Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
"№32 ЖОББМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі Шальдюпова К.К.
Күні: 29.10.2014 ж.
Пәні: Дүниетану
Сынып: 4 «А»
Мұғалімі: Шальдюпова К.К.
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзен және көлді таныстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Табиғи судың таралуы жайлы таныстыру. Өзен, көлдер туралы оқушылардың білімдерін дамыту, судың пайдасы мен оны қорғау жолдарын түсіндіру, алған білімдерін жүйелі түрде жеткізе білуге үйрете отырып, дүниетанымын дамыту; Табиғатты қорғауға және оны аялай білуге, Отанға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, картамен жұмыс, тест жұмысы, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, суреттер, карта, вен диаграммасы, тест.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық «Жер анаға» тілек
Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)
Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)
Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі гүл тұрсын! (екі қолын төбесіне көтереді)
Нұр сыйлаған күн ыстық (қолдарын жаяды)
Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық! (сол жаққа қарайды)
А) Топқа бөлу.

Ә) Бағалау (топ басшысы жауап беріп, айтып отырған балаға беріп отырады)

І – топ Су. ІІ – топ Бу. ІІІ – топ Мұз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау арқылы білімдерін пысықтау.
«Бәйге» жарыс. Үш топқа сұрақтар.
- Судың қандай қасиеттерін білесің? (сұйық, қатты, газ тәріздес бу күйінде)

- Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? (сурет арқылы әңгімелеу)


- Жердің неше бөлігін су алып жатыр? (жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр)
- Жердің неше бөлігін құрлық алып жатыр? (жер бетінің үштен бір бөлігін құрлық алып жатыр)
- Судың қандай кереметі бар? (жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі)

- Жер асты суы дегеніміз не, қалай пайда болады? (сурет бойынша әңгімелеу)



- Құдық не үшін қазылады? (маңында өзен, көлі жоқ елді мекендер құдық суын пайдаланады және мал суғару үшін де қажет. Құдық суы таза, мөлдір, салқын болады)
- Минералды сулар қалай пайда болады? (жерге сіңген су тау жыныстарындағы түрлі минерал заттарын ерітіп, судың қасиеті өзгереді де дәмі мен иісі пайда болып, температурасы өзгеретін суды минералды сулар деп атайды)
- Шипалы су дегенді қалай түсінесің ? (ішуге жарамды судың 1л 2-20г еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы және түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Сондықтан ондай сулар шипалы сулар деп те аталады. )
- Оларды ел арасында не деп атайды? (арасан деп аталады. )
- Қандай атаулар шыққан? (Алмаарасан, Қапаларасан, Барлықарасан, Арасанталды, Жаркентарасан)
ІІ. Жаңа сабақты сөз жұмбақ арқылы ашу
Балалар, мына «Сөзжұмбақты» дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. және ҚР егемендік алғалы бүкіл әлемге танылғандытан, Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9- шы орында, онда өзен-көлдердің, орман-таулардың көп, осынау ұлан-байтақ қазақ жерін, табиғаты өзен-көлдерін ластанудан сақтау келер ұрпақтың, яғни өздеріннің қолдарыңда. Сондықтан бүгінгі сабағымызды осындай бай да әсем, тәуелсіз елдің табиғатын қорғауға арнай отырып, өлең шумағын бір оқушы оқып берсе:

Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаңның
Өлмейтін мәңгі ұраны.
1. Оқулықпен жұмыс.
Өзен және көл тақырыбын тізбектей оқып танысамыз.
Жұмбақтар шешу (сұрақтарға жауап беріп, аталған көлдерді картадан көрсетеді)


Мойны сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы ? (Аққу)
Сурет артындағы сұрақ: Каспий теңізі, Арал теңізі
Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

Каспий теңізі әлемдегі ең ірі су көзі Оның үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ол тұйық су. Оны Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Түркіменістан қоршап жатыр. Оған 130 жуық өзен құйылады.
Келесі көлдің бірі -Арал. Үлкендігімен 2 орында . Қазіргі кезде Арал теңізі 40 пайыз тартылып бара жатыр. Оның жағасы 200 км дейін шегініп қалған.

Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)
Сурет артындағы сұрақ: Байкал көлі, Балқаш көлі
Қазақстанның қай тұсында орналасқан?


Байкал - Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі әлемдегі ең терең көл және ең ірі тұщы судың табиғи сутоғаны болып табылады. Жергілікті тұрғындар тарихи көлді «теңіз» деп атайды. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады.
Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында.



Суға батпайды,
Қолға ұстатпайды. (Балық)
Сурет артындағы сұрақ: Жайық, Ертіс, Есіл,

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?






Тәулік бойы бақалап,
Мезгілімен жатпайды. (Бақа)
Сурет артындағы сұрақ: Тобыл, Сырдария, Іле

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?





Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады.
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді. (Шағала)
Сурет артындағы сұрақ: Нұра, Сарысу, Торғай

Қазақстанның қай тұсында орналасқан?

2. Топтастыру. Оқушылар атауларды жинақтап, қалай аталатынын шеңберге жазады

Осы тұста оқушылардың зерігіп кетпесі үшін сергіту сәті өткізіледі.
3. Дәптермен жұмыс: Күн ретін, тақырыбын жазу (көшіріп алу)

4. Тест жұмыстары.
1.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А) үштен бірін Б) екіден бірін
Ә) үштен екісін В) төрттен бірін
2. Ең терең көлді білесің бе?
А) Алакөл Б) Балқаш
Ә) Байкал В) Зайсан

3. Өзен сулары қандай болады?
А) тұзды Б) шипалы су
Ә) тұщы В) минералды су
4. Аралдан кейінгі ірі көл.
А) Алакөл Б) Балқаш
Ә) Зайсан В) Ыстықкөл
Жауаптары тақтаға ілініп, оқушылар өздері тексереді.
ІV. Бекіту
- Тағы өзендер мен көлдердің адам өміріндегі маңызы қандай?
Қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары өзен маңына таяу салынатынын, үлкен өзенде аса маңызды қатынас жолы, өзен суымен егістіктер суарылады, су күшінен электр қуаты өндіріледі.
- «Судың да сұрауы бар» деген мақал бар, ендеше суға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
"Суға түкірме", "Суға дәрет сындырма", "Суға қоқыс төкпе" секілді тыйым сөздер бар.

V. Қорытындылау
- Суды қадірлеп, бағасын түсініп, орнымен қолданып әрі аялай білуіміз керек. Ендеше, суға қатысты айтылған әрбір тыйым сөздің астарында өзіндік мән бар екендігін естен шығармайық!
VI. Үйге тапсырма: 61-62 бет оқу, мазмұнын айту, ШҚО-дағы өзендер мен көлдерді жазып келу.
VII. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың еңбектерін топ басшысы бағалау
Категория: Начальная школа | Добавил: Кайракбаева (2015-01-30) | Автор: Шальдюпова Кенжетай E
Просмотров: 1771 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:31 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru