Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі. Білім саласы: «Сауат ашу», «Шығармашылық». Мақсаты: Білімділік: Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру, Дамытушылық: Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру. Тәрбиелік: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Кеспе әріптер, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, қима қағаздар, ребустар, көк, қызыл түсті дөңгелектер, интерактивті тақта. Әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап ойын Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті Ұйымдастырушы қозғаушы 1-мин «Жылулық шеңбері» Бір екі, үш, Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Біз сабақты бастаймыз. Өткенді еске түсіру. • Балаларға дөңгелекшелер тарқатып, дыбыстарды атау. Балалар айтылған дыбысқа сай дөңгелекшені көрсетеді. • Ауызша сурет бойынша әңгімелеу. «З»-әріпі «Ғажайып сәт» ұйымдастыру Тапқышбек бізге қонаққа келді, ол жай келмепті бізге бірнеше тапсырмалар ала келіпті деп, 1-тапсырмасымен таныстыру. Жұмбақ жасыру Аналарға сыйлайтын, Аралар бал жинайтын. Үзуге адам қимайтын, Бұл не? Қане, балалар, гүл деп айтайықшы! Гүл сөзі қандай дыбыстан басталған? Г дыбысын айтайықшы? Қалай айтылып тұр? Олай болса, Г – қандай дыбыс?- Дұрыс, оны қай түспен белгілейміз. - Өте жақсы! Буындарды оқыту: га,ге,го,гө №1 тапсырма Г дыбысы сөз басында, сөз ортасында кездеседі. Гүл – 1 буын, 3 дыбыс Көгершін – 3 буын, 8 дыбыс. Жүгері– 3 буын, 6 дыбыс 2-тапсырма «Әдемі етіп жазамыз!» Г әрпімен таныстыру 1. алгоритмімен танысыру 2. ауада жазғызу 3. дәптерге жазғызу Гг 3-тапсырма «Сергіту сәті» 4-тапсырма «Оқимыз, ойлаймыз!» гү-гү-гү – қызыл гүл ге-ге-ге – қисық шеге гі-гі-гі – жинаймыз егін. 5-тапсырма «Қай әріпті жоғалттым?» Шарты: Сөздердегі Г әрпінің орнын тауып, көк түспен бояңдар. 6-тапсырма Ребус шешу Қорытынды: Тапқышбектің сөзін оқыту. Мақтап-мадақтау «Рахмет» сөзін оқиды | |
Просмотров: 633 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|