Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

эКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,
Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенова Гульжахан Пиримовна
БАЯНДАМА
Балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы шығармашылыққа баулу

Дастан аңыз, ертегі
Шежірені шертеді.
Тәрбиеге тәуелді,
Адамзаттың ертеңі.
Ел ертеңі білімде,
Білімді озар түбінде.
Білім- алтын ақпарат
Болып тұр ғой түбінде.

Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. . « Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизммен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет...., ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымен керек»- деген болатын. . Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалы терең ұғына білуге баулу-мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты. Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті дами түседі.
Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Шығармашылық процестің 3 сатысы бар.
- Бірінші сатысы жаңаны, өзгеше тың дүниені сезе білу, шығармашылық ой талдауға бейімділік, танымдық қызығушылық.
- Екінші сатысы шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, батылдық.
- Үшінші сатысы өзіндік сын, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу.
Оқу процесі кезінде оқушыларға экологиялық көзқарас қалыптастыру үшін, әр бала біріншіден –адамзат жаратылысынан бәрі өмірдегі барша қажеттілігін қоршаған орта табиғаттан алып отырғанын естен шығармауы керек. Бастауыш сыныптардың оқушылары жасыл-желекті күтіп –баптау керектігін өсімдіктің өсуі бәрімізді де қуанышқа бөлейді, олардың өсуі бәрімізге ұнайды, олар даламызға сән береді, біздің айналамызда көріктендіре түседі... деп түсінуге қажет. Төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында қиыстыра алғанымен олардың қиялы тұрақтап, бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды, алдын ала ой, идея, мақсат тумайды. Ой-қиял тұрақсыз болғандықтан, оны әрбір тапсырма міндет төңірегінде тұрақтандыру өте қиын. Мұғалімнің міндеті баланың қиялын, ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу. Сонда ғана керемет образ тууы мүмкін;
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымда қолданамын:
1.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
2.Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
3.Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
4.Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
5.Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
6.Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
7.Кейіпкерге мінездеме беру.
8.Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу,рөлге бөліп оқыту.
9.Экологиялық тәрбие беруде ырым –тыйымдарды ,ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану,
10.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
11.Диалог-ертегі.
12.Образға кіру.
Экологиялық тәрбие беруге бағытталған Г.Ә. Құлжабаеваның оқу-әдістемелік кешенін өз сабақтарымда қолданамын. Атап айтқанда :
-Әліппе сабағында 42 әріпке байланысты әрбір гүлге арналған
өлең жолдарын жаттата отырып,сөздерді буынға бөлуге, көркем жазуға көңіл бөлемін.
-Өсімдіктер әлеміне арналған «Ертегілер топтамасын» қолданамын.
Осы арқылы табиғаттағы сан алуан өсімдіктерге қатысты қызықты
Оқиғалар арқылы әсем табиғатты сақтау, қорғау мәдениетін қалыптастыруға баулимын.
-Дүниетану пәнінен үш деңгейден тұратын «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің дидактикалық материалдарын ,боямақ альбомдарымен жұмыс істеу арқылы балалар түрлі өсімдіктердің табиғи түр- түсімен танысып, ерекше қасиеттерін байқап, танымдық қабілетіне сәйкес білімін жүйелейді.
-Өсімдіктер түрлерімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттыруға арналған суретті бүктеме көрнекі құралдарын әрбір сабақта пайдаланамын.
-Бағдарлама бойынша берілген бақылау диктанттарын да
іріктеп ,өсімдіктер әлеміне байланыстырып алдым. Олар
бағдарлама талаптарына сай өтілген тақырыптарды түгел қамтиды.Құралда
оқушыларды шығармашылық жұмысқа бейімдеуге арналған жұмыс түрлері
де бар.
-Экологиялық білім мен тәрбиені бала жанына сіңіруде ауыз-әдебиет үлгілерін пайдаланудың да орны ерекше. Мысалы, «Ер - еліне, гүл - жеріне», «Ер – туған жеріне», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Қарағайға қарап тал өсер, қырға қарап бала өсер», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Бір тал кессең, он тал ек» т.б. Мұндағы басты насихаттайтын ұстаным:
• Тәрбиенің негізі әдептілік, сондықтан өзінің өмір сүрген ортасында әдептілікті сақтау;
• Кемтар, күші аз жандарға қайырымдылық жасап, қол үшін беруге шақыру;
• Баланы жасынан еңбек сүйгіштікке шақырып, еңбекке баулу;
• Әруақытта білімге қызығып, дүниені тануға ұмтылу;
• Қоршаған ортаны, табиғат – ананы сыйлау;
• Қолыңдағы барды ысырапсыз шашпауға, яғни үнемділікке шақыру;
- «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну.
Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу.
Мысалы: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін.
Осы арқылы оқушыларды табиғат әсемдігін көре білуге , оны аялауға,қорғауға тәрбиелеймін.
- «Диалог-ертегі»
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
- «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
1. Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
2. Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Қорытынды: өзіміздің іс-тәжірибемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде жалықпай жаңа технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Экологиялық жұмыстар оқушылардың білімін ғана дамытып қоймайды,оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді.Қорыта келгенде айтарымыз – қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті көтермейді

Источник: http://БАЯНДАМА
Категория: Начальная школа | Добавил: Пиримовна (2015-04-26) | Автор: Бисенова Гульжахан Пиримовна E W
Просмотров: 201 | Теги: доклад | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 3:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru