Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Ақтөбе қаласы №56 мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Мусина Салтанат Акынжанкызы Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. 2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру. 3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері» Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл-күй, достық сезімін сыйлайды. ІІ. Қайталау: - Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай? - Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау. - Буындар: ба, бо, бу, би т.б. - Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т.б. - Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан. ІІІ. Жаңа сабақ. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс) - Аптаның қай күні? (Сәрсенбі). - Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс. Жұмбақ шешу. Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп? Сәукелені, садақты. Сансыз орақ тәрізді. /С/ Кіруге адам батпайды, Аман-есен сақтайды. /Сандық/ Сандық - сөзін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату. «Ақшамшық» (сақина салу) ойыны: С әрпінен басталатын сөз ойлау. ІV. Дәптермен жұмыс: - Ауада жазу. Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау. «Шай ішу» ойыны: ою-өрнекпен өрнектелген кеселердің сыртына жазылған сөздерді оқыту, дыбыстық талдау жасату. Сырмақ, сақа, сыр, сиыр, сүзбе, асық, сүт. Дыбыстық талдау: с- дауыссыз, ү-дауысты, т-дауыссыз Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны. Ұшты, ұшты – торғай ұшты! (ұшады) Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады). Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады). Ұшты, ұшты – балық ұшты! (ұшпайды). VІ. Ойын «Екінші буыным қайда» суретті көрсетіп екінші буынын айтқызу. Тас-бақа, Жан-гүл...... VІІ. Қорытындылау.“Ақсүйек” ойыны: С әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау. | |
Просмотров: 867 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|