Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін!»
ШҚО, Аяягоз ауданы, Тарбағатай ауылы.
«Тарбағатай ЖББОМ»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Шалова Гульнар Байдалиновна
Жоғары санатты

«Бүгінгі шәкірт көгершін,болашағың көгерсін!»
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын,бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Бастауыш сыныбымен,алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып,сәт-сапар тілеу.Білім берер ордасы-мектепті ұстаздарын құрметтеп,білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. Көрнекілік : Шуағын төккен 4жыл фотомантажы,слайдтар,қанатты сөздер. Кіріспе сөз:Мұғалім:Қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!Бүгінгі күн осында отырған бәрімізге ерекше күн.Оның ерекшелігі сол,осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып,білім алып,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар болса,бүгін міне,ес біліп етек жиған шәкірт. Армандасаң да қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр,ғажайып өмір осынау бал күлкі осынау балалық шақтан басталады.Міне,бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып,бір жылға тағы есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған ,білім нәрімен сусындатқан,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Балнұр: Бастауышпен қоштасу аты да аңыз Бүгінгі күннің даңқын біз асырамыз Кең дастархан даламыз ,сахынамыз Бастауышпен қоштасу тойына шақырамыз Арайлым: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар Бастауышпен қоштасу тойымызға Аслан: Армысың мектебімнің асылдары Жайнасын көңілдерің жасыл бағы Сіздер үшін ән мен күй ,өлеңмен би Сіздер үшін мереке шашулары.
Сұңқар: Біздерде ойын сауық басталады Тамаша күй тартылып,ән салады Қошеметтеп қол соғып отырыңыз Кешіміз күйменен басталады.
Күй: «Дастан» Күй: Еркемай
Мадина:Таныдым мен талай батырды Өлеңмен таныдым талай ақынды Ұстаздар бәріңе рахмет Шығарам мен жақсы атыңды
Назерке: Қасиетің ана тілі аз ба сенің Өзің барда ескірмес,тозбас елім Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып Мұқағали отты өлең жазбас еді
Нұрбол: Бірлігімен ынтымағы халықтың Көгімізде жарқырайды жарық күн Ырыс,дәулет,жайнай берсін жарық күн! Жайнай берсін,жайнай берсін жарық күн!
Думан: Дән егіп жерге, Қазағым менің Орманды дала,құрамы жердің Қойнауың толы қазына,байлық, Айналдым сенен асқартау белім! Бойымда қайрат,тұрғанда сенім Құрбаның болам жолыңда сенің! Құлпырып мәңгі жасай бер,жаса Қазақстан Республикам менің!
Нұржан:Менің-Қазақстаным Болашаққа сәлемін жолдайтұғын Қырандай қос қанатын қомдай тұғын Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын Тұғырын сан алтыннан сомдайтұғын Менің-Қазақстаным! Бабалар намысымен Байтақ елмін игілік, табысымын! 2030 мәресі әйгілейтін Азияның айбарлы барысымын.
Қайнар:Сәуле боп шар тарапқа таралаты Біз үшін қасиетті саналатын Тік ұстап еліміздің көк байрағын Бабалар қадірлейміз аманатын
Сұңқар:Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Отанымыздың қоғамымыздың,біздің бабаларымыздың,жастардың тамаша келешегі бар екендігіне сенімділігін,Ал бәсекеге қабілетті Қазақстанның әлемдегі экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті-жастарда деген сөзі біздерге сенім.
Хор:Ел болашағы мына біздің қолымызда.
Би:Қазақстаным
Ән:Ақнұр, Есбол,Аяжан
II Бөлім.Әдеби монтаж
Есбол: Өзіңде өсіп көктедім Бақытқа міне,жеткенім. Балалығымның куәсі. Сүйікті бастауыш мектебім.
Ақшуақ :Мектебім-білім берер алтын ұям. Ер жетіп сенде сезім артты санам Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай Әрдайым қасиетті атың маған Арада өтсе дағы дүркіреп жыл Әр күні балалықтай бір жүрек бұл Өзіңе борыштармын өмірбойы Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Аяжан.Б: Болам мен елімнің қыраны Көгімде көк туым жыр әні Қадамым басталды жаңарып Бастауыш білімнің бұлағы
Алуа: Тәрбие білімді жалғаймын Бүгін мен есейген жандаймын Қош бол бастауыш мектебім Мен енді биікке самғаймын
Аслан : Бастауыш ол менің ұраным, Бастауыш ол менің тұрағым Мәңгілік есімде қалатын Мойныма тағатын тұмарым
Марал: Әліде көп сенің өткені Ұстазбен көгеріп,көктемің Бағымның бастауы өзіңсің Қош бол сүйікті Қош бол қымбатты Балбұлақ,бастауыш мектебім Ән:Мектебім
Думан: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай,алғаш қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан,бізбен бірге қуанып,42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан,мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім.Балалардың ұстазға арналған ән-жырларын айтпас бұрын,ұстаз туралы не айтар едің? Ұлжан : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей,оқуға,жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. Мұғалім-мектептің жүрегі-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Ғалым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да тілінен бал тамған ақын да, тегеурінді темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Иә,бұл туралы Бауыржан атамыз:«Болашақтың басшысын да,данасын да ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арнаймыз. Қайнар: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан, Сізге ұқсап қудық біз де сан арман Сіздей адам дүниеде көп болсын, Балалардың бақыты үшін жаралған. Назерке: Ең аяулы есім ғой Ұстаз деген Бар тіршілік бақыты ұстазбенен Ұстазды жеткізгенше мұратына Білім іздеп лапылдап жана берем. Мадина: Оқушы алға ұмтылып, шегінбеймен, Сен ұялдың кір болса менің жейдем. Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп, Көз алдымда қазір тұр сенің бейнең. Арайлым: Алғаш рет оятқансың санамды, Алғаш рет ұстатқансың қаламды Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін Түсіндірген жақсы менен жаманды. Шұғыла: Ұстаз бізді білім беріп өсірген, Қатемізді әрқашанда кешірген Өмір жолы-қиын жол деп әрдайым Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген. Алуа:Бір өтті өзіңмен қыс жазым, Апайым өзіңе ұқсадым Әлемді әріппен танытқан Қош бол,алғашқы ұстазым Ақнұр: Бүгін мен керемет күйдемін Тек сізден жақсылық үйрендім Екінші анам ғой деп біліп Мен сізді анамдай сүйемін.
Ән:Аяжан, Марал, АрайлымҰстазым Аяжан: Күтеміз ықыласпен әр сабағын Оқимыз жіберместен бір парағын Барынша игеруге тырысамыз Осы деп бұл заманның зор талабын Айтамыз апай сізге көп-көп алғыс, Қашанда қасыңыздан табыламыз. Бастауыш бар білімнің негізі деп, Біз сізді әрқашанда сағынамыз. Аяжан: Мектепті ойлап күні түні Біздің мектеп үлгілі Тұрсынай апай бастауыштың басшысы Тәртіппенен, мәдениеттің символы Жансая: Баулыған әрбір өнерді, Райхан апай өнерлі Әсем әннің шебері Әрбір сөзі мәнерлі, Қызықтырып ән-күйге Бізді үйретіп келеді. Ақнұр: Кемшілікті кезінде Кесіп айтар өзіңе Өнеге мол өзінде Өсиет көп сөзінде Көңілінің қошын-ай Көп шәкірттің досындай Райгул апай осындай. Ұлжан: Мінезіңіз сондай салмақты Бастауышта Кенже апай ардақты, Өзіңізге тартқан-ау Шәкірттеріңіз жан-жақты. Нұржан: Өз есімі жүректерде жатталған. Гүлназ апай бастауышта мақталған, Тілін тауып,көңілін тауып бәрінің Бастауышты талай жылдар басқарған. Алуа: Сүйікті ұстазымыз Самал апай Қарсы алды Астанамыз сізді қалай? Сағынып жүр достарыңмен,шәкірттерің, Келсеңші ауылыңа сағындырмай. Аяжан,Арайлым,Балнұр,Жансая,Марал,Есбол,Ақшуақ,Шұғыла,Мадина,
Нұрбол,Думан,Назерке,Қайнар,Аслан,Сұңқар Оқыған жас-кәріден, Оқушының бәрінен Ұстаздарға мың алғыс. Ән: Ұстаз Нұрбол,Ақнұр,Ұлжан Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата –анамыз.Қатарымыздың теңі болып,тамағымыз тоқ көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Ыстық-ау кім-кімге де әке деген, Суыққа шалындырмай,мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек-ау. Нұржан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін. Ақылды балаларың оны білген. Сұңқар: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен,жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.Халқымызда мынандай бір нақыл сөз бар:«Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Аяжан:Иә,дұрыс айтасың Сұңқар.Біз болашақта саналы да,ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалады деген осы емеспе? Жансая: Дүниеге әкелген,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың, Тіл алмасаң кешірген,ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Нұрбол:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең-ақ мақтанышың. Білім алып, тер төгем, еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! Аяжан: Жолыма сізден бата алам, Ісің көп біздерге жасаған Әрқашан жаның бір менімен Рахмет бәріңе ата-анам. Ән: Күн әлемі. Үміт ағашы,Ұстаз еңбегі.
ӀӀӀ бөлім Концерттік бағдарламалар: 1.Әже мен бала Жансая,Шұғыла,Ұлжан. 2.Біздің 1-ші сыныптағы қызықты сәттеріміз. 3.Ата –анамен жұмыс 4.Би: Орыс биі 5.Балнұр Фокус 6.Аяжан Жас түлектер 7.Вальс 8.Көрініс Ата мен бала.Аслан,Қайнар. 9.Би: Аяжан Нұржан,Назерке, Сұңқар 10.Ән: Ақнұр Домбыра Би: Қаражорға Сөз Мектеп директоры:Ардақ Ақанұлына Сөз Бастауыш оқуісінің меңгерушісі Тұрсынай Серікқанқызына Сөз Ата-аналар атынан Отангул Қыдырқызына Сөз Оқушылар атынан Мейірбекова Арайлымға Ұстаздың Шәкірттерге тілегі. Күй: «Дастан» Күй: Еркемай Баянмен ән:Ақнұр ДомбыраБи:Қазақстаным
Ән:Ақнұр, Есбол,АяжанII Бөлім.Әдеби монтаж
ӀӀӀ бөлім Концерттік бағдарламалар: 1.Әже мен бала Жансая,Шұғыла,Ұлжан. 2.Біздің 1-ші сыныптағы қызықты сәттеріміз. 3.Ата –анамен жұмыс 4.Би: Орыс биі 5.Балнұр Фокус 6.Аяжан Жас түлектер 7.Вальс 8.Көрініс Ата мен бала.Аслан,Қайнар. 9.Би: Аяжан Нұржан,Назерке, Сұңқар 10.Ән: Би: Қаражорға Сөз Мектеп директоры:Ардақ Ақанұлына Сөз Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі Тұрсынай Серікқанқызына Сөз Ата-аналар атынан Отангул Қыдырқызына Сөз Оқушылар атынан Мейірбекова Арайлымға Ұстаздың Шәкірттерге тілегі.
Категория: Начальная школа | Добавил: Айару (2015-02-18) | Автор: Шалова Гульнар Байдалиновна
Просмотров: 1032 | Теги: Начальная школа | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru