Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Рахмет саған «Әліппе»
ШҚО, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылы
«Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
бастауыш класс мұғалімі
Какимова Райгүл Калелқызы

Тақырыбы: Рахмет саған «Әліппе»
Мақсаты:
а) Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп айту, «Әліппеден» алған білім-білік дағдыларын көрсету.
ә) Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілін дамыту сауаттылығын жетілдіру және шапшаң оқуға жетелеу.
б) Отанын, туған жерін,мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.
Көрнекілігі: «Рақмет саған Әліппем» шарлар, гүлдер.
Ертеңгіліктің барысы:
Мұғалім: Армысыздар,құрметті ата-аналар ұстаздар,қонақтар! Бүгін сіздерді 1 «а» сынып оқушыларының әзірлеген Рахмет саған «Әліппе»атты ертеңгілігін тамашалағалы отырсыздар.
Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстаған бетін ашқан оқулығы- Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы,білімге бастайтын алғашқы жолы.Әліппе 42-әріпті танып оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды.Сондай жағдайға жеткізген сүйікті Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.
Бала деген шіркін –ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен. Деп К.Әзірбаев атамыз айтқандай кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
1- оқушы: Рауан
Ерте,ерте,ертеде үлкен Тарбағатай орта мектебінде,Әліппе хан билік жасапты Ханның 40 уәзірі және екі күтушісі болыпты, Әліппе хан сондай қатал болған екен.Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.
2-оқушы Нұрболат
Уа халайық,келіңіздер көріңіздер. Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
3-оқушы Жайна
Уа жарандар, жарандар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар!
Әліппе хан Уәзірлеріне сендер неге тұрсыңдар! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.
4-оқушы Ерасыл
Әміріңізге құлдық ханием! Біз ел ішін түгел араладық.Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала болған жоқ.Барлығы білімді,сауатты,өнерлі екен.
Әліппе хан көңілденіп:
Тамаша ,тамаша. Ха- ха- ха. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?
Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап,көңілсіз жүрдім.Бұгін менің де мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер.
-Менің де жарлығымды орындаңдар.
5-оқушы Ұлжан
Хан жарлығына құлақ салыңдар.Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер,білім көрсетейік.Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.

Ән: Құттықтаймын,мама,туған күніңмен!
Нұрын төккен маған
Шуағымсың сен,
Айналайын мама,қуанышыңмен
Шаттандырған мені жұбанышым сен
Құттықтаймын сені туған күніңмен

Аялаған мені ән қанатымен,
Құттықтаймын сені салтанатыңмен
Бақыты ғой заман,қандай көңілді,
Мен тілеймін саған ұзақ өмірді
6-оқушы
Армысыздар,мұғалімдер әз жандар
Бідім іздеп инемен құдық қазғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар
Бүгін міне қоштасады Әліппемен балбұлақ
Әнімменен жырыма тарландарым сал құлақ
Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағын,шамшырақ
7-оқушы
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауһазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақта балалар
Қош келіпіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер
Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар

8-оқушы
Ән: Мұғалім ол біздің
Білімнің кілтіндей
Әліппе ұстатқан
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстатқан
Қамқоры ұл-қыздың
Мұғалім ол біздің!
Қиынға төзуге
Үйреткен қашан да
Жаманнан безуге
Жақсылық жасауға
Қамқоры ұл-қыздың
Мұғалім ол біздің
9-оқушы Аружан
Ал осымен әріптер
Шежіресін бастайық
Басшысы әліппенің
А-дан сөзді бастайық
10-оқушы: Мағжан
Атыраудың айдыны,
Алтай –таудың айбыны
Астанамыз-Астана,
Алматымыз –бас қала
11-оқушы: Іңкәр
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба,Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
А деген ол аналар ғой ардақты
Ә деген ол әкелер ғой салмақты
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
12-оқушы Ақжүніс
Иба әдеп ақыл ой,
Имандылықтбасы ғой
Иісі қазақ баласын
Инабатты дейді ғой
13-оқушы Абдуали
Әліппем менің әліппем
Өшпейтін нұрлы әріптен
Есігін аштым әріптің
Өзіңнен кілт алып мен
14-оқушы: Аблай
Әр күнім келер жаңалықты
Тоқимын оқып білім,жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жанымда ізі қалды жаңа әріптің
15-оқушы Айбар
Үйретіп жазудың да өрнектерін
Ойымда Әліппемен тербеткенің
Зор қуаныш маған да ұстазға да,
Тілін алып Әліппені сөйлеткенің
16-оқушы Диас
Үйретіп алғаш бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой арманы,мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді
17-оқушы:Баян
Әдептілік дегенің
Әрқашан керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің
Ә дыбысын өткенде тамжылта ән айтуда үйрендік.
Әлди,әлди,балам-ай
Әлди әнге салам –ай
Әлди әнге мен салсам,
Балам ұйықтап қала ма-ай
Әлди,әлди,бөпешім
Әлпештейін көкешім
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой


Әліппе хан: Бәрекелді балалар жарайсыңдар.
18-оқушы:Жайна
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Олай болса алғашқы әліппені кім жазды?
-Ыбырай Алтынсарин
Жері кең елі бай бұл қай ел?
-Қазақстан
Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана
-Ал балалар енді мақал –мәтел мен жаңылтпашқа жол берейік.
19- оқушы: Нұрбола
Білікті бірді жығар
Білімді мыңды жығар
20-оқушы: Іңкәр
Балапан ұяда не көрсе
Ұшқанда соны іледі.
21- оқушы: Ақжүніс
Ақыл озбайды, білім тозбайды
22-оқушы: Абдуали
Білім іздеген өсер,
Бүлік іздеген өшер
23-оқушы: Абылай
Оқу білім -бұлағы
Білім өмір шырағы
24-оқушы: Ерасыл
Ата –асқар тау
Ана –баурайындағы бұлақ
Бала жағасындағы құрақ
Ы.Алтынсарин аталарың оқу туралы не деп өсиет қалдырды?

25-оқушы:Рауан
Ке,балалар,оқылық
Оқығанда көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар
Шамннан шырақ жағалар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Өсті міне ойларың
Өсті ақыл –ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
26-оқушы Рауан
Армысыздыр мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
27-оқушы:Баян
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейір мен нұр шашар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз болғын шақты аналар
28- оқушы: Іңкәр
Шашу,шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
29-оқушы: Жайна
Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалаңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
30-оқушы:Ұлжан
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
31-оқушы: Аружан
Біз енді өзіміз-ақ кез келген сөздерді сөйлемдерді тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.
32-оқушы: Айбар
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Басқа оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ
Бәр:Құтты болсын тойымыз!
Ән: Біз өмірдің гүліміз.
33-оқушы: Мағжан
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
Абай аталарың оқу, өнер туралы қандай өсиет қалдырды?
34-оқушы: Ерасыл
Ғылым тапай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шатанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол
Бес нәрседен қашық бол.
35-оқушы Диас
Піскен алма топ-топ түседі
Топ-топ түсіп,көптеп түсті
36-оқушы Абылай
Шаңғышы Сатыш шаңғы алды
Жарысқа Сатыш қамданды
38- оқушы Айбар
Тату –тәті достармыз біз,
Ынталы да талапты
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
39- оқушы Мағжан
Еліңде күзет,күндіз де,
Самсаған сары, сан қолдай
Жол болғай, саған Президент
Қайда да барсаң,жол болғай. Біздің пезидентіміз Кім? Нұрсұлтан Назарбаев
Ұқыптылық,әдептілік,шыншылдық туралы тақпақтар айтып жіберейік.
40-оқушы:Аружан
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз
-Әдепті екен бұл дейміз.
41-оқушы Ақжүніс
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз.
- Ұқыпты екен бұл дейміз
42- оқушы: Іңкәр
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз.
- Үлгілі екен бұл дейміз.
43- оқушы:Нұрболат
Өтірік сөз айтпаса
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз.
44- оқушы: Жайна
Ата –ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің
Ән: Ақ көгершін.
45- оқушы Рауан
Сен байқадың ба? Біздің достар бұл кешке бірнеше өнерлерін ала келіпті.Мақал –мәтел жарысына кезек берейік.
46-оқушы: Баян Олай болса неге тұрамыз .Бұл хан жарлығының басты талап- тары еді ғой: Ендеше кезекті мақал-мәтел сайысына берейік
-Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
—Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді, демекші қалыңыз қалай?
— Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы дегендей,қандай әдепті баласың?
—Жат асына қарайды дос басына қарайды,деуші еді аталарымыз.
—Қонағын сыйласа төрге шық, төрге шығайық.
—Жылқы кісінегеншеиадам сөйлескенше демекші таныса отырайық.
—Мыңнын түсін танығанша, бірдің атын біл деген, есіміңіз кім болады?
— Ас адамның арқауы деген ас алып отырайық
— Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
— Досыңның асын қасыңдай іш демекші алма риза болсын.
—Дастарқанға ас қойдым,екі қолды бос қойдым деген,ас алып отырыңыз
—Көңілмен берсе қара суда бал татыр.
— Иә досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам демекші, досы көп болғанға не жетсін.
— Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді Өнерімізді көрсете отырыңыз.
—Алдымен ауылдың алты ауызы айтылмаушы ма еді?

Ауылдың алты ауызы « Еркем –ай»
Әліппемен біз бүгін қоштасыз еркем-ай
Ана тілімен бәріміз достасамыз еркем –ай
«Білімді ұрпақ елімнің» тірегі деп еркем-ай
Айтып өтті елбасы Нұкөкеміз еркем-ай
Еркем –еркем – ай
Ерклеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем екен-ай
Әліппе хан: Мен сондай риза болдым.Өзімнің орнымды балам «Ана тілі»басады деп сенемін.Ана тілді шақырамын.
«Ана тілі» хан
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін
Ана тілім-елдігім
Ана тілім- ерлігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім Бүгіннен бастап сауатты балалардың білімін әрі қарай мына менің оқулығымның арқасында дамытып,тереңдете түсеміз.Сондықтан бәріңе сыйлық ретінде.Өз «Ана тілі» кітабымды алып келдім.(барлық оқушыларға ана тілін таратып береді)
Ана тілі тақа отырады.
Әліппе хан Ал, балалар, сендер, кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер.Мен сендерді кіші деп аямадым бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым.Қазақта айтады «Басы қатты болса аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді менің ұлым «Ана тілімен» бірге жалғастырыңдар.Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. « Білекті бірді,білімді мыңды жығар» деген.Мен сендерге сенемін.Қош сау болыңдар.
-Қош сау болыңыз Әліппе хан!
Хор: Әліппе
Әліппе,Әліппе
Алғашқы әріппен
Ана деп қазір біз
Жазуға әзірміз.
Әліппе,Әліппе
Екінші әріппен
Бала деп қазір біз
Жазуға әзірміз
Әліппе,әліппе
Талай бір әріптен
«Отан»деп қазір біз
Жазуға әзірміз
Әліппенің батасы:
Оқуда зейінді болындар,
Еңбекке бейімді болыңдар,
Ақ жол болсын қабақтарың,
Күнделіктерің беске толсын,
Әумин!
Ана тілі:
Құрметті « Әліппе ». Біз де саған ақ жол тілейміз!
( Әліппе кетеді )
І жүргізуші: Рахмет «Ана тілі». Дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Бізбен бірге болыңыз.
ІІ жүргізуші: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар.
Балалар есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.
Әжелер шашу шашады, тілек айтады

оқушы Ұлжан
Содан елді «Ана тілі»ханы басқарыпты уәзірлері «Әліппе ханның қаталдығы мен талапшылдығының арқасында «Ана тілі ханына тез үйреніп білімді болып сол Тарбағатай орта мектебін әлемге әйгілі етпек.
Құрметті қонақтар сіздер бірер сәт ертегі елінің саяхатынан оралдыңыздар.
1 «а» сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын! ,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Категория: Начальная школа | Добавил: Айару (2015-02-18) | Автор: Какимова Райгүл Калелқызы
Просмотров: 975 | Теги: Начальная школа | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru