Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

өзін-өзі танумен қазақ тілінінен интеграция
ҰҒПББСО "Бөбек"
Оқу - сауықтыру кешені
Жакашбаева Эльвира Баймуратовна
Сынып : 4
Қазақ тілі
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сүйікті жемісім - алма
Сабақтың құндылығы: ішкі тыныштық
Қасиеттері: табандылық,білімділік,мейірімділік,шыншылдық
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тақырып көлеміндегі лексикалық біліктерді игерту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін тақырып бойынша жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Дамытушылығы: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын тақырып бойынша дамыту. Білім деңгейін көтеру. Сөздік қорын толықтыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кесте
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, өзін-өзі тану
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу
ә) топты түгендеу
б) сабаққа даярлықтарын тексеру.
Тыныштық сәті:
Балалар денелеріңді түзу, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларың жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезініңдер.

2. Үй тапсырмасын сұрау:
Сөздік сұрау
3. Шаттық шеңбері:
Бір-біріне жақсы тілек айту
4. Сабаққа кіріспе.
а) Ауызекі сөйлесу: не жаңалықтар бар?
ә) Кезекшімен әңгіме
Дәйек сөз.
Аялауды табиғаттан үйрен.
Халық даналығы
Бұл дәйек сөзден не түйдіңідер?

Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен таныстыру.
1.Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды,
2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады,
3. Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы оны қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
Тапсырмалармен жұмыс.
1-тапсырма. Мәтінді оқы.
2-тапсырма. Диологты досыңмен жалғастыр
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Бір үзім нан
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен.
Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған-алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күн қарны ашқан бай кедейге:
- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.
Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.
- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді.
Ақыры аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні орай айтылғаны екен.

Сергіту сәті

Сергіту сәті:
1, 2 басымыз тік
3, 4 қол созамыз
5 - дегенді қолды сермеп
6 - деп партаға отырамыз
Әдептілік сақтап ойлаймыз
Әдептілік сақтап өрлейміз

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз
5-тапсырма. Біліп ал.
Сабақты бекіту.
6-тапсырма. Сәйкестендіріп оқы
Жазылым әрекетіне аударма арқылы берілген тапсырманы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттері бойынша бірінші ауызша орындату. Тапсырманы қазақ тіліне аудартып, оқушылардың түсінігін тексерсе де дұрыс.
Соңғы тыныштық сәті: - Балалар бүгін сабақта алған білімдеріңді, үйренген жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап,жүректеріңе түйіп алыңдар.

7. Бағалау. Оқушыларды берген жауаптарын ескере отырып, әділ бағалау.
8. Үй тапсырмасы: диолог құру
Категория: Начальная школа | Добавил: Баймуратовна (2015-10-12) | Автор: Жакашбаева Эльвира Баймуратовна E
Просмотров: 2370 | Комментарии: 2 | Теги: школа, казак тілі | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru