Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Бастауыш сыныпта адамгершілік- рухани қасиеттерді қалыптастыру
Бастауыш саты – білім, дағды , іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылды. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани ерік – жігерінің, күш- қуаты мен шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруде әр пән жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс. Бұл үшін мұғалім әдіс тәсілдерді жетілдіре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра білуі қажет. Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педогогикалық шығарма. Ал, осы «шығарманы» алдында отырған оқушыларға игерту оңай шаруа емес. Бүгінгі күні ұрпақты жан – жақты білім алуын, белсенді, шығармашыл болуын талап етеді. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрін, әдісін таңдай білу қажеттілігі туады. Сондай-ақ әр түрлі тақырыпта өткізілген тәрбие жұмыстары балардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді оятуға көзделуі тиіс. Балаларды мұражайларға, кітапхана, театрға апару, табиғат орындарында өзін-өзі ұстауды үйренеді.
«Адам баласы ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы , жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, оқу процесің кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алатынын білуі тиіс.
Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жаңашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттердіғң жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік – әр адамға тән асыл қасиеттер. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі кең етіп тәрбиелеу-біздің де қоғам алдындағы борышымыз болмақ.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндіктерін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Халқымыз адам бойына адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда шешендік сөздерге ерекше мән берген. Адамгершілік қасиет үшін шешендік сөздердің маңызы зор. Сол себепті 1 сыныптан бастап би-шешендердің жыр- толғауларымен таныс бола бастайды.
Асыл ойдың алтын қазығын Асан Қайғы, Бұқар жырау, Мұрат, Махамбет, Бөлтірік, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым Досбол, бала бидің жыр – толғауларын көреміз
Атап айтсақ 1-сыныптың ана тілі сабағында «Менің атым – Қожа» , «Досболдың тапқырлығы», «Махамбеттің тапқырлығы» тақырыбында балаларды тапқырлыққа, батырлыққа тәрбиелей отырып білім береміз. 2-сынып ана тілінен Ы. Алтынсариннің «Шеше мен бала» және «Ата-ананы құрметтеу туралы» әңгімелерінде балаларды ата-ананы құрметтуге, шыншылдыққа, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелей отырып білім береміз. 3 сыныпта қазақтың бас ақыны А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін балаларға оқыту арқылы адам болуды көксейтін, болашағын ойлайтын адам болу үшін өсек-өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, сақ болып, оның орнына талапты болуды, еңбекті сүюді, терең ойлы болуды, рақымды болуға үйретеміз. Білім алуға ең зиянды нәрселердің бірі – салақтық, пайымсыздық, онымен аяусыз күрес жүргізу керек. Сондықтан адам өзінің «білім сақтайтын сауытын» болып табылатын өз еркін тәрбиелеуге тиіс. Тек еркі мықты берік мінезді адам ғана білім алу жолында зор табысқа жете алады.
Дүниетану сабақтарында балаларды табиғатты аялауға, қамқор болуға, өсімдіктерді күтіп баптауға үйретіп отырамыз. Жылдың төрт мезгілінде оқушыларды жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін танып—білуге, бойларына табиғатқа деген сүйіспеншілікті еге білу мақсатында серуендеуге шығарып отырамыз.Көктем кезінде өз үйлерінің маңына, мектеп ауласына түрлі гүлдер еккізіп, күтіп-баптауға үйрету. Табиғатқа деген қамқорлықтын нышаны болып табылады. Сонымен қатар бұл пәнде балалардың жан-жануарға деген қамқорлығын, сүйіспеншілігін арттырамыз.
Қорыта келгенде адамгершіліктің өрісі кең. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни маңайындағыларға үлгі өнеге көрсете алады. Сондықтан баланы жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

Источник: http://kundyz_mubarakova1
Категория: Начальная школа | Добавил: доси (2015-03-18) | Автор: Мубаракова Кундыз Сериковна E
Просмотров: 897 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru