Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ
ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі
Жомартова Назым Нурхасымовна
Бастауыш сынып мұғалімі

«Дүниетану» пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.
Бүгінгі білім беру жүйесінде критериалды бағалау зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Критериалды бағалау дүниетану пәнінен оқу бағдарламаларын меңгертудегі болжамды нәтижелерге сәйкес критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалімге бағаны объективті қоюға және ең бастысы,оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру үшін оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді.
Бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының бағалануы және сәйкестендіруі туралы белгі (сипаты). Критерийлер оқушыға оқу тапсырмасының орындалуы туралы нақты мағлұмат беруі қажет (әрбір жұмысқа беріледі), ал бағалау балл қою кестесі бойынша жүреді, бұл оқушының қойылған мақсатқа қаншалықты жақын екенін көрсетеді.
Білім алушылар американдық педагог Б.Блумның мақсаттар таксаномиясымен таныс болуы керек. Оларға тек пирамиданың өзі ғана емес, сонымен бірге критерийлердің пирамидаға сәйкестілігі де түсіндіріледі. Оқушыларға критерийлерді өздеріне құрастыруға және солар бойынша өз еңбегін бағалауға үйрену қажет, сол үшін мұғалім барлық критерийлердің сақталуына қол жеткізе отырып, әр сабақта сол әдіске үйрету керек.
А.Білу, түсіну
Оқушы арнайы терминдерді, фактілерді, ақпараттық материалдарды меңгеріп түсінеді, орындалу ретін біледі.
В.Қолдану, талдау
Оқушы ұғым мен қағидаларды жаңа жағдайда қолданады, олардың салдарын ажыратады.
С.Жинақтау, бағалау
Оқушы тапсырмаларды шығармашылықпен орындаудағы өзіндік стильді көрсете біледі.Оқу материалының логикасын жазбаша түрде бағалайды.

1-сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана қалыптастырушы (формативті) бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.Жылдық баға қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. 1-4 тоқсандардың тоқсандық қорытынды бағалары формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады. Оқу жылының соңында ішкі жиынтық бағалау жүргізіледі.Жылдық баға қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың пайыздық арақатынасының есебімен қойылады.
3-4 сыныптарда қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тоқсандық баға түрінде және төрт тоқсандағы жылдық баға түрінде.
Кесте-1
І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІV тоқсан Жылдық
1-сынып ҚБ ҚБ ҚБ ҚБ ҚБ нәтижесі бойынша
2-сынып ҚБ ҚБ ҚБ ҚБ
ІЖБ ҚБ
ІЖБ нәтижесі бойынша
3-4 сынып ҚБ
ІЖБ ҚБ
ІЖБ ҚБ
ІЖБ ҚБ
ІЖБ ҚБ
ІЖБ нәтижесі бойынша

Бағалау жүйесінің өзгеруіне байланысты мұғалімдерде критериалды бағалауды практикада «қалай қолдану керек?» , «не үшін қолдану керек?» деген сұрақтар туындатты. Сол себепті мұғалім ең алдымен критерий, дескриптор, рубрика және тексеру парағы деген не екенін түсіну қажет.
Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларда оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі (әрбір нақты жұмыс үшін).
Дескрипторларда -оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы (әрбір сұрақ үшін балл нақты) көрсетіледі.
Тапсырмаларға берілген дескрипторлар –оқушының ағымдағы білімді қалай меңгергенін анықтау үшін, оқушы мен мұғалім арасындағы қолма–қол байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.
Рубрика – бұл қалыптастырушы жұмыс кезінде қолданылатын бағалау құралы. Олар алдын ала жоспарлаған тапсырмалар мен критерийлердің арасындағы «көпір» болып табылады.
Тексеру парағы –тапсырманы нәтижелі орындау барысында өз жұмысын бақылай алатын бағалау құралы. Кез келген тапсырманы орындауда тексеру парағын пайдалануға болады.
Рубрикалар мен тексеру парағы оқушылар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындаудағы талаптарды білуде, өз жұмыстарын бірнеше рет тексере алуға қолжетімді болып табылады және орындалған жұмысты мұғалім тексергенге дейін өз беттерінше бағалауға мүмкіндігі болады.
Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді.
Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады.
Дескрипторлар( түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді.
4-сыныпта "Жер-ғарыш денесі" тарауындағы "Жер-шар тәрізді дене" деген тақырыпты өткен кезде оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынылады.
Кесте-2 "Жер-шар тәрізді дене"

Тапсырмалар сипаты Критерий Дескриптор Жалпы ұпай
6 ұпай 4 ұпай 2 ұпай
1.Глобус деген не?
2.Неліктен ертедегі адамдар Жер тегіс деп түсінген? К1 Берілген негізгі терминдер мен түсініктерге аңықтама береді,мысалдар келтіре алады
Толық анықтама бере алады, мысалдар келтірді Анықтама бере алады, бірақ келтірілген мысалдар толық емес Аңықтама беруі шамалы,оқулықта берілген кейбір деректерді ғана жазды
Айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыр
(жер, глобус) К2 Жер мен глобустың айырмашылығы мен ұқсастығын толық салыстыра алады Толық салыстырды 3-4 мысал ғана келтірді 1-2 мысал ғана келтірді
Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:
1.Глобус-Жердің дәл үлгісі. Сен қалай ойлайсың, Жер тегіс пе, дөңгелек пе?
2.Жердің дөңестігіне байланысты теңіз жағасында тұрсаң не байқар едің? К3 Сұрақтарға түсіндіре отырып жауап жаза алады, өз ойын толық жеткізеді Тапсырма толығымен дұрыс орындалды
Тапсырманы жартылай орындады. Тапсырма жартылай орындалды, өз ойын толық түсіндіре алмады

Кесте-3
Тексеру парағы

№ Оқушының аты-жөні Ұпайлар Жинаған ұпайы Баға
К1 К2 К3
1
2
3

Кесте-4
Бағалау парағы

Критерийлер бойынша ұпайлар Жинаған ұпайы Баға
К1 К2 К3 18-16 "5"
6 6 6 15-13 "4"
12-10 "3"
1-9 "2"

Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалім мен оқушыға кері байланысты ұстануға жол береді, өйткені оқушы оның әрі қарай нені жетілдіру керектігін жақсырақ түсінеді. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып, хабардар болады.
Білім беру жүйесі мақсаттарының бірі – оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып табылады.Сондықтан білім берудің сапасын арттыру мақсатында бағалаудың дәстүрлі тәсілдерінен басқа критериалды бағалауды енгізу және дамыту қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі) деңгей www.cpm.kz
2. «Педагогикалық диалог» ақпараттық - әдістемелік журнал №2 (8) 2014 ж.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гематоген (2015-02-10) | Автор: Жомартова Назым Нурхасымовна E
Просмотров: 2967 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 4:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru