Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Бір- бірімен кездесетін қозғалысқа берілген есептер Сабақтың мақсаты: Қашықтау жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру.Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, математикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа , тиянақтылыққа тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап. Көрнекілігі: кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау. ІІІ. Жаңа сабақ. Өткен сабаққа ұқсас түсіндіріледі. Оқулықпен жұмыс: № 1. Суретте не бейнеленген? Велосипедші және мотоциклші қандай әрекет орындауда? № 2. А) 630 км жолды жылдамдықтары 70 км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді? Межелі жерге қайсысы қаншы уақыт бұрын жетеді? 630 км : 70 км/сағ 630 км : 90 км/сағ Ә) Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/с Ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/с. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болады? 10 минуттан кейін ше? 1 сағаттан кейін ше? Б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып , бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км , ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап? 30 км/сағ , 35 км/сағ. № 3. Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз , одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы неше аспап алынды? № 4. Бөлуді орында және оны тексер. № 5. Амалдарды орында. 24 км 506 м × 3 73 м 50 мм + 9 м 25 мм 42 м 14 см : 43 78 т 123 кг × 5 96 т 509 кг – 48 т 765 кг 26 ц 19 кг : 27 2 м 375 мм × 8 300 км 450 м – 195 км 728 м 91 м 20 см : 32 № 8. Үшбұрыштың екі қабырғасы бірдей және әрқайсысы 8 см, ал үшінші қабырғасы 2 см. Осы үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазып көрсет. Үшбұрыштың периметрі 18 см- ге тең. № 9. Амалдарды орында: 14085 : 15 + 2205 : 45 8041 × 51 – 5022 × 54 50004 : 18 + 1000 : 25 4005 × 81 + 7001 × 52 ІҮ. Сабақты қорытындылау. Ү. Үйге тапсырма: № 6. Теңдеулерді шеш. ҮІ. Бағалау | |
Просмотров: 1626 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|