Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Тақырыбы: Наурыз құтты болсын!
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі.
№ 32 ЖОББМ КММ Семей қаласы.
Бахтиярова Ж.А.
Тақырыбы: Наурыз құтты болсын!
Мақсаты: Тамыры терең,дәстірі жаңарған мейрамды
атап өту,күн мен түннің теңелуі,қазақтың
салт дәстүрі мен ұлттық тағамдары
жайында айтып мерекені атап өту.

1 жаршы.
Көктем жетті көл- көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 жаршы.
Наурыз қайтып оралды аты да аңз,
Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.
Үй-дастарқан,даламыз-сахнамыз,
Ұлы мейрам –Наурызға шақырамыз.
1 ж.
Алқа-қотан той думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді төгілдіріп ,
Інжу-маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
2 ж
Қыс өтіп, қар кетіп, 1 жар.наурыз тойға арналып
Шырайлы жаз жетіп, шашу шашылсын.
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден-
Құтты болсын,Наурыз!

Ұлыс күні кәрі –жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Амансыз ба,ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын,
Әр еүніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын.
Ұлыс оң болсын,
Бестік баға мол болсын.
1 жаршы.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңдер ,
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды,
Бір орында тұрмаңдар.
2-жаршы.
Жедел жүріп, алаңға жетіңдер,
Наурызға адал ниет етіңдер!
Қарсы алып жылдың басын,той тойлайық,
Өнімді еңбек етпек ой ойлайық!
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен- саяқ
Ән шырқап,би билейік қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
1 ж
Ана жақта неткен шу?Жұртты дүрліктірген мынау кімдер болды?
2 ж (таңдана)
Ала шапанды, шоқша сақалды біреу...Қасында келте камзолды,тықыр бөрікті жігіт ағасы мен жымың қаққан бір бозбала бар.
1 ж (қуанып).
О-о! «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей мынау бір тамаша болды--- -ау!Мынау келгендер Қожанасыр,Алдар көсе, Тазша бала ғой. Наурыз тойымыз көңілді өтетін болды.
2 жаршы
Жоғары шықсын қонақтар
Келіп тұрған алыстан.
Жақсылықтың жеңісі үшін
Жан аямай алысқан.
1 жаршы. Сіздердің әділ істерің
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан ,жырлардан
Жастар оқып тыңдайды.
Қожанасыр: Уа,бәрекелді,бәрекелді!Алыс есек шаршатып,етік тоздырып жеткенде орталарыңа дәл ұлыстың ұлы күні келгеніміз қандай дұрыс болған. Алдар Тазша мынау халайыққа сәлем берейік.(жиналғандарға қарап қос қолын көтеріп )
Қожанасыр Ернұр
Ассалаумағалейкум,халқым менің,
Ардақта Наурыз тойы-салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрін жегін!
Алдар көсе Азамат
Мен Алдармын ,Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп ,
Жаманды талай алдадым.(кеудесіне қолын басып иіледі.)
Тазша бала Әділжан
Туа салып атандым Тазша бала,
Мендей аңқау болмас-ау басқа бала .
«Наурыз тойы өтеді» дегенді естіп,
Көк есекпен желдірттім жас та бола.
(Бір тізерлеп отыра қалып бас иеді.)
2 жаршы
О, халайық , мерекемізге Наурыз келді.
Жайнатамын бар гүлді
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілтіп ән-күй жырды,
Мейрамдайық бұл күнді
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы мен болам!
Күн-түн келеді.
1 жаршы
О, халайық мерекеміз қыза түссін Араларыңда ән айтатын би билеитін бала бар ма ?
2 жаршы
Енді Наурыздың ойын сауық отауы есік ашады.
1 жаршы
Кәне ,енді «Арқан тартыс»ойынын бастайық.Бұл бәріңізге белгілі ұлттық ойын. Әр командада 5-5 тен бала болуы керек.
Алдар көсе. Қожеке,кәне ,жанкүйер болайық, сен қай
Команда жағындасың?
Қожанасыр Мен ...жеңген команда жағындамын!
1 жаршы
Ал енді «Орамал тастау ойынын ойнаймыз Ойынға қатысатын оқушылар шеңбер жасап отыра қаламыз Ойын бастаушы орамал тастайды.
Жеңілген бала айып төлеп ән айтады немесе би билеп, өлең оқиды.
Қожанасыр:
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Алдар көсе
Арпа, бидай ,тары бар,
Қатық малта –ағы бар
Ішілетін жейтіннің
Бұл өңірде бәрі бар.
Тазша бала
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Тазша , Атасіз білмейсіз ғой.Көптен жемеп едім ,алмада А витамині,балда Б витамині ,жүзіиде Ж витамині көп қой.
Қожанасыр: шапалақта Ш витамині көп болады балам.
Ыстық нан көрініс.

Атамыз бата береді.
Ата аналардың тілегі.
Категория: Начальная школа | Добавил: Кайракбаева (2015-01-29) | Автор: Бахтиярова Жанар Айбатыровна E
Просмотров: 853 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 7:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru