Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»(тәрбие сағаты)
1-қазан – Қарттар күніне арналған
«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»
атты мерекелік кештің сценарийі
Би: «Тұлпарым» орындайтындар 4 сынып оқушылары
Әуен ойналып тұрады.
1 жүргізуші: Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп.
Айтамын ауыз толтырып,
«Ассалаумағалейкум!»- деп.
2 жүргізуші: Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін,
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман – саумысың ?
1 жүргізуші:
- Армысыздар, ардақты аталар мен әжелер, қымбатты ұстаздар!
- Халқымыз «Қария – даналы қазынамыз», деп айтады; ал Ана- үйдің алтын қазығы, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің; Қария болса – ағып жатқан дариямен тең.
- Дана халқымыз «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» дейді. Осылайша, қазақ халқы көнеден бері, қарияларын асыл қазынаға теңеп, қадір тұтқан. Бұл дәстүр ұмытылмай, бүгін де әр қазақ шаңырағы қартын құрметтеп отыр.
- Құрметті, тақиялы аталар мен ақ жаулықты апалар! 1-қазан Қарттар күніне ұйымдастырылған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі- нәр.
1 жүргізуші: Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
2 –жүргізуші:
- Құрметті әкелер, әжелер,қасиетті қариялар сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән-шашу таралғы еткелі отырмыз, қабыл алыңыздар
Ән: «Анаға хат» орындайтын мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Динара Тұрсынқызы.
1 жүргізуші:
- Қарттар – біздің асыл қазынамыз.Олай болса, осында отырған аталарымыз
бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!
Кешіміздің алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Елеусызов Серік Жапарұлына беріледі.(Артынан оқушылар қарттарға гүл шоқтарын ұсыну.)
2 жүргізуші: Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай.
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
1 жүргізуші: Қастерлейік әке даңқын, ана салтын,
Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.
Қабыл ал, ұрпағыңның аманатын,
Жыр боп келді, саған деген махаббатым!
Аналардың құрметіне ән: «Анашым» орындайтын 3 «ә»сынып оқушысы Ержан Аружан
2 жүргізуші: Уақытты босқа өткізбе, қылып шығын,
Жақсылық құр кетпейді, осыны ұғын.
Ұлағатты үлкендер тұрған жерде,
Инабатты кішілер болары шын!
1 жүргізуші: Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ – даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақтың.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
2 жүргізуші: Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен,
Баяғы бәз жүздерің өзгермеген
1 жүргізуші: Ардақты аталар мен әжелер! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп, ән жырға қосамыз.Енді өздеріңіз туралы кішкентай немерелеріңіздің жүрегінен шыққан өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Әдеби- монтаж ( 1 сынып оқушылары)
1 оқушы: Балауса бал жырымды
Әжетай Сізге арнадым.
Қасында сенің жүргенімде,
Басқаға алаң болмадым.
2 оқушы: Ата мені мұғалім ,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым ,
Көтере ме төбеге.
3 оқушы: Әже маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім ?
Мен білмейтін ертекті,
Дұрыс дей ме шырағым.
4 оқушы: Сыйлап сәлем беремін,
Көрші атамды көргенде.
Ізетті боп білемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Әжеме айтып өкпесін.
5 оқушы: Аймалайды күнім деп,
Мейрімді жүзі күлімдеп,
Тәтті – ақ дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
6 оқушы: Ата – үлкен кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
7 оқушы: Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың» дегені.
Мен атамнан әр кезде,
Соны естігім келеді.
8 оқушы: Сабағымнан қалмаймын,
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым,
Қуантамын әжемді.
9 оқушы: Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ата – әжені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
10 оқушы: Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Мен-бақытты ұланмын,
Бәрі маған қуансын !
1 жүргізуші: Ақылшымыз таудың ірі тасындай,
Қиындықты жеңе білер жасымай.
Арамызда ақыл айтып жарқылдап.
Жүріңізші алмас семсер асылдай.-дей келе
3 «ә» сынып оқушысы Амангельдиева Жанельдің орындауында «Достарым» әнін қабыл алыңыздар
2 жүргізуші:
- Иә, қарты бар жұрттың қазынасы бар. Саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттарымыздың өмірімен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болса, біздің міндетіміз «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый» екенін ешқашан естен шығармай, «Қарттарым аман сау жүрші» деп қарттарға құрмет көрсету.
Ән: «Әгугәй» орындайтын Ақерке Үннісқызы
1 жүргізуші: Шырқа әнге, шарықта,
Би дегенде жалықпа.
Өнеріңді аямай,
Мың бұралып қалықта.
- Құрметті ата – әжелер, кешегі күнсіз келешек жоқ дегендей, бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата- бабаларымыздың ән, күй , билерімен сусындату біздің міндетіміз.
Олай болса, 4 сыныпта оқитын биші қыздарымыздың орындауындағы «Өзбек » биін тамашалаңыздар!
2 жүргізуші: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толы мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан-дей келе
Ән: «Домбыра» орындайтын 3 «ә» сынып оқушысы Мағауиянова Аружан
1 жүргізуші: Арқасына нардың жүгін артқандай,
Батырлығы – арғы атаға тартқандай.
Мойымаған қиындыққа төзімді,
Бұрынғының қыран қабақ қарттары-ай.
2 жүргізуші: Сағынып талай жыр туар,
Мадақтар әлі сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап ,
Қарттарым аман сау жүрші!-дей отырып,сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз. Келгендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз!

1,2 жүргізуші бірге: Сау- саламатта болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Сейтахметовна (2015-01-29) E
Просмотров: 8535 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 10:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru