Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Қазақ халық педагогикасы арқылы оқушыларды моральдық этикаға тәрбиелеу
Қазақ халық педагогикасы арқылы бастауыш сынып оқушыларын моральдық
этикаға тәрбиелеу
Қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі жас ұрпақтан жан-жақты дамыған, рухани бай, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады. Олардың бойына жомарттық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, отансүйгiштік,шыншылдық,ұяттылық және ар мен намыс сияқты игі қасиеттерді қалыптастыру біздің міндетіміз болмақ. Бабаларымыздың ғасырлар бойы қаһармандықпен қорғап, ұрпағына мұра еткен байтақ жері, ана тілі, тұрмыстық ғұрпы,салт- дәстүрі, өнер-білім үлгісі мол.
Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп айтпақшы, жеке тұлғаның рухани дамуы тәрбиеге тікелей байланысты. Осының ішінде оқушыларды моральдық этикаға тәрбиелеудің маңызы зор. Тәрбие міндеттерін жүзеген асыра отырып, оқушылардың бойында жеке адамның сапалары болатын сенімді және қоғамдық бағыттағы дәлелді ортаны тәрбиелеу ғана емес, сонымен бірге оларды тиісінше моральдық этикаға тәрбиелеу маңызды. Моральдық этикалық тәрбиесі оқу- тәрбие үрдісінің барлық саласында, білім беру саласында, еңбек ету барысында, қоршаған ортада жүзеге асырылады. Қазақ халқының моральдық этикалық тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.Осылардың бәрі халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп толықтырылып отырған. Моральдық этикаға тәрбиелеудің тиiмдi тәсiлдерiне қазақ халық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.Тәлім - тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениет те болмайды. Адамгершілік моральмен айқындалады.
Халық педагогикасы арқылы моральдық этикаға тәрбиелеудің негізгі мәселелеріне баса назар аударған ғалымдар аз емес. Мәселен, Т.Д.Балк өзінің еңбегін мектептегі этикалық әңгімеге арнады.Онда моральға тәрбиелеудің жолдары ретінде этикалық әңгімелерді өткізудің әдістемесін сөз етеді.Аса көрнекті педагог,ғалым-жазушы Мәлік Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде оқушыларды отансүйгіштікке, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімділігін арттыру жөнінде айтады. Моральдық этика тәрбиесінің адамгершілік мәселелерін талдап жасауда В.И.Сухомлинский көрнекті орын алады.Ол саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды жолы оқушылардың ұжымдық қызметіне, олар мен айналадағы болмыстың арасындағы қарым-қатынасқа қоғамның бай моральдық нормаларын үнемі енгізу үшін бұл байлықты балалардың күнделікті өміріне енгізу керек деп есептейді.Жарасымды тәрбие,- деп жазды ол,- сонымен қатар тәртіпті, ұжым, қоғам және өзінің алдындағы - өз арының алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу».Келешек ұрпақ тәрбиесінде Абай мен Шәкәрімнің моральдық этикалық тұжырымдарына сүйенуге болады. Шәкәрім: «Ұждан дегеніміз ынсап,әділет, мейірім» - дейді. Абай адам тәрбиесі мәселесін «ар», «ұждан» туралы этикалық тұжырым тұрғысынан зерделейді.
Моральдық этика – адамның қоғамдағы мінез-құлқы болып, ол жақсылық, әділдік, адалдық, қайырымдылық, мейірім,ізгілік секілді ,бір жағы адамның мінез-құлқына байланысты нормалар жүйесінен,екінші жағы құнды рухани ішкі жан дүние сапаларынан тұрады. Адамзат тарихында моральдық этикаға байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде моральдық этика категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Егер адамгершілік нормалары істің мазмұнын айқындайтын , адамның не істеу керектігін белгілейтін болса, моральдық этика адамгершілік талаптарының мінез- құлықта нақты қандай жағдайда жүзеге асырылатынын , бұл нормалар қандай шамадан шектелгенін , күнделікті өмір ережелеріне айналғанын ашып көрсетеді. Қазақ халқының моральдық этикалық тәрбиесі туған жерге,отбасына, үлкен кішілерге,қоғамға қатынасынан көрініс береді.
Тәрбиенің ойлағандай нәтижелі болмағы ұзақ жылдардағы толассыз еңбекке байланысты. Оқушыларды мектепке келген күннен бастап парасат биігіне, адамгершілікке тәрбиелеу – ұстаздардың міндеті.Оқушыларды ежелгі халық тәрбиесі үлгісімен моральдық этикаға тәрбиелеу – тәрбие жұмысының негізгі бөлігі. Ұлттық тәрбие мектептен бастау алатындығын естен шығармауымыз керек.
Моральдық этикалық тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Баланың рухани дүниесін оятып, адамгершілігін қалыптастыратын этикалық әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды жас ерекшелігіне қарай таңдап алу керек.Олар баланың шығармашылығын оятып,жан дүниесімен сезінетін ойларға жетелейді.Олар тек жағымды қасиеттер қалыптастырады. Ұл ұлағатты, қық қылықты болсын десек, тәрбие мен білімді ұштастыра жүргізу қажет.
Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика туралы» еңбегінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.Мектебіміздің таза, бірлік хәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ серттесуге болады» - деп жазған еді.
Олай болса, бүгінгі күннің басты талабы – ұлттық менталитетімізге лайық жан - жақты жетілген, өнегелі, парасатты ұлт азаматын, рухани адамгершілігі қалыптасқан, халықтың салт - дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу үшін, халықтық педагогиканы моральдық-этикалық тәрбие жұмысына негіз етіп алып, ертеңіміз үшін ерінбей еңбек етейік.
Әдебиеттер тізімі:
1.М.Жұмабаев «Педагогика»,Алматы,Рауан,1993ж
2. «Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез құлық-мәдениетіне тәрбиелеу»,Алматы,Мектеп,1987ж
3.Сухомлинский В.А. «Рождение гражданина»,М., 1971.
Категория: Начальная школа | Добавил: Куралай7137 (2015-02-17) | Автор: Конысбекова Куралай
Просмотров: 1920 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru