Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану(баяндама)
ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы
«Абай атындағы орта мектеп-лицейі және балабақша»
Баймурзаева Гаухар Талгатовна
бастауыш сынып мұғалімі
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану(баяндама)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталатынын кез-келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежес Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі –білімді ұрпақ. Қазақстан экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаларда көрсетілген міндеттердің бірі - 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңыртумен қоса жүзеге асыру.
Бүгінгі білім беру саласындағы проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді.
Ендеше 12 жылдық білім – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін бірден-бір тиімді жол.
Н. Ә. Назырбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жола қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен-ақ білім беру жүйесін әдәс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз.
Білім бастауы- бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып келбетін сомдауға үлес қосады. Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты-оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс- әрікетінің негізгі компонеттерін игеру. Бастауыш мектептегі оқу әрікетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау бойынша қажетті білім , білік дәне дағдыны қалыптастыру. Бастауыш класс оушылары қиялға көбірек берілетін, сенгіш балалар. Сондықтан сабақта баланың танымдық қабілетін , қиялын, дамытуға негіздеу керек.
іҚазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуы, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңсітігімен сабақтастыру.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.
Оларға мыналар жатады:
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барылығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі – оқушы, оқушылар толы сынып, мектеп болса білім сапасы осы баспалдақтардың әрбір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. Қазіргі таңда СТО технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды салыстыру нәтижесі:

СТО сабақтарында Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді. Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.
Белсенділік жоғары болады. Белсенділік орташа деңгейде.
Оқушының жеке жауапкершілігі басым. Оқушының жеке жауапкершілігі төмен.
Қызығушылығын істе байқатады. Қызығушылығы бірқалыпты.
Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасқан. Өз ойларын еркін жеткізеді. Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.
Сабақта көп жұмыс жасайды.
Шығармашылық қабілеттері артқан.
Сабақта еркін сөйлеуге тырысады. Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Инновациялық технологиялардың бірі – ақпараттық технология.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.
Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.
Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.
Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық сабақтар беруі дегеніміз - оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.
Ойлау қабілеті бұрынға технологиялар арқылы беретін ойлау жүйесінен өзгеше болғандықтан, тек ойлау қабілеті түсінгі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғары деңгейде болады. Интерактивты құралдардың ерекшеліктерін атап өтуге болады.:
1. Бормен тақтадан алынған суретті интерактивті тақтадан түрлі- түсті айқын, ұқыпты, суреттермен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен ұқсас тақырыптарды түсіндіру қиын.
3. Слайдартарды, флепчарта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4.Сабақта Activ Ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. Activ Wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге болады.
6. Сабақта көрнектілікті қолдану деңгейі артады.
8. Оқушының білім деңгейіне жақсы әсер етеді.
Бұл- менің күнделікті қолдану кезінде байқағаным.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Категория: Начальная школа | Добавил: гульнараж (2015-12-04)
Просмотров: 1067 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 1:25 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru