Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Марат Тоқашбаев Қармаққа түскен шағала.
Пәні: Әдебиеттік оқу. 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Марат Тоқашбаев Қармаққа түскен шағала.
Сабақтың мақсаты:
1. Шағала туалы мәтінді оқи отырып, шағалалар тіршілігі туралы толық мағлұмат алуға жағдай туғызу .
2. Өз бетімен ой қорытып, болжам жасай білуге, шығармашылык жұмыс жасай білуге мүмкіндік жасау.
3. Оқушылардың табиғатты, қоршаған әлемді, оның әсемдігін сөз арқылы, көркем әдебиеттегі адам сезімдері аркылы түсінуге жағдай туғызу. Оқушы бойындағы адалдық, аяушылық сезімдерді дамыта түсу.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой толғау, ребус шешу, ой қозғау, т.б.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,
Сабақтың көрнекілігі: таяныш сөздер, ребус, суреттер, шағалалар суреті бейнеленген плакат.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
Ескерту. Сабақ тақырыбы әлі жазылмайды, оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады.
Тақтада ребус тапсырма беріледі.
, , , , , ,
- Шыққан сөз - шағала.
Мына тірек сөздерді пайдаланып, 3 минутта қыскаша «Шағала» атты мәтін құрастыру: Көрдім, қиналды, жанашырлык сезім пайда болды, көмектестім.
Жазылған мәтінді әр топтан бір оқушы оқиды. Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады.
II. Мағынаны тану.
Мәтінді басынан бастап, «Қызыға карап тұрған Өркен» деген сөйлемге дейін оқу. Оқушыларга тапсырма:
1. Мәтінді іштей түсініп оқу.
2. Түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Іштей оқу аякталған соң, оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Бұл оқиға кайда болған?
2. Кеме үстіндегі бала өзі үшін не жаңалык ашкандай болды?
3. Шағала қандай қиыншылыққа тап болды?
(Оқушылар терген қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқулыққа, мәтінге, түртіп алған сөздерге карап жұмыс жасау). Мұғалім түсініксіз сөздерге түсінік береді.
Сонымен, әңгіме ары карай қалай дамиды деп ойлайсындар? (Ауызша болжау тыңдалады).
- Шағаланың тағдыры не болғанын білгілерің келсе, әңгімені ары карай окимыз.
а) Іштей оку.
ә) Мазмұнын түсіну.
б) Кеме үстіндегі баланын шағала туралы тағы не білгенін аныктау. (Ізденіп, зерттей оқу максатында).
Оқу аякталған соң, мынандай сұрактар қойылады:
- Шағаланы асырамак болған бала оны неге жібере салды? Әңгімеде осының себебін білдіретін сөйлем бар ма? (Мәтіннен іздеу.)
- Әңгіме туралы сендердің болжамдарың дұрыс болды ма? (Салыстыру)
- Жазушы баланың шағаланы босатып жіберуі аркылы кандай ой айтпақ болды?
Осы сұрак аркылы әңгіме идеясы ашылады. Жанды, жансыз табиғат пен адам, оның сезімдері әңгімеде калай көрінгенін үзінділерден табу арқылы_ талдау кейіпкер бейнесін, мінез-құлкын аша түспек. Балаларға үлгі боларлық басты максат - адамның табиғаттағы тіршілік иелеріне жанашырлық көзқарасын қалыптастыру. Аяушылық сезімдерін оята түсу.
III. Ойтолғау.
а) Сабак басында жазған өздеріңнің әнгімелерің мен автордың әнгімесіндегі ұксастык неде? (Салыстыру, дәлелдеу).
1.Мазмұнындагы ұксастық.
2.Мәселесіндегі ұксастык.
3.Ой, яғни идеясындағы ұксастыктарды ашып талдау.
ә) Осы әңгімедегі шағаланың образын шығару үшін «5 жолды өлең» жазу.
1-жолы - өлең тақырыбы (зат есім);
2-жолы - сын есім
3-жолы - етістік (тақырыпқа қатысы бар үш етістік);
4-жолы - сөйлем (тақырыпқа қатысты бір сөйлем);
5-жолы - мәндес сөз.
Мысалы:
1-жол - Шағала.
2-жол – Сүйкімді, кішкентай.
3-жол - Оқимын, таңданамын, ойланамын.
4-жол Шағала – өте сүйкімді және өжет құс.
5-жол - Теңіз құсы.
Қорытынды:Сабақ үлгісіндегі тапсырмаларды оқушының мүмкіндігіне байланысты екшеп алуды мұғалім жадында сактауы керек. Үй тапсырмасы мен оқушы білімін бағалау, окулықтагы сұрактар мен тапсырмалар мұғалімнің жоспары бойынша іске аспақ. Бастауыш сынып оқушыларына сабак арасында өткізілетін сергіту сәттерін де сабақ такырыбына сай ойластыру мұғалімнін еншісінде. Бұл сабақ құс туралы болғандықтан, ұшу, қанат қағу, қону, жүзу, балық аулау, т.б. қимылдар арқылы сергіту сәттері ұйымдастырылса, оқушылардың көңіл күйі көтеріле түсетіні сөзсіз.
Үйге тапсырма: Оқып, мазмұнын айту. 97- 98 беттер. «Алматыкітап» баспасы 2011 жыл
Бағалау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Тимок (2015-03-27) | Автор: Есеналин Жандос Габиденович E
Просмотров: 1264 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru