Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ж дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты : 1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту. 3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Тренинг сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.
Жүрісі: І Ұйымдастыру.
Балалар сабақты бастамас бұрын, қонақтарға амандасып,бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки,бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Бір-біріне қарап:
Қайырлы күн достым,
Ісің сәтке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Бүгін бізде сауат ашу сабағы ерекше сабақ болмақ. Бізге көптеген конақтар келіп, сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді, алғырлықтарыңды тексеруге келіп отыр. Ендеше өз өнерімізді көрсетіп, сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта жаңа әріппен, оның дыбысталуымен танысамыз, ол әріпті сабақ барысында білетін боласыңдар. Сөздер оқып, дыбыстық талдау жасаймыз.
Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
ІІ. БІЛУ. Өткен сабаққа шолу.
— Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
— Ы дыбысы қандай дыбыс?
Бағандағы сөздер мен « Қақпашы » мәтінін оқыту.
Оқушы,шыны сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ІІІ Түсіну. Жаңа сабақ. 1. « Ой шақыру». Сахналау. Ертеде орманда бір жолбарыс өмір сүріпті. Жолбарыс аяңдап келе жатса, ағаштың қасында жираф жайбарақат шөп жеп тұр екен. Жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен. Өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрапты.
- Ау, сорайған, сен кім боласың?
Оқыс дауыстан шошыған жираф аяқтары дірілдеп: - «Мен бе, ж-ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой», -деп әрең тіл қатыпты.
- «Атың екен, ж-ж-ж-жи-жи-жираф, ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп қайталап жолбарыс жөніне кетеді.
Жираф та аман-есен құтылғанына қуанып «ж-ж-ж-жуф» деп демалады.
-Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?
Балалар: ж-ж-ж-жи-жи-жираф», - деп айтады.
- Ал кәне, балалар, бүгін біз Ж дыбысымен танысамыз. (Үш рет дыбыстату.)
Ж дыбысын дұрыс дыбыстату үшін буындарды атай отырып, сөз ойлау.
Жа-жа-жақсы
Же-же-жеміс
Аз-аз-жаз
Жу-жу-жуас
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. ( Жапырақ )
— Жапырақ сөзі де қай дыбыстан басталады?
Электронды оқулықпен жұмыс.
— Ж дыбысын дыбыстату.
— Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз,ұяң дыбыс.
ІУ. ҚОЛДАНУ.
3. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
4. « Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ
5. « Тез, әрі сауатты оқиық! »
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға- сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.
жаса- бір нәрсені дайындап, істеп шығару.
жота- биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жалау- матадан қиып тігілген арнайы ту секілді белгі.
жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
— Балаларға хормен оқыту.
У. ТАЛДАУ.
6. Оқулықпен жұмыс
— Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
— Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
7. Жусан.Жолбарыс туралы жинап әкелген мәліметтерін ортаға салады.Бағалау.
8. Көркем жазу.
— Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
— Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
— Ж әрпін ауада,алақанда жазу.
— Ж әрпін дәптерге көркем жазу.
9. Сергіту сәті.
УІ. СИНТЕЗ.
12. « Ұйқасын тап! » ойыны.
— Іші толған шәрбат, -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат, Дәні сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін, Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім ) Оның аты- …( жаңғақ )
-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
13. Топтық тапсырмалар.(үлестірмелі дидактиклық карточкалар)
1-топ. «Адасқан әріптер»,2-топ «Сөйлем құрастыр»,3-топ «Сөз ойла,тез ойла»буындардан сөздер құрастыру,4-топ «Дыбыстық талдау жасау».
Болған топтар қолдарын көтеріп белгі беріп, өз жұмыстарын қорғады.Әр топқа қошемет көрсетіп,шапалақтап отырды.
VІІ. БАҒАЛАУ. Мадақтау. «Жетістіктер ағашы».
Рефлексия. Мен үйрендім.... Менің қолымнан келді....Қиын болды....Мені таңқалдырды...Қызықты болды...
VІІІ. Келесі тапсырма. Адамның бойындағы жақсы,жаман қасиеттері жайлы мәлімет жинап келу.
Категория: Начальная школа | Добавил: Arai1232 (2015-01-26) | Автор: Айдымбаева Арай Болатовна
Просмотров: 861 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru