Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Ашық сабақтың тақырыбы:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Мақсаты:
1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу.
3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.
Ресурстары: баяндау, ой толғау.нақыл сөздер.,мультимедиялық көрсетілім, слайдтар, өлеңдер жинағы, ойын , парақшалар т.б.
Өтілген орны: 23 кабинет
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек.
Шаттық шеңбері
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар сендер сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?
Ендеше сөзжұмбақ шешейік.
1.Жылт-жылт етіп төбемде,
түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)
2. Жазда қыдырады,
Қыста тынығады (аю)
3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)
4. Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)
5.Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс)
Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты «жақсы» деген өте жақсы!
1.Айналада ақ отау,
аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
2. Қазақстан Республикасының астанасы. (Астана)
3. Мұртын сипап күн бойы,
бетін сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
тышқанды көп қуады. (мысық)
4. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)
5. Қасиетті тағам. (нан)
Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты жаман деген өте жақсы!
:-Балалар,менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? Оқушылардың пікірлерін тыңдау
-Жақсы деген немене?
-Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға,гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.
-Ал,жаман деген немене? -Салақ,кір-қожалақ болған жаман. -Ағаштың бұтағын сындырған жаман. -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.
II. Кіріспе бөлім: Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)
Сұрақтар:
• Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
• Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?
Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып,балалардың әңгімелерін,берген жауаптарын толықтыру/.
III. Негізгі бөлім:
Поэзия минуты Не жаман , не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады)
Бөбек келіп әкеге,
Қойды алдына мәселе.
-Жақсы деген немене?
-Жаман деген немене?
-Айналайын бөбегім,
Мәнін айтып берейін.
Осы берген жауапты
Кітапша етіп көрейін.
Міне, тағы бір жаман,
Көйлекгі лас боялып,
Аузы-басы ластанып.
Жақсы,міне азамат-
Бетін жуса сабындап,
Тісін жуса тазалап.
Еңбек сүйген балаңыз
Кітап оқу талабың.
Міне,үлгілі бала деп
Кітапқа оны жазады


Өлең оқу.
Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз
Өсек,өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпанды білсеңіз
Талап ,еңбек ,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Слайдтан көрсету: 5 жақсы қасиет- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 жаман қасиет -Өсек өтірік мақтаншақ,еріншек ,мал шашпақ
Мақал –мәтелдер айтЖақсылық пен жамандық туралы.Оқушылар өздері айтып шығады.
Ал,балалар,мен сендерге Л.Толстойдың «Екі дос»деген әңгімесін айтып берейін.
Орман ішінде екі дос келе жатқанда олардың қарсы алдынан аю шығады.Сонда біреуі жолдасын тастап қашып ағашқа өрмелеп шығып,тығылып қалады.Ал екіншісі жолда қалады.Ол не істерін білмей,жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелеп,өлі екен деп кетіп қалады. Аю кете салысымен,досы ағаштан түсіп жолдасына келіп:
-Аю құлағыңа на деп сыбырлады?-деп сұрайды.
-«Қауіп-қатер төнгенде,қиналған уақытта досын тастап кеткен адам жақсы адам емес,ондай адаммен дос болма» -дейді.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап аламын.
1.Екі достың алдынан не шыға келді?
2.Досы неге қаша жөнелді?
3.Бұл досты қандай дос деп ойлайсыңдар?
-«Нағыз дос» деп қандай адамды айтуға болады?
Достықты тек жақсы сөздері ғана емес,жақсы істері арқылы тануға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Бір-біріңе адал,сенімді болсаңдар достықтарың тұрақты болады
« Ақиқат немесе жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.
Пікірлер:
Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын
Ініме оқку үйретемін, Кішкентай баланы ұрмаймын
Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін
Сабақтан кешікпеймін,Досыма көмектеспеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын
Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын,Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Үлкендерге сәлем беремін,Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын
Күлді баспаймын,Жақындарыма көп жақсылық жасаймын
Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!
ІV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)
«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.
Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.
Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жүректен жүрекке.Жүретерді ұсына отырып бір-бірімізге жақсы тілектер айтамыз.
Жақынды,досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!
Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гукали (2015-02-21) E
Просмотров: 1493 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 3:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru