Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Желтоқсан жаңғырығы
Тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы. Мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен , бойында ұлттық рухы, Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.
Көрнекілігі: лозунг, плакаттар, буклеттер.
Барысы: І. Кіріспе сөз.
Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986- жылдың желтоқсан айы қай қазақтың жүрегін сыздатпайды, кімнің көңіліне жара салмайды!
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған күн болды. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба салып, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар- намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан – ұрпаққа үлгі. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.
1. Қасқалдақ ұшып көлінен
шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
2. Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бұл күнде
Қайғыға халық батқан күн.
3. Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
4. Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып- қызыл мұз боп жатқан күн.
5. Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн,
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН- дар бастан тепкен күн.
Бұл желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сияқты батыр ұл- қыздарымыздың бар екендігін дәлелдеп берді. Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық...
Қайрат жайлы монолог.
6. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Үйдегі жеті баланың үшіншісі болып дүниеге келген Қайраттың әуелгіде , әскерден оралған соң, өнер ұяларының біріне бармақ ойы болған. Әкесі Ноғайбай ақсақал мен анасы Дәметкен апа осщзы күні бас шайқасып отырып еске алады: « Балалықпен айтып жүрген шығар дедік қой, қайдан білейік...»
Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Мына бір жолдарға құлақ түріп көріңізші:
7. Күнәдан таза басым бар, Қайрат деген атым бар,
Жиырма бірде жасым бар, Қазақ деген затым бар,
Қасқалдақтай қаным бар, « Еркек тоқты - құрбандық»,
Бозторғайдай жаным бар, Атам десең, атыңдар!
Алам десең, алыңдар!
Бұл- пешенесіне жазылған азғана ғұмырының соңғы сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рақым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі. Лүп- лүп соққан балаң жүректің , өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі. Жан сыры. Соңғы үміті...
Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып кетті.
8. Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке « Халық қаһарманы » атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі « Алтын жұлдыз» тапсырылды. Ержүрек қыздарымыз Сәбира мен Ләззатқа ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Осы оқиғадан кейін арада бес жыл өткенде, яғни, 1991- жылдың 16- сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл , міне, сол тәуелсіздігімізге 24 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді ҚАЗАҚСТАН мемлекетіміз!
Он ек екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанова Ләззатың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхамеджанқызы Сабираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт- тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды.
10. Көк аспанда тулардың,
Желбіреген күні- бұл.
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні – бұл.
11. Жұпар шашқан гүлімнің,
Жаңа ашылған күні- бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні – бұл.
12. дүбірлетсін өңірді,
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні!
Қорыту.
Сонымен , балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне де жетті. Өздерің айтқандай, тәуелсіздігіміз жолында қанша ер азаматтарымыз, қара көз қыздарымыз қыршын кетті. Олардың ерлігі мәңгі біздің жадымызда. Сол аға- апайларыңның арқасында қол жеткізген тәуелсіздігімізді қастерлей білейік! Ендігі кезекті ойынға берейік. ( Болашақ ойыны)
Тәрбие сағатымызды Ескендір Хасанғалиевтың « Атамекен» әнімен аяқтайық.
Категория: Начальная школа | Добавил: aigulya_110175 (2016-01-12) | Автор: Сакпегова Жанар Абеуовна E
Просмотров: 731 | Комментарии: 1 | Теги: 3 класс., утренник | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru