Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Арайлы алтын күз
Тақырыбы: Арайлы алтын күз.
Мақсаты: Күз мерекесіне байланысты оқушылардың білімдерін кеңейтіп, осы тақырып төңірегінде білімдерін шыңдай түсу.
Ойын ойнап, ән салып, би билеп күз мерекесіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Білімділікке, әсемдікке, ізденімпаздылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: күз мерекесіне байланысты нақыл сөздер.
Мұғалім: Өрік,алма,шие, алша,
Жидек,жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қандай кез болады?
-Балалар, күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Бау-бақшамызда жеміс-жидектер, көкөністер піседі. Енді осы жеміс-жидектер мен көкөністердің өнерін тамашалайық.
Диаш:Асханадан шықпаймын,
Атым Пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Алтынай:Өсіремін бойыңды
Дамытамын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Назгүл:Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен – Қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Әли:Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым Қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суарып.

Қазбек:Картоп біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.

Әлішер:Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар Қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.

Диана:Нарттай қызыл Алмамын,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.

Данара:Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде,
«Менен аулақ жүр» деймін.
Уылжыған Өрікпін,
Мен бау-баққа көрікпін.

Бекежан:Шиемін мен, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.

Ерсұлтан:Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпеді,
Түймелеуге жетпеді.

Ақнұр:Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес келісі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші.
Ойын: «Қандай жеміс?»

Марғұлан: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Қуаныш:Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Жансұлтан:Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта атырап
Көз тартады күлімдеп.
Мұны көріп қалай біз
Теңемейміз сары алтынға.

Алуа: «Күз жомарт» дейміз біз,
Не деген дәмді жемістер,
Не деген тәтті көкөністер!
Жемісті жесең кемістер
Болмайды сенің бойыңда,
Болсыншы осы ойыңда.

Арай:Мен алмамын, алмамын,
Таңдай тұшар дәмім бар.
Дастарқанға көрік беріп,
Келтіремін бар сәнін.

Нұржігіт:мені бәрі жүзім дер,
Бір-бірлеп-ақ үзіп жер.
Дәмі кетпей аузынан,
Жеген адам шырын дер.

Ернұр:Құстар қайтып ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

Жансерік:Ал, балалар, балалар,
Астық, жеміс жиналды.
Ардақты күз, мың алғыс,
Алдым өнім сыйыңды.
Көбейді құт-береке,
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Аружан:Айтқан ата-баба да
«Арпа, бидай ас екен».
Ас болмайтын адамға,
«Алтын, күміс тас екен».

Әли:Іші тлған мәруат,
Дәні қандай әйбат.
Үзесің бірден үзіп,
Оның аты (жүзім)

Бейбарыс:Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты (жаңғақ)

Раушан:Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бау.
Күрең қызыл, шіркін-ай,
Оның аты (құлпынай)

Ойын: «Кім жылдам?»

Гүлден:Қыркүйек кеп, күз келіп,
Шопан көшті күзеуге.
Мектепке бет түзеді,
Гүл құшақтап көп бала.

Раушан:Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық, адал достықпен
Сәтті болсын өмірің.

Ерназар:Күздің қараша айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбыр-сыбыр түседі.

2-сыныптың оқушыларының орындауында ән, билерін тамашалау.
Бекарыс:Көбейді құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Тимур:Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген!

Мадияр:Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Сабыржан:Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
3-сынып оқушыларының орындауында би.

Жанел:Көңілімді кіршіксіз аралаған,
Қимастық бар жанымды жаралаған.
Тіршілікте сыйлаған мерекені,
Қош деймін күрең күзім берекелі.

Ақжол:Тамылжып тұр даламның алтын күзі,
Сәл ғана сарғылт тартқан жердің жүзі.
Мейірімді өнерпаз жаз аттанарда,
Жасауын тапсырғандай алтын күзге.
4-сынып оқушыларының орындауында ән, билерін тамашалау
Ойын: «Сиқырлы жүзім»

Көркімен жаз жадырап күліпті күз,
Сұлулықты көргенге үміттіміз.
Күз үлгісін көсетіп баршамызға,
Қуаныш сыйлап кетті бүлдіршіндер.
Келесі кезекте біздің кішкентай аруларымыз бен ержүрек балақайларымыздың осы кешке арнап дайындаған сән үлгілерін тамашалаңыздар!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Егерде сіздер рұқсат етсеңіздер,
Осымен кешімізде аяқталды.
Құрметті ата-аналар, келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Категория: Начальная школа | Добавил: marzhan78 (2016-01-09) | Автор: Ахмадиева Маржан Ахметбаевна E
Просмотров: 942 | Комментарии: 2 | Теги: Ертеңгілік | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru