Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Әліппе,саған, мың алғыс!
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әліппе,саған мың алғыс»
Сабақтың мақсаты: Сыныптан тыс тәрбиелік шараларды топтық жұмыс түрінде өткізе отырып оқушылардың өз ойларын сыныптастарымен бөлісіп, бірлесе ақылдасып,еркін,ашық жеткізе білуге бағыттау.Ата аналармен бірлесе отырып топта жұмыс жасаудың ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, пайдасын және жемістілігіне көз жеткізу.
Ресурстар: АКТ, шарлар,нақыл сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі дидактикалық карточкалар т.б.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Шаттық шеңберге тұрады.
-Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Сыныпқа Мыстан әже келеді.
-Бұл не шу? Ығы жығы, басым айналып кетті ғой.(ұсынылған орындыққа отырады да мұғалімге қарап)
- Мына айқай шудың ортасында неғып жүрсің?Мыналардың бәріне басыңды қатырып,алтын уақытыңды босқа өткізіп жүргенің не? Бұлар ертеңгі күні сені танымай кетеді.Өздері оқып,біліп алғандай болады.Өзіңнің балаларың бар ма?
Мұғалім: Иә, бар.
Мыстан:Бұлармен жағаласқанша өз балаларыңа уақыт бөлсең қайтеді?
Мұғалім: Бұлар да менің балаларым, менің шәкірттерім ғой.
Мыстан: Шынымен ақ басың айналған екен қарағым.Өзіңнің балаң сені үлкейгенде бағады, тамағыңды пісіріп, ауырып қалсаң дәрісін беріп қасыңда жүреді.Ал мыналар сені ол кезде естеріне де алмайды,өздерінің әке шешелері тұрғанда.
Мұғалім:Менің шәкірттерім өз ата аналарын алақандарына салып ,әлпештеп бағып отыруға жараса, бұл менің де еңбегімнің жемісі ғой.Менің үйреткен тәлім тәрбиемнің, оқыған дәрісімнің зая кетпегені деп білемін.
Мыстан:Мұғалім 45 минут сөйлейді деген рас екен, басыңның пайдасын айтып едім не деп кеттің құдайым ау.
Мен мұнда неге келіп едім, иә иә менің Жезтырнақ деген қызымды көрдіңдер ме?
Барлығы: Жоқ.
(Мыстан шығып кетеді.Кетіп бара жатып:Мына 700-800-баланың арасынан қызымды қалай табамын.
А-у-у Жезтырнақ деп айқайлайды)
Мұғалім: Жарайды ,балалар.Үлкен кісі шаршаған болар қызын тапқан соң көңілі жайланып үйлеріне қайтады.Ал біз билейміз.
(Биден соң Мыстан әжей қайтып келеді.Тамағы қарлығып, даусы шықпай қалған)
Мыстан:Әй мұғалім айқайлай айқайлай тамағым бітіп қалды.
Мұғалім:Сонша неге қатты айғайладыңыз?
Мыстан:Мына балаларды тынышталдырамын деп, араларынан қызымды таба алмай ақыры міне даусым шықпай қалды.Мына дәріні ішейін жақсы болып кетермін.(кішкене құтыдағы дәріні түгелдей ішіп қояды)
Мұғалім:Әже неге барлығын ішіп қойдыңыз, дәрігерден сұрадыңыз ба, қалай,қашан ішетінін?
Мыстан: Қалай оқимын дәрігердің жазғанын ,сауатым жоқ, әріп танымаймын.
Мұғалім:Қане, кім оқып көмектеседі әжейге?
Оқушы:Күніне 1шай қасықпен, тамақтан соң ішу керек.Ішу мерзімі 10 күн.
Мұғалім: Көрдіңіз бе, сауатсыздықтың соңы неге апаратынын.Балалар әжейді медбикеге апаруға көмектесіңіз.(шығып кетеді)
Міне, балалар сауатсыздықтың, білімсіздіктің нәтижесін көрдіңіздер ғой
Ал біз сауаттанып 1-сыныпты аяқтап жатырмыз.Бүгін біз қаншалықты білімді,қаншалықты ақылды, сауатты екенімізді көрсетеміз.Бұған ата аналарымыз куә болсын.

Мұғалім: Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Ерасыл: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Амина Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Алихан Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Ерасыл Осы біздер қандаймыз?
Шахизада: Мың бұралған бишіміз Аружан
Адия: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз. Едіге
Мадияр: Біз шеберміз
Ақылдымыз
Алдияр: Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
Томирис: Көп оқимыз
Терең оқимыз
Аяулым: Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
Нұрсултан: Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін
Мұхамедали: Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.
Жұлдыз: Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
Амина:-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
Алихан:-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
Ерасыл:-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Амина:-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе,
Ол-сүйікті Әліппе!
Алихан:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Төрт топқа төрт түрлі тақырып бойынша тапсырма беремін.
Ойын «Танып біл»
Қатысушы ата аналарға бірнеше сұрақтар қойылады.
Сыныпта неше оқушы бар?Неше ұл,неше қыз бар?
Жұма күнгі сабақ кестесін айтып беріңіз?
Мұғалімнен не күтесіз?
Қандай бүтін ыдысқа су құюға болмайды?
Балаңызға қоятын ең басты талабыңыз?
Ашуланғанда қолданатын ең қатал жазаңыз қандай?
Аптасына дене шынықтыру сабағы неше рет болады?
Топпен жұмыс жасау балаларға тиімді деп ойлайсыз ба?
Сыныптың белсенділігіне қандай баға берер едіңіз?
Бүгінгі сабақ бойынша мұғалімге айтар ұсыныс, пікіріңіз
4-топқа бөлінеді. Топтарға тапсырма беру. 1-топ Математика 2-топ Әліппе 3-топ Дүниетану 4-топ Сауат ашу.
Сергіту сәті. Би «Жігіттер»
Ерасыл:-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық
О Т А Н:
Жанерке: Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
Жұлдыз:
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
Аяулым:
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
Бекзат :
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Мұғалім:
-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика?
-Қазақстан Республикасы.
-Біз қай ауылда тұрамыз?
-Чапаев қаласында.
-Енді Отанымызға арнап, ән орындайық.
Ән «Отан» (хормен)
Амина:
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп.
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні мектепте өтеді.
-Біз мектепке не үшін келеміз?
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:
Адия:Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Алмас: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Шахизада:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Ардана:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Асылбек:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ерсін:Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Бәрі бірге:
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
ӘН: «Әліппе» Мұхаметқазы Қарақат
Әліппе сөйлейді:
-Әліппеде тізілген
42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен,
Өз кезінде танып қал.
Балнұр:Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріп ті
Даниэл:Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
Алдияр:Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке
Әділ:Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Алихан:
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
-Шаңғы,шана тебеміз .
Хор. «Еңбекшіл»
Мұғалім:-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы
-А, Ә, Б.
Жұлдыз:Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде түсінші.?
Жанерке:
А деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Б деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Адия:Ә деп ұзақ айтамын
Ә деп үйге қайтамын
Әкем, әжем, тәтеме
Әдемі ән айтамын
Ерасыл:Ғалым болып аламын,
Ғаламға да барамын
Ғылым, білім- ілімді
Ғибрат еткен баламын
Али:Ұлар, ұлар, ұлармын
Ұшқырлыққа құмармын
Ұлы сөздің басында
Ұ әрпі болып тұрамын
Алмас:Фарида мен Фатима -фотоопарат алыпты
Фархад пенен Фатима
Фермаларға барыпты
Алдияр:Ілияс-інім, Інжу сіңілім
Інім-ілімді, сіңілім-білімді.
Ардана:Кем көрме өзгеден
Басталмайды сөз менен
Туысым бар «н» деген
Шатастырма онымен
Қарақат:Қастерлеген жұртымыз
Қазы қарта құртымыз
Шөл қандырар бал қымыз
Қатығы мен қаймағы
Бәрі менен басталып
Дастарханың жайнады.
Балнұр:Апаға қоссаң апаймын
Атаға қоссаң атаймын
Дауыстыдан кейін кеп
Қысқа «й» боп атандым.
Шахизада:Инабат пен ибада
Ол тұрады басында
Күллі адамзат сыйлаған
Имандылық бар онда.
Құндыз:Бақыт не? деп сұрасаңыз атадан
Бақыт не? деп сұрасаңыз анадан
Бақыт деген сол деп еді ойланбай
Еш жамандық көрмей туған баладан.
Асемай:Сан түрлі зат әжеміз
Сандыққа сап сақтайды
Сандық жасап әкеміз
Сырлайды сан тақтайды.
Нұрсултан:Жайық,Еділ – екі су
Дұшпан тізе бүккен жер
Жер жаннаты – Жетісу
Елім туын тіккен жер.
Бекзат: Алфавитті білдік біз
Онда жүйе қалып бар.
Бізідің қазақ тілінде
42 әріп бар
Ерасыл: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Амина:
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
-МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА-АНА!
Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Әліппе әнін орындайық
Хор. «Рахмет,саған Әліппе!»
Оқушылар хормен:
-Бізге білім салып берген,
Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол, құтты Әліппем!
Әліппе сөйлейді:
Білімінің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
-Қош болыңдар, балалар!
Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!
Алихан:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ келеді.
-Қарсы алайық, танысайық
Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!
Ерасыл: Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Әріптерді үйретіп
Жақын болған кім бізге?
Балалар хормен: Ол мұғалім.
Жамандықтан жиреніп
Ақыл болған кім бізге?
Балалар хормен:Ол мұғалім.
Асемай: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әліппені.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін ашып берді
Димаш:-Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
Аяулым: Үйретіп мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Құндыз: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Нұрсултан: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Ұстазым»
Алихан: -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
Қарақат:Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Алдияр:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
Томирис: Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....
Мұхамедали: Болашағын баланың,
Талабынан білесің.
Жақсы оқыса сабағын,
Жақсы көріп жүресің....
Алдияр: Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын....
Асылбек: Ата келші тезірек,
Ана тілін бастадым.
Өзіңе айтар тағы да,
Дайын менің тақпағым.....
Балалар хормен:
-Ата-анаға мың рахмет!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар.
Вальс «Есіл ағады»
Аяулым « Анашым»
Би «Қаражорға»
Ән. «Болашағы елімнің»
Би. «Қыз Жібек»
Ән. «Қуыршақ»
Ертегі «Түлкі мен қоян»
Категория: Начальная школа | Добавил: Arai1232 (2015-01-26) | Автор: Айдымбаева Арай Болатовна
Просмотров: 826 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru