Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Рахмет саған ,әліппе!» атты ертеңгілік
Шығыс қазақстан облысы
«Шаған кенті №24 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ

Мұғалімі: Салтанат Нәсілжанқызы Нәсілжанова

Тақырыбы: « Рақмет саған, әліппе!»
Мақсаты: 1. Балалардың алған білімдерін «Рақмет саған, әліппе!» кешінде бекіту, үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру. 2. Үйренген білімдерін ортаға салу, өнерге, сұлулыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. 3. Ата- анамен байланысты қамту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті, проектр.
Құрметті ата –аналар, және ұстаздар! Бүгінгі біздің 1- ші сынып оқушылары әзірлеген «Рахмет саған әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Әліппені бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бұл ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та қуанышты мереке.
Міне, бүгін біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы «Әліппені» бітірді. Сүйікті Әліппенің арқасында адам қатарына ендік. Әліппемен қоштасу салтанатты мерекеге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.(музыкамен оқушылар ортаға шығады)
Алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Жолбарысов Нұрлан Мұстафаұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Еңбегімен елге сыйлы
Барлық адам мақтаған.
Бізге оқытқан Әліппені
Ұстазымыз жақсы адам
2-жүргізуші:
Ғұлама білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан.
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан.
1-жүргізуші:
Ғарышкер ұлы батырдан,
Өнері тасқан актерден.
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден.

2-жүргізуші:
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас, кәріден.
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың алғыс.
1-сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні.
Ұстазым 1. Ұстазым менің ұстазым Білімнің нәрін берген Ұстазым менің ұстазым Тәрбие тәлім берген
Қ-сы:
Ұстазым менің ұстазым Ақылшы дана өзіңсің Ұстазым менің ұстазым Өмірде дара өзіңсің Ұстазым менің ұстазым Баршаға өзің үлгісің Ұстазым менің ұстазым Құрметке лайық өзіңсің
2. Ұстазым менің ұстазым Шәкіртің ізіңе ерген Ұстазым менің ұстазым Ілім мен білім терген
1-жүргізуші:
Әліппе – оқу мен жазуға үйрететін алғашқы оқу құралы. Дегенмен осы Әліппе атауы қалай пайда болғанын балалардың бәрі біле бермейді.
Бұл сөз тілімізге араб алфавитінің бірінші әрпі «Әліп» пен кейінгі «би» әрпінің қосылып жазылуынан құралып, сауат ашу құралына айналып кеткен.
Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік.осының бәрін бізге үйреткен кім?
- Мектеп. Мұғалім. Әліппе. Ата-ана.

2- жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Әліппеге арнаған,
Мерекені бастайық.
Айтыңдаршы, балалар,
Болашаққа жол ашар.
Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не?
Ол сүйікті....(хормен) Әліппе
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
- «Әліппе», «Әліппе», «Әліппе»,
Әліппе :Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата – ана,
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
1 – жүргізуші:
-Әліппе, сізге арнаған өлең жолдарымызды қабыл алыңыз.
1-оқушы: (Бақдаулет)
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны әліппе.
2-оқушы: (Дильназ)
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы: (Нұрасыл)
Бар әріпті үйреткен
Міне менің әліппем
Жақсы оқимын сабақты
Әріптерді танып мен
4-оқушы: (Наргиз)
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
5-оқушы: (Дильяра)
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
6-оқушы: (Назерке)
Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Әліппе көп – көп рахмет
7 -оқушы: (Айгерім)
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердімәріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді
8-оқушы: (Арнур)
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйіктіәліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен

9-оқушы: (Бекарыс)
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Оқы, үйрен, жалықпа
Тырмысып бақ намысқа.
10-оқушы: (Аружан)
Афавитті білдік біз
Онда жүйе қалып бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2-жүргізуші.
Әліппе әнін қабыл алыңыздар.
Әліппе 1.Үйретеді әліппе
42 әріпке
Ең алғашқы кітабың
Әліппені дәріпте
Қ-сы:
А дегенің ана
Ә дегенің әке
Б дегенің бала
Естіп жүрме шала
А дегенің ата
Ә дегенің әже
Б дегенің бата
Мұны есте сақта
2.Әліппені алайық
Парақтап біз қарайық Әріптерді үйреніп
Әсем әнге салайық
. Көрініс көрсету «Шалқан» ертегісі.

2 – жүргізуші:
Әліппемен хош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
- Ендеше Әліппеге не деу керекпіз?
- Әліппеге рақмет

- Олай болса, Әліппені шығарып салайық.
- Қош бол құтты Әліппем! (хормен)
1-жүргізуші:
Олай болса ортаға жаңа оқулығымыз .Ана тілін шақырайық.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін
Ақылы мен таңымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілім – ұраным
Ана тілім –құралым
Ана тілім –болмаса
Мықты болмыс тұрағым.
Ана тілім – елдігім
Ана тілім –ерлігім
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім
1 – жүргізуші:
Ана тілі төрімізде отырып балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Күнделікті сабақта
Кезек пен кезек жүретін
Оқу, білім беретін
Береміз кезек пәндерге.
Мұғалім:
Математика жұмбақ есептер:
1.Далада жүр екі ешкі Қорада тұр бес ешкі Екі ешкі мен бес ешкі Болды бәрі неше ешкі
2.Шашылған жемге жиналды
Алты тауық үйдегі
Үшеуі кетті су іздеп
Сонда қалды нешеуі
Ағылшын тілінен.
1- ден 10-ға дейін санау. «Мен Қазақстанмын» әні.
Дүниетанудан
- Жанды денелерді ата.
- Табиғат құбылыстарын ата
- Жабайы аңдарды атаңыз
- Жеміс ағаштарын ата.
Әліппеден.
- Алфавитте неше әріп бар?
- Сөйлем қандай әріптен басталады?
- Балапан, Астана сөздерін буынға бөл
- Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?

Ән:
Рақмет саған Әліппе
1.Алғашқы рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым
Білім атты әлемге аштым жол
Рахмет саған әліппе қош сау бол
Қ-сы:
Әліппе,әліппе
Арналады бұл күн жыр саған
Әліппе,әліппе
Алғысымыз шексіз біз саған

2.Көмегіңмен өзіңнің әліппе
42 таныстық әріппен
Ең алғашқы білімді алдық мол
Рахмет саған әліппе қош сау бол
«Ана тілі»-әні Дулат пен Балжан атынан қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Би: «Балапан» биін тамашалаңыздар
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларың,
Әліппеден нәр алар даналарың.
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Барына риза болсын көрермендер
Үйренгенді көрсеттік бүгін біздер
Әліппемен қоштасуды тәмәмдасақ,
Тағы да жүздесерміз аман болсақ.
Ертеңгілігіміз ата – аналардың құтықтауларымен және шашуымен аяқталады.
Категория: Начальная школа | Добавил: zhannaSS (2015-09-29)
Просмотров: 1041 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru