Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Тасымал «Өз Астанам- өз ордам»
Сабақтың тақырыбы: Тасымал. «Өз Астанам- өз ордам» Сабақтың мақсаты:Тасымал жайлы түсінік беру. Н. Айтовтың «Өз Астанам- өз ордам" өлеңінің мәнін ашу. Оқушылардың буын және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Пікірін еркін жеткізуіне жағдай тудыру, түйсіну, сезіну, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу. Жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу. Сабақтың міндеттері: • Тасымал жайлы оқушыларға білім беріп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Астана жайлы білімін кеңейту. • Астана қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлі оқуға жетелеу. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. • Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, әсемдікке, сұлулық сырын ұғынуға тәрбиелеу. Ән айтуға баулу. Сабақтың түрі: саяхат сабағы Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, слайд, суреттер, сызбалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Психологиялық дайындық. - Армысың туған жер, Армысың қонақтар, Армысың достарым, Армысың ұстазым, Бәріңізге тілеймін, Тыныштық әлемін. ΙΙІ. Үй жұмысын тексеру: - Балалар, Әнұран еліміздің несіне жатады? - Ел рәміздерін атап жіберіңдерші. - Әнұран авторлары кімдер? - Ендеше, үйге берілген Өтепберген Ақыпбекұлының «Әнұран» өлеңін жатқа айтып берейік. - Автор жайлы не естеріңде қалды? Ақыпбекұлы Өтепберген (8.10. 1950 жылы Алматы облысы, Қапал ауданы, Ақсу ауылында туған) - акын. 1973 - 1985 жылдары "Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1985- 1995 ж. "Қазақ әдебиеті", "Жалын", "Денсаулық", "Жанашыр", "Халық конгресі" басылымдарында аға тілші болып жұмыс істеген. Ескерту: сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға «Бәйтерек» белгісін беріп отырамын. Белгілерді санау арқылы бағаланасыңдар: 5 белгі- «5», 4 белгі- «4», 3,2 белгі- «3», 1 н/се еш белгі жоқ - «2» ҮІ. Ой қозғау. (Ребус көрсетіледі) - Балалар, мына экранға назар аударайық. Мұнда ребус берілген. Осы ребусты шешейік. - 1 - ші ребусты шешу арқылы, «Алматы» деген сөз шықты. - Ал, енді, 2 - ші ребусты шешейік. - 2 - ші ребусты шешу арқылы «Астана» сөзі шықты. - Ал, енді балалар екі ребусты шешкенімізде Қазақстандағы қандай әсем қалалардың аты шықты? Астана – Алматы Картамен жұмыс. Қалаларды көрсету. - Балалар Алматы туралы не білесіңдер? Медеу мұз айдыны бар, үлкен оқу орындары, көптекен мәдени ескерткіштер, мұражайлар бар. ҮІІ. Жаңа сабақ. Ойын: «Адасқан суреттер». Жұппен жұмыс Мына қиылған сурет бөліктерінен бір қаланы құрастыру. - Балалар жұмысын тексеру. Астана қаласының суреті - Балалар, қазіргі біздің елордамыз қалай аталады екен? - Астана - Астана туралы өлең, тақпақтар білесіңдер ме?. (Бейне экраннан Астананың суреті көрсетіліп тұрады) 1. Астанама қарашы, Елімнің жас қаласы. Неткен ұлы, неткен кең, Қазағымның даласы! 2. Алтын күннің астында, Желбірейді туымыз. Қазақ деген халықтың, Ұлы менен қызымыз. 3. Ардақталды Астанам, Мәртебелі бас қалам. Көркейе бер күн сайын, Алға қарай, бас қадам. - Тапсырманы жақсы орындадыңдар. - Ендеше балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыздың аты да елордамыз Астана туралы болмақ. -Ендеше, бүгін Нүсіпбек Айтовтың «Өз Астанам- өз ордам» өлеңін оқимыз. 1.Автормен таныстыру: (Бейнероликтан көрсетіліп тұрады) Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (22.9.1950 жылы туған, ҚХР, Шынжаң өлкесі, Шәуешек ауданы, Теректі- Қақпатас елді мекенінде туған) - ақын. ҚазҰУ-ды бітір¬ген (1974). 1967 - 69 ж. Семей облысы, Шұбартау ауданы, "Жаңа өмір" газетін¬де әдеби қызметкер. 1974 - 84 ж. "Балдырған" журналында бөлім меңгерушісі, 1984- 85 ж. "Жалын" баспасында редактор. 1997 - 2001 ж. "Қазақ әдебиеті" газетін¬де сын бөлімінің, "Жұлдыз" журна¬лында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оқулықпен жұмыс. 58 беттегі, 89 - жаттығу Мәтінмен жұмыс: * Мұғалімнің үлгі оқуы * Түсініксіз сөздермен жұмыс: - Балалар өлең шумақтарына талдау жасайық. Өркен- өскін, шыбық, бұтақ (өркендеу- даму, өсу, үлкею) - Бір шумақтан хормен оқыта отырып, мәтін мәнін ашу мақсатында талдау жұмысын жүргізу -Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту. - Қосымша мағлұмат беру. Астана туралы мен сендерге түсіндіріп өтейін. - Басын қар басқан Алатаудың етегінде орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы ҚР - ның орталығы болуға лайық еді. - Алайда, 1997 жылдың 20 - шы қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ақмола» қаласын ҚР - ның астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. - 1998 жылдың 6 - шы мамырында Елбасының Жарлығымен ҚР - ның астанасы - Астана қаласы болып аталды. - Ал 20 - шы мамырда ҚР Астанасының мәртебесі туралы ҚР - ның заңы қабылданды. - Осы жылы, яғни биыл 10 - шы маусымда Тәуелсіз Қазақстан жаңа астанасының салтанатты рәсімі болып өтті. - Міне содан бері жылдан - жылға көркейіп бүкіл дүние жүзі таныған мемлекетіміздің мәйегі, дербестігіміздің дәйегі болған Елордамызды әрдайым мақтан тұтайық! - Астана Есілдің жағасында орналасқан - ҚР Президентінің резиденциясы - Парламент үйі - Үкімет үйі - Нұр - Астана мешіті бар. Сергіту сәті: Ойын ойнау: «Алма ағашына жемістерін орналастыру» Алмаларға тапсырмалар жазып, сол тапсырмаларды орындау арқылы алма ағашын безендіру. Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Көркем етіп жазайық 1 тапсырмадағы бағанды толтырайық. Сөздерді тасмалдау: ба - лалық, бала - лық Ше - берхана, шебер - хана, шеберха - на. 8. Сабақты бекіту - Сабағымызда Астана Алматы деп жатырмыз. - Ал, енді, балалар Венн диаграмасы арқылы осы екі қаланың ұқсастығын айырмашылығын, ортақ қасиетін табайық. (тақтаға плакат іліп, оқушылардың өздеріне орындату) - Ал балалар Астана қаласының әсем жерлерін айтайықшы. - Қандай әсем жерлері бар? - Бәйтерек - Нұр - Астана мешіті - Есіл өзені - Қазіргі Астана - Ал, енді, осы сияқты Алматы қаласының да әсем жерлерін жазайық. - Медеу мұз айдыны - Апорт алмасы - Алатау тауы - Бұрынғы Астана - Дұрыс, балалар. - Енді осы екі, қаланың ортақ қасиеті не екен? - Екеуі де әсем қала - Екі қаланың да тарихы бір қала Венн диаграммасы арқылы Астана мен Алматының айырмашылықтармен ұқсастықтарын көрсету. 9. Сабақты қорыту - Бүгін Отанымыздың бас қаласы Астана туралы толық білдік - Өткен сабағымызда айтқандай өзіміздің туған жеріміз Қазақстаннан артық жер жоқ. - Біздің Астанамыз 1998 жылы Астана қаласы болып аталса 2006 жылы Әнұранымыз да жаңарды. Әнұранымыздың авторы: Ж. Нәжімеденов, оны өңдеген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнұранды әрбір Қазақстанда тұратын Ұлттар жатқа білу керек. Біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз, ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып айтылатын ардақты қала болсын!- дей келе сабағымызды Әнұранмен аяқтайық. 10. Бағалау - Бүгінгі сабаққа үй тапсырмасын тиянақты орындап келген және жаңа сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын. 11. Үйге тапсырма - Астана өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу - Ал енді балалар сабағымыз аяқталды. - Қонақтармен қоштасайық - (орындарынан тұрып) - Үлкенге де сіздер Кішіге де сіздер Сіздерді Құрметтейміз біздер! - Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Айгерим9199 (2015-02-23) | Автор: Тасымал. «Өз Астанам- өз ордам» E
Просмотров: 1027 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru