Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ашық сабақ "Балықтар мен құстар"
Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы:Құстар. Балықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жануарлардың топтары-құстар, балықтар туралы жалпы түсінік беру. Тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Атауларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық қабілеттерін арттыру.Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, салыстыру, талдау, серпілген сауал, постермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайд, постер жұмысы, видео,доп, үлестірмелі тапсырмалар, бағдаршам түстері, смайлектер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (слайд)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Өткенді қайталау
-Балалар бағдаршам түстерін білеміз бе?
(Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түстерді таратып үш топқа бөліп отырғызу)
-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Белсенділік танытқан оқушыларға смайлектер таратамын.
-Сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.
Серпілген сауал әдісімен үй тапсырмасын тексеру. Мен қазір кімге допты лақтырсам , ол ұстап алып менің сұрағыма жауап береді.
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Қосмекенділерге нелер жатады?
-Жорғалаушыларға нелер жатады?
-Сен қандай жорғалаушыларды немесе қосмекенділерді көрдің?
ІІІ.Жаңа сабақ (слайд)
а)Қызығушылықты ояту.
-Барлығымыз тақтаға назар аударайық. (Балықтар , құстар туралы бейнефильм)
-Видео не туралы? Балықтар мен құстар
-Құстар туралы не білеміз?
-Олардың қандай түрлері бар?
-Олар немен қорктенеді?
-Ал балықтар туралы не білеміз?
-Балықтардың қандай түрлері бар?
Ол қайда тіршілік етеді? Немен қоректенеді?
ә)Кіріспе
Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді.Жабайы құстардың түрі өте көп. Аққу- сұлулықтың символы, тырна- табиғатымыздың көркі, дуадақ-өте әдемі құс.
Сонымен қатар біздің жерімізде кездесетін құстар-қарлығаш, сауысқан, қарға, торғай, кептер, шағалалар да бар.Бұл құстардың ішінде жүйрік , бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады.Жабайы құстар өз азығын өздері аулайды.
Үй құстары қолда өсіріледі. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті- тамақ, мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады. Үй құстарына тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық жатады.
б) балықтың құрылысымен таныстыру
Балықтар суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар өкепе арқылы емес желбезегі арқылы тыныс алады. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар.Балықтардың денесін қабыршақ жапқан.Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады. Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Енді балықтың сыртқы құрылысына назар аударайық.
1.Балықтардың денесі қабыршықтан тұрады.
2.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
3. Жүзбе қанаттары арқылы тепе-теңдікті сақтап, ілгері қарай козғала алады.
Балықты кез келген жерден аулауға болмайды.
в) Топтастыру. Әр қайсысының пайдасын жазу.

-Топтан бір оқушы шығып жазғандарын оқып шығады.
г) Суретпен жұмыс . Құстарды, балықтарды тап. (слайд)
Сергіту сәті: (Видео)
Д) Семантикалық қартаны толтыру

Зерттеу объектісі Мекені Қоректенуі Қимыл қозғалысы
орман су өсімдік жем жүзеді ұшады
Кит
Сазан
Шортан
Торғай
Қарға
Аққу

е) Сәйкестендір
Құстар Суда жүзеді
Балықтар Бауырымен жорғалайды
Қосмекенділер Ұшады
Жорғалаушылар Суда да, құрлықта да тіршілік етеді.

ж) Не қалай дыбыстайды? (слайд)
-Әр құсты өз дыбысына сәйкес ата.
Қарға, көкек, торғай, тоқылдақ.
ІҮ. Сабақты қорыту.
Постер әдісі арқылы тапсырманы орындау
1 топ 2 топ 3 топ
Жабайы құстары балықтар үй құстары

Сабақты бағалау: смайлектер арқылы бағалау
Үйге тапсырма: мазмұны, бақылау күнделігі
Категория: Начальная школа | Добавил: bulat110979 (2015-03-17) | Автор: Омарова Гүлбаршын қизатқызы E
Просмотров: 1448 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru