Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Ғылым таппай мақтанба» Абай Құнанбайұлы
Мұғалім: Бекзат Айжан
Мектеп: №8 мектеп-гимназиясы
Сынып: 2 «Ә»
Пән: Әдебиеттік оқу
Өтілген уақыт: Ақпанның жиырмасы.
I.Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» Абай Құнанбайұлы
II.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Абай атамыздың өмірі,
шығармашылығы туралы тереңірек білім
алуына, адамның ішкі жан дүниесін
түсінуге,ақынның данышпандығын
тануына жол салу;
2.Дамытушылық: Абай өлеңдері арқылы
практикалың білім дәрежелерін одан әрі
кеңейту, оқушылардың ой-өрісін,
сауаттылығын, сөйлеу тілдерін өлең
жолдарындағы көркем сөздерді жинақтау
арқылы молайта түсу;
3.Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы-
жаман қасиеттерді тани отырып,
адамгершілік тәрбиесіне баулу;
III. Сабақтың түрі: Жаңа білімді енгізу
IV.Сабақтың типі: Ашық сабақ
V.Сабақтың әдіс-тәсілі: 1. Түсіндіру
2. Әңгімелеу
3. Сұрақ-жауап
4. Көрнекілік
5.Топпен жұмыс
VI.Сабақтың көрнекілігі: Сызба-кестелер, Абай атамызыдың
портреті, слайд, компьютер, ребус,
текше, «Аңыз адам» журналы т.б
VII.Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, еңбек,музыка
VIII.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Дайындық кезеңі;
- Психологиялық ахуал:
Әрбір адам?
-Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ?
-Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің?
-Тірлік, тірек, адалдық.
Әрбір сөзің?
-Шындық, бірлік, адамдық –дей отырып бүгінгі сабағымызды бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-Тарауды қайталау;
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру:
-Балалар өткен тараудан алынған сұрақтарға жауап берейік. Осылайша жасырынған жаңа тарауымызды ашып алайық .
1. «Қайрымды бала» мәтінінде неше кейіпкер бар?
2. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» мына мақал тараудағы қай шығарманың мазмұнын, ойын ашады?
3. Құмды далада қандай оқиға болды? Қарт адамның шөлді жерде қалуы: а) Әкелік қамқорлық па? ә) Адамгершілік пе?
4. Тақырыптың дұрыстығын таңда:
«Әжесін қайсысы сыйлайды?»
«Әжесін қайсысы жақсы көреді?»
5. Тарауда оқыған қай шығарма саған ерекше әсер етті?
-Жарайсыңдар балалар өткен тарау туралы біршама мәліметтерді еске түсірдік, осылайша жаңа тарауымызды да ашып алдық?
-Ол қалай аталады екен?
-«Адам болам десеңіз».
-Иә, біз бұл тараудан адамгершілік қасиеттерге бай, адамдыққа жетелейтін тақырыптармен таныс боламыз. Соның бірі бүгінгі өтетін тақырыбымыз- «Ғылым таппай мақтанба».

Жаңа сабақ
1.Қызығушылықты ояту:
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Қазіргі таңда әлемде Абайды танымайтын жан жоқ десек, дұрыс айтқан болар едік. Мысалы, көршілес Ресейде Абай күндері өткізіліп тұрады.
-Ал сендер Абай туралы, оның өмірі жайлы не білесіңдер?
-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
Керек дерек.
Абай- осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған тобықты руының ішінде, 1845 жылы дүниеге келген. Абайдың өз әкесі- Құнанбай, оның әкесі- Өскембай, үшінші атасы- Ырғызбай. Бұлардың барлығы- ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ер жетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы дүниеге келген. Құнанбайдың шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған деседі. Мұның ақын болатын немерсеі Абайдың бала, бозбала күнінде аулының бәрі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Кәріліктен құлағы естімейтін болған. Балаларына дұға оқытып, үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен. Ақынның өз шешесі- Ұлжан. Ол сабырлы мінезді кісі болған. (слайд жүргізіліп тұрады.)
2.Мағынаны тану.
Сонымен Абай атамыз аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер, ұлы ойшыл, ақын, ғұлама адам болған екен. Бүгін біз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен танысып, топпен жұмыс жасаймыз.
- Өлеңнің бастапқы шумақтарын еске түсірейік.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге...
- Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқып беруі.
Ғылым таппай мақтанба
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Абай Құнанбаев

- Оқушыларға тізбектеп, әсерлеп оқу түрлерін ұсыну.
- Ақын өлеңінде бізді кім болуға шақырып тұр?

3.Топқа бөліну:
-Ал балалар қазір біз төрт топқа бөлініп жұмыс істейтін боламыз. Өздеріңнің аттарыңды білу үшін мына ребусты шешіңдер.
-«Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз» топтары;
-Ал енді балалар алдын –ала дайындалған Абайдың өз мезгіліне сәйкес өлеңін тауып, мәнерлеп оқу;
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Жаз
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

4.Шығармашылық тапсырма:
«Кубизм» стратегиясы бойынша топтарға Абайдың қара сөздерін бөліп беру;
-Әр топ өздері таңдаған қара сөзді оқып, мазмұнын өз қалаулары бойынша бейнелеуі керек. Ол сурет, сахналық көрініс түрінде немесе өз түсініктерін айтып жеткізуі мүмкін.
Отыз жетінші қара сөзі:
1.Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
2. Биік мансап - биік жартас
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
3. Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
4. Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

5.Сергіту сәті:
-Ал енді балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, би билеп алайық.
«Қара жорға» биін билеу, кірпімен бірге.
6.Ойтолғау:
«Менің Абай атам» атты айдармен бүгінгі сабақтан түйген ойларын қағаз бетіне түсіру;
Мысалы: «Менің Абай атам-жаны таза, ақкөңіл, сезімі терең ақын. Себебі ол адамның жан дүниесін, күйзелісін сезіне, түсіне білген. Тіпті мен таңдаған шумақта да ол айқын көрініп тұр. Атамның өлеңдері мені еліктіріп, өзіне тартып тұрады. Сондықтан ол- менің Абай атам», т.с.с.
-Оқушылардың жұмыстарын «Автор орындығында» тыңдау;
XI. Рефлексия:
-Балалар бүгін біз сендермен Абай Құнанбайұлы туралы , оның өмірі, өлеңдері, шығармашылығы, қара сөздерімен таныстық. Біздің бүгінгі сабақтан білгеніміз біреу болса, білмейтініміз әлі тоқсан тоғыз. Сондықтан адам болам десеңдер ғылым, білім іздеу керек.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтпақшы : «Көзімнің қарасы» әнімен сабағымызды қортындылайық.
X.Үйге тапсырма:
129-бет, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау, Абай туралы қосымша мәліметтер жинастыру;
XI.Бағалау:
-Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға Абайдың өлеңдері жазылған шағын кітапшасын сыйлау;
Оқушылардың білімдерін бағалау;
Категория: Начальная школа | Добавил: ayzhanbekzatkyzy (2016-01-06) | Автор: Бекзат Айжан E
Просмотров: 1393 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru