІІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезең
Оқушы қызығушылығын ояту.
- Ерте-ерте, ертеде біз білмейтін өлкеде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.
- Сонымен, бүгін біз, сол Қазақстандағы ең үлкен, сұлу қала - «Астана қаласына» саяхатқа шығамыз. Қолдарыңда билеттерің дайын, Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырайық.
Әр тапсырма бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.

Астана қаласына жету үшін, біз қандай пойызға отыратынымызды анықтап алайық. Ол үшін Сөзжұмбақ шешейік.
1-тапсырма: «Сөзжұмбақты шеш!»
Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған сөздерді тауып сөзжұмбақ шешеміз. - Қандай сөз шықты?
1-вагонда: «Жылт-жылт еткен, жырадан өткен»; (Су)
2-вагонда: «Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті»; (Өрік)
3-вагонда: «Жүрсе ізі жоқ, сойса қаны жоқ»; (қайық)
4-вагонда: «Қанаты жоқ - ұшады, аяғы жоқ - қашады»; (жел)
5-вагонда: «Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді»; (Ерін)
6-вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас». (Мұз)
Иә, дұрыс таптыңдар!Сонымен Астанаға баратын Пойызымыздың аты «Сөйлем» екен. Ал енді вагонға отырып, жолға шығайық! Сәт сапар!
Пойыз дауысы шығады.
Кенеттен пойыз бір-бірінен ажырап,релсьтен шығып, тоқтап қалды.Не істейміз? Көмекке келейік.
2-тапсырма: «Көмекке кел!» Тақтамен жұмыс.Топтастыру жасайды
–Сөйлем дегеніміз не?
-.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
-сөйлемнің неден тұратынын табайық.
- Бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құрылады.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

Әр тапсырма бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.
Ал енді пойызымыз толығымен әлі жөнделіп біткен жоқ, толығымен жөндеу үшін тағы бір тапсырма орындайық.
3-тапсырма: «Тыныс белгісін тап!» - Балалар, пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты. Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішінде жұмсай алыпты.
- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер?
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай қалай және нешеге бөлінеді?
Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері койылады?
Қане, ойланып шешіп көрейік. Тағы да жұмбақ жасырамын

1.Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем, сұрау белгісі)

2.Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем, нүкте)

3.Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Жақсы, балалар тағы да топтастыру жасап жіберейік..

-Соңында қандай тыныс белгісі қойылады.?
Нүкте (.) Сұрау белгісі (?).Леп белгісі (!)
Әр тапсырма бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыруды ұмытпайық.
Тапсырманы жақсы орындадыңдар! Поезымыз ары қарай жылжып кетті.Астана вокзалына келдік.Міне арман қала Астана қаласына да жеттік..
Қаланың көрікті жерлерін аралау үшін біз автобусқа мінеміз.Автобуспен келе жатып, Кенеттен бағдаршамға келіп бірден тоқтап қалғанда,, Ондағы барлық сөйлемдер араласып кетіп, шатысып түсінісе алмай жатыр екен.Ол үшін келесі тапсырманы орындайық.
4-тапсырма «Орнын тап!» Оларды ажыратып орындары ауысқан сөздерден сөйлем құрастырайық. Онда әрбір сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқып, өз тыныс белгілерінің тұстарына қояйық. Енді осы сөйлемдерге назар аударайық.
Дәптермен жұмыс.Күннің атын жазып қояйық. Тақтада орны ауысқан сөйлемдер берілген сөйлемді дұрыс құрап,тыныс белгісін қойып шығыңдар.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы. Әсел Отан туралы ән айтады.
Ә) Болат, тартады, домбыра. Болат домбыра тартады.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер. Сендер концерт қоясыңдар ма?
В) Қандай,оның,даусы, керемет. Оның даусы қандай керемет!

Сергіту сәті:(билету)
Сөйлемдер орын- орына келіп, бірінші аялдамаға да жеттік.
1-аялдама.( Қазақ елі монументі)
5-тапсырма. Мақал берілген. Сұраулы сөйлемге айналдырып жаз. Тақтамен жұмыс.
1.Береке көзі бірлікте. 1.Береке көзі бірлікте ме ?
2.Отан оттан да ыстық. 2.Отан оттан да ыстық па?
3.Ер қанаты ат. 3.Ат ердің қанаты ма?
4.Сөз тапқанға қолқа жоқ. 4.Сөз тапқанға қолқа жоқ па?

Осы жерден қандай қорытынды ереже шығарамыз.Сұраулы сөйлемді жасап тұрған ма,ме,ба,бе,па,пе шылауы бөлек жазылады екен.

2-аялдама «Хан Шатыры»
І-деңгей Аида менЭльнара ІІ-деңгей Қадила ІІІ-деңгей Дильназ
Бәйтеректің суретіне қарап, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіңдер! “Тәуелсіздік” сөзінен бірнеше сөз жаз.
Мысалы: Тәулік ... Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
6-тапсырма «Сәйкестендір»

Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!
Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!
Қуану ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Ұрандату------------ Алақай,әкем шаңғы әкелді!
3-аялдама «Бейбітшілік және келісім сарайы»
7-тапсырма. «Деңгейлік тапсырма.»

4-аялдама «ҚР Президенттік мәдени орталығы»
8-Тапсырма: .«Семантикалық карта»


ҮІ.Қорытынды
39-слайд.5-аялдама «Ғажайып Мұхитаралына барып дем алып, океанирумді көріп, қызықтап, ойын ойнайық» 9-тапсырма Ойынның аты «Жүреміз, ойланамыз, жауап береміз!» (Карточкамен карта ойыны)
Жақсы, карта ойнадық, Астананы араладық, енді автобусқа мініп, вокзалға барып, пойызға отырамыз да үйге қайтамыз.
Бағалау парағындағы кезеңдерді қорытындылап шығыңдар.
Ү.Бағалау:
VІ.Рефлексия. Блоу ағашына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді алдарыңдағы стикерлерге жазып жапсырыңдар.
Үйге тапсырма: 245-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Әңгімеде сұраулы,лепті сөйлемдерді көшіріп жаз.
Категория: Начальная школа | Добавил: гульнараж (2015-01-23) | Автор: cауле E
Просмотров: 2657 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 10:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru