Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ақша қар
Ақтөбе болысы Шалқар ауданы
Сарықамыс негізгі мектебі
Есболаева Алмагул Олжайқызы

Тақырыбы: Ақша қар
Мақсаты: Оқушыларды З.Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашуға, өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіруге төселдіру. Міндеті:Өлеңді мәнерлеп, түсініп дұрыс оқуға және нақышына сай ырғақпен оқуға машықтандыру. Дамытушылық:Сөздік қорын байыту, тілін, білімін, сөйлеу мәдениетін және ой-өрісін дамыта түсу.Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге баулу арқылы табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ақын портреті, қар суреттері, слайдтар, оқушы шығармашылығы(суреттер), оқулық,карта
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау(сұрақ-жауап), деңгейлік оқыту,СТО
Пәнаралық байланыс: (музыка, қазақ тілі )
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту.Психологиялық дайындық.

- Бүгінгі ана тілі сабағына әзірлігіміз қалай?(оқу құралдарын ретке келтіру, кезекші мәліметін тыңдау, дұрыс отыру ережесін еске түсіру)
- Балалар, біз өздеріңмен қай тарауды бастап, оқып жүрміз?
- Қыста талай қызық бар.
- Қыс қандай мезгіл?(балалар салған суреттерді қарастыру)
- Мына суреттерде құстар көрінбейді ғой, олар қайда кеткен?
- Қыстап қалатын қай құстар?(қарға, сауысқан, көгершін, торғай)
- Балалар, сондай-ақ, қыста тіпті балапан да қыстап қалатын көрінеді, ол туралы кімнің әңгімесінен білдік?
- Мағжан Жұмабаев.
- Ол кім? Қайда туған?
- «Балапан қанат қақты» әңгімесін кім айтып береді?(1 балаға мазмұнын айтқызу)
- Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?(жауптар тыңдалады)
- Балалар, бұл әңгіме аяқталмай қалған. Сендер өз беттеріңше аяқтап көрдіңдер ме?
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, әңгіме қайғылы аяқталуы мүмкін бе? Осылай аяқталғанын қалар ма едіңдер?
- Олай болса, қыстап қалған құстарға өз көмектеріңді аямаңдар. Қамқор болыңдар, әйтпесе олардың да балапанның күйін кешуі мүмкін.
ІІ. Жаңа сабақ кезеңі.Мағынаны тану.
1. Жаңа сабаққа кіріспе.
2. Слайдтан қыс бейнесін көрсету.

- Балалар, ал енді біз сендермен жаңылтпаш айтып көрсек қайтеді, оқулықтың 93 бетіндегі жаңылтпашты оқып айтайық.
1. Бұл қар –
Сұр қар.
Сұр қар –
Кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
2. Қырбық құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
- Балалар, осы екі жаңылтпашқа ортақ белгі не?
- Қар.
- Дұрыс, қардың қандай түрі болатынын білдіңдер ме? Олай болса, қазір әр қатардың оқушылары топтасып жұмыс жасайды. Мына кестені кім тез, әрі дұрыс толытырады екен? Көп нүктенің орнына қардың түрлерін ғана жазу керек.
-

ІІІ.Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
Мұғалім сөзі: Балалар, тағы қандай қар болатынын білгілерің келе ме? - Қар алуан түрлі болады. Қар түрліше жауады. Шалқайып аспанға қарасаң, үзіліп мақта ұлпалары түсіп жатқандай болады. Олар- жапалақ қар. Бұл әуеден түсіп келе жатып, бір-біріне жабысатын қар ұшқындары. Сондай-ақ, бұлардан да қаттылау қар бар,ол қиыршық қар. Маңдайыңа тисе тызылдатып, ауыртады. Ал, жерге қырбақтап жаңа ғана түскен таза қарды көбік қар немесе ақша қар, ел арасында қансонар дейді. Қансонарда аңшылар аңға шығады, ит жүгіртіп, құс салады.
- Онда белгілі ақын Зейнолла Шүкіровтың өлеңімен танысамыз. Ол өлеңнің аты мына жұмбақта жасырылған, шешуі қалай, кәні, кім табады?
- Ақша қар.
- Дұрыс, балалар, ақшақар.
4. Ақынның шығармашылығы, өмір жолы қысқаша шолу жасау, портретін көрсету.
Зейнолла Анафияұлы Шүкіров

1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Бастауыш білім алған соң қатты ауырады. Айлар, тіпті жылдар бойы төсектен тұрмай өз өмірін ауруханада өткізуге мәжбүр болады. Бірақ ауруға мойынсынбайды. Өмір жолы(1927–1979)
«Менің достарым», «Теңіз әндері» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) өлеңдер жинағын жазып, басып шығарған.
Зейнолла ақын өлеңдермен қатар әңгімелер де жазған екен. Ол әңгімелерінің арасында балаларға арналғандары да кездеседі.
5. Оқулықпен жұмыс.
А) Мұғалімнің оқуы.
Ә) Оқушылардың топтасып оқуы.
Б) Оқушылардың жеке-жеке оқуы.
6. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, ақын ақша қарды неге теңеген ?
- Дұрыс, олай болса осы, теңеу сөздерді дәптерімізге жазып алайық.
Ақ мамық,ақ қанатты көбелек,ақ тауықтың жүніндей,
ақ көрпе,ақ жібектей,ақ желек.

А) Күн ретін жазғызу, көркем сөздерді теріп жазғызу.
Ә) Дауыстап оқыту.
7. Сергіту сәті.
ІҮ.Шығармашылық тапсырма. Ой қозғау.
1. Қыс сөзіне сөйлем құрау.
2. Қыс туралы қандай өлең білесің?
3. Қыста қандай мерекелер болады?.
4. Математикалық есеп.
5. Дүкенге 20 шана және одан 5-еуі артық шаңғы түсті.
Дүкенге барлығы неше шана мен шаңғы түсті?
6. Сурет бойынша әңгіме құра.

Ойын: «Адасқан сөздер»
.

ІІІ. Қортынды.
1. Сұрақ –жауап:
- Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
- Кімнің өлеңімен таныстық? Ақын туралы не білдіңдер?
- Қардың пайдасы бар ма?
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап алу.
Оқулықтың 94-бетіндегі сурет бойынша мәтіннен үйренген сөздерді қолданып әңгіме құрастырып келу. Қалауы бойынша сурет салу.

Источник: http://сертификат
Категория: Начальная школа | Добавил: alma79117 (2015-02-10) | Автор: Есболаева Алмагул Олжаевна E W
Просмотров: 840 | Комментарии: 2 | Теги: қазақ тілі 2-сынып | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru