Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

"Мамырбаева Жаухар Сериковнаның шығармашылық жұмыстары"
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мамырбаева Жаухар Сериковнаның шығармашылық жұмыстары

Көк туым желбіре,желбіре
Әні мен сөзі :Мамырбаева Жауһар Серікқызы
1. Талай отты жылдарды кешкен,
Ер намысын қолдан бермеген.
Орындалды қазақ арманы-
Тәуелсіз ел, туы тербелген.
Қ-сы:
Көк туым желбіре,желбіре,
Самал желмен еркін тербеле.
Тәуелсіз елімде,кең байтақ жерімде,
Көк туым желбіре,желбіре.
2.Еңбегімен даңқын асырған,
Елімнің ырысы тасыған.
Алаштың ержүрек ұрпағы
Көк туды әлемге танытқан
Қ-сы:
3.Барша ұлтқа құшағын ашқан,
Бірлік, ынтымағы жарасқан,
Көк туын әнменен шырқаған,
Бұл менің елім-Қазақстан
Қ-сы:

Әліппе
1.Қыркүйектің бірінде,
Қадам бастым мектепке,
Күлімдеген мұғалім
Қолға ұстатты Әліппе.

Қ-сы:
Білгім келіп кітапты
Ақтардым мен қанша рет,
Оқу,жазу үйреткен
Әліппеге көп рақмет!
2.Өлеңді де жаттадым,
Ертегілер оқыдым.
Мақал-мәтел ,жұмбақты,
Көңіліме тоқыдым.

Қ-сы:
3.Енді оқи аламын,
Жазуды да жазамын.
Әліппені ешқашан
Ұмытпайтын боламын.
Қ-сы:

Балдырған
1.Бала,бала,балдырған,
Әсем гүлдей жайнаған.
Сылдыр қаққан бұлақтан,
Күлкілері аумаған.
Қ:сы
Ұлмыз,қызбыз-бәріміз,
Өмірдің біз сәніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Сыйлайтұғын нәріміз.
2.Құлыншықтай шапқылап,
Асыр салып ойнаймыз.
Білім алып кітаптан,
Болашақты ойлаймыз.
Қ:сы
Үлкендерді сыйлайтын,
Жақсы бала боламыз!
Кішілерді қорғайтын,
Қамқор бала боламыз!

Наурыз
Наурыз келіп жер беті,
Құлпырады,жайнайды.
Тай-құлындар тебісіп,
Қозы-лақтар ойнайды.
Әсем әуен төгіліп
Ауыл сәнге енеді.
Жұрт қуанып,көрісіп,
Наурыз көже береді.
Ал,халайық,халайық,
Ақ дастархан жасайық!
Салт-дәстүрді жаңғыртып,
Наурыз тойын тойлайық.


Ақ жаулықты әжелер,
Киіз басып,жүн түтер.
Қыздар билер майысып,
Көкпар тартар жігіттер.
Ақ сақалды аталар,
Асыл сөзді даналар.
Бата берер жастарға,
Ал тыңдаңдар,балалар.
Бата: Наурыз құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Қора малға толсын!
Шара майға толсын!
Ескі жыл есіркеп,
Жаңа жыл жарылқасын!
Аумин!

Жаңа жыл

Жасыл шырша ортада,
Шамдар жалт-жұлт ойнаған.
Балалар жүр айналып,
Жүздері бал-бұл жайнаған.
Қ:сы
Алақанды соқ-соқ-соқ,
Аяқты бас топ-топ-топ.
Құттықтайық достарды,
Жаңа жылмен көп-көп-көп.
Сыйлықтарын арқалап,
Аяз Ата келеді.
Үлкен де,жасы да,
Оны жақсы көреді!
Қ:сы
Кел билейік,ән шырқап
Өлең оқып,тақпақ айт.
Аяз Ата алдынан,
Сыйлығыңды алып қайт!

Ертегі: Балапан мен күшік

Жайна атты кішкентай қыздың ауласында тауық бірнеше балапан шығарды.Ол күнде таңертең және кешке тауықтарға жем шашады.Тауықтар жем жеп,балапандар анасының қасында жүгіріп жүреді.
Бір күні таңертеңгі асты жеген соң тауық балапандарымен көгалға жайылып кетеді.Балапандардың біреуі анасынан,бауырларынан адасып қалады.Олардың қайда,қашан кеткенін білмейді.Ол әрі жүгіріп,бері жүгіріп,шықылықтап іздей бастайды.Алайда оларды таба алмады.Не істерін білмей жылады.Осыны байқаған көршісінің мысығы ептеп балапанға жақындады.Ол балапанға тап берді.Балапан тұра қашты.Ол қатты қорқып кетті.Жанын қоярға жер таппаған балапан жақын маңдағы күркеге кіріп кетті.Артынан мысық та ілесті.Осы кезде күркеде күшік ұйықтап жатқан еді.Айқай-шудан оянған ол күркесінен атып шықты.Жетіп қалған мысықты бас салды.Күшіктен қорыққан мысық мияулап қашып кетті.Күшік күркесіне келгенде,жылап отырған балапанды көрді.Балапан болған жайды айтып берді.Жаны ашыған күшік оған көмектесетінін айтты.Екеуі аулаға шықты.Балапан қарнының ашқанын күшікке айтты.Күшік өзінің мүжіп жүрген сүйегін әкеліп берді.Балапан сүйекті жемейтінін айтты.Ол анасының жерді қазып,құрттарды алып берген кездерін еске түсірді.Күшік балапанмен бірге көгалға барды.Ол жерді тырнағымен қазды,ал балапан болса,көрінген құрттарды тұмсығымен тартқылап жеді.Сөйтіп қарны тойды.Тойған балапан күшік екеуі іздеуді жалғастырды.Көгалда келе жатырып олар қойдан,сиырдан,жылқыдан тауықты сұрады.Бірақ олар көрмеген болып шықты.

Бір кезде аспанда қалықтаған құс көрінді.Бұлар құсты байқамады.Бұл қырғи еді.Ол балапанға қарай шүйілді.Балапан жан ұшырып қаша жөнелді.Шөптің арасына тығылды.Күшік не болғанын түсінбей қалды.Ол қашқан балапанның соңынан жүгірді.Қырғи тағы да шүйілді.Осы кезде күшік балапанды денесімен жауып қалды.Қырғи өте шықты.Ол балапанды таппай қалды.Ары ұшып,бері ұшып,таппаған соң жөніне кетті.Балапан күшікке рахмет айтты.Сөйтіп олар іздеуді ары қарай жалғастырды.Балапан алда,ал күшік артта келе жатты.
Бір кезде ысылдаған дыбыс естілді.Ол жылан еді.Ол тұра балапанға қарсы жүрді.Балапанның қашатын әлі де қалмады.Ол жыланның арбауында болды.Балапанға қарай тілін сумаңдатып келіп қалған жыланды күшік тырнағымен осқылап тастады.Балапан есін жия алмай талып қалды.
Бейшара балапанды күшік ақырын мойнынан тістеп алып,күркесіне алып барды.Табағындағы суды ұрттап,балапанға шашты.Ол есін жиды.Балапан күшікке риза екенін айтты.
Осы кезде күн де бата бастаған еді.Кешкі астың мезгілі жетті.Жайна аулаға шығып тауықтарға жем шашты.Ол тип-тип деп шақырды.Жан-жақтан тауықтар мен балапандар жүгіріп келіп жатты.Балапан да жүгірді.Жемге анасы да балапандарымен келе жатқан еді.Бір-бірін көрген кезде қуаныштарында шек болмады.Балапан өзінің бастан өткен оқиғасын айтып берді.Ол күшіктің көмегі туралы айтты.Тауық күшікке рахмет айтты.Енді балапан мен күшік айрылмас дос болды.Ал балапан болса,тауықтан бір елі қалмайтын болды.

Источник: http://Мамырбаева Жаухар Сериковнаның шығармашылық жұмыстары
Категория: Начальная школа | Добавил: zhaukharmamyrbaeva (2015-02-04)
Просмотров: 718 | Теги: Мамырбаева Жаухар Сериковнаның шыға | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru