Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сұраулы сөйлем
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ойын құралдары, тірек - сызба, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқущыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? 173 – жаттығу. Хабарлы сөйлем екенін дәлелде. Оқушылар оқып, хабарлы сөйлем екенін айтады.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Табиғат дегеніміз не?
Бізді қоршаған орта.
- Бүгін сабақта табиғат әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, мына суреттен қай жыл мезгілін көріп тұрмыз?
- Қыста ауа – райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
-Қыс несімен қызықты?
-Қыста түн қысқарып, күн қайтеді?
Балалар мен бағанадан бері не істедім? (Сұрақ қойдыңыз.)
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Сенің атың кім?
Балалар енді «Құстар әлеміне» саяхатқа шығамыз
IV. Оқулықпен жұмыс.
175 - жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
Көлге келіп қонады, – Сені өсірген баптап кім?
Көлдің көркі болады. Аққу неткен аппақсың?
Аңшы бірақ атпайды, - Таза ауада жүремін,
Аққудың бар обалы, Тұнық суға жүземін.
(А. Ершуов) (Қ. Толыбаев)
- Сөйлемнің соңына назар аударшы, қандай тыныс белгісі бар?
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Балалар енді екі өлеңді салыстырайықшы. Салыстыру үшін нені білуіміз керек?
Ұқсастығы мен айырмашылығын.
- Аққу туралы не білеміз?
- Балалар аққу туралы ойдан жұмбақ құрастырып көрейікші
Енді, балалар «Жәндіктер әлеміне» саяхатқа шығамыз.
V. Таза жазу минуты. Дәптермен жұмыс. 176 - жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Тізбектей оқу
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.
VІ. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік
Жерге қарап күн көрдік
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Балалар біз 1 желтоқсанда қандай мейрамды тойлаймыз?
Тұңғыш Президент күнін
ҚР президенті кім?
16 желтоқсан қандай күн?
«Су әлеміне» саяхат

Қандай суларды білеміз?
Өзен, көл көлшік, теңіз т.б.
VІІ. Өзіндік жұмыс. 177 - жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың басталатын уақыты;
- сыныптағы кезекшінің есімін
- Асқардың сабаққа кешігу себебін;
- қазақ тілінде дауысты дыбыстардың санын.
VІІІ. Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.
Сөйлем
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
Сұраулы сөйлем
Балалар «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз.
178- жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Бұлттар қайда қонады?
- Бұлттар – таудың қонағы.
- Құстар қайда қонады?
- Құстар – талдың қонағы.
- Қаңбңқ қайда қонады?
- Қаңбақ – сайдың қонағы.
- Қармақ қайда қонады?
- Қармақ – судың қонағы.
(Несіпбек Айтов)
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Талдау
Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айт. Сөйлемдердің қайсысы хабарлы, қайсысы сұраулы екенін тап:
Көже пісті.
Көжені неше кісі ішті?
Неше кесе ішті?
Жатқа айтылып болғаннан кейін, оның әрбір сөйлемін оқушылар хабарлы және сұраулы деп талдайды.
Х. Қорытынды.
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Балалар ұстаздарға қандай уәде береміз?
Табиғатты аялаймыз, қорғаймыз.
ХІ. Үй тапсырмасы. 234 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
ХІІ. Бағалау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Семей (2015-01-24) | Автор: Касымханова Бакытгуль Далелхановна
Просмотров: 1251 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 3:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru