Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сөйлем.Сөйлем түрлері.
Ш.Қ.О. Аягуз ауданы. Тарбағатай ауылы.
"Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп"К.М.М.
Ережепова Гулмира Төлеугажиевна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Сөйлем түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем және оның түрлері жайлы білімдерін еске
түсіре отырып толықтыру.Сөйлемді айтылу мақса-
тына қарай ажырата білуге машықтандыру және
сауаттылықтарын арттыру.
2. Оқушының танымдық белсенділігін
арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, адамгершілік негізінде
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: қайталау,ойын, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
* амандасу.
* оқушыларды түгендеу.
* шаттық шеңбер
II.Үй тапсырмасын пысықтау.
• Ертегі құру,соған қатысты сурет салу.
III.Жаңа сабақ. Сөзжұмбақ шешу.
1.Жылт-жылт еткен,
жырадан өткен (су)
2. Өзі тәтті,
Тәттінің іші қатты,
Қаттының іші тәтті.
(өрік)
• Жүрсе ізі жоқ,
Сойса қаны жоқ.
(қайық)
4 . Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
(алма)
5. Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
(жеміс)
6. Өзі арық, сөзі әріп .
(қалам)


Топтастыру

• Сөйлем сөзден құралады.
• сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
• сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
• сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады
• сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады
• сөйлем тиянақты ойды білдіреді
Ой толғау: «Тыныс белгілері» ертегісі.
Ертеде «тыныс белгісі» деген ақылгөй шешейдің 3 қызы болыпты.
Бірінші қызы тиянақты, сабырлы сөйлейтін, екіншісі тек сұрағанды біліпті, ал үшінші қызы бірде ренжіп, бірде қуанып, бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан ақылгөй шешей 3 қызын да ақылмен бір іске жұмсай алыпты.
-Қалай ойлайсыңдар сөз не туралы айтылып тұр?
-Нүкте,леп белгісі,сұрақ белгісі .
-Балалар біз сендермен сөйлемнің түрлерін анықтадық.

лепті
хабарлы
сұраулы

Әрқайсысының анықтамаларын оқушыларға айтқызу.
1.Бірдеңе жайлы хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
2.Жауап алу мақсатында айтылған айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем
дейміз.
3.Лепті сөйлем адамның көңіл күйін,сезімін білдіреді.Олар көтеріңкі
дауыспен айтылады.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
-Сөйлем,сөйлем түрлерін еске түсіру.
-өте жақсы.
Сергіту сәті.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.

• тапсырма. Берілген сөздерге қосымша жалғау арқылы сөйлем құрастыр.

І топ

Отан,азамат,қолында,
болашақ,,білімді ұрпақ. ІІ топ

Ұлан,тәуелсіз,бақыт,
біз,ел. ІІІ топ

Егеменді,ел,ту,көк,
биік,желбіре.
Тақтамен жұмыс: құраған сөйлемдерін жазу.

2- тапсырма.

І топ ІІ топ ІІІ топ
Лепті сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдердің айырмашылықтарын айт Сөйлемнің 3 түріне мысал келтір

3-тапсырма.
-І топ ІІ топ ІІІ топ
Сызба бойынша сөйлем құра

Сөз құрастырып жаз

зақстанқа
менегеді
сыбаел
кетлемет
лықтута
лікбір «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз жазып шық.

4- тапсырма
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ребусты шеш.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыр.
1.Сырғанақ, бірнеше бала, теуіп жүр.
2.Адамға, пайда, келтіреді, құстар көп.
3.Ол,айырылып,қалды, шанадан,абайсызда.
4.Төмен,шана,қарай,сырғанай жөнелді.
Дұрыс тапсаң, мақал шығады.
• 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ж Р Е І Б Й А Ы Д Ң Л

1 3 2 4 5 7 6 9 8 10 3 11 4 5 7 6
Ребус

ІV.Бекіту:
Ал ,балалар сөйлем тақырыбы бойынша нені еске түсірдік?
-Сөйлемнің түрлерін ажырата аламыз.
-Біз сөздерден сөйлем құрастыра аламыз.
-Сөйлемнің 3 түріне мысал келтіре аламыз.
-Сөйлем құрған кезде сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болуы керектігін білеміз.
-Сонымен біз жалпы сөйлем тақырыбын еске түсірдік.
Қойылым «Тыныс белгілері».
Бастаушы: Ей, кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ-ау түкке!
Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі ретінде тұрам.
Бастаушы: Аузыңды ашып сұрайсың да, тұрасың,
Саған не керек?
Сұрау белгісі: Маған ең алдымен,
Сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден,
Сұрау есімдіктері керек.
Бастаушы: Сен осы неге айғайлай бересің?!
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбіне көтеріңкі, көңілді жүремін.

Семантикалық карта.

Сөйлемдер
Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
Отанымызды шексіз сүйіп, мақтан етеміз


+
Ерікті ел-Қазақстан жасасын



+
Тәуелсіздігімізге биыл қанша жыл толды


+
Мен елімді қорғайтын азамат боламын


+
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады


+

Рефлексия: «Не үйрендім? Не білдім?» сабақта не білгендерін, не үйренгендерін, не үнағандарын стикерлерге жазып жапсырады.
V. Үйге тапсырма : сөйлем түрлеріне мысалдар жазып келу.

VI. Мақтау-мадақтау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Нурдаулет (2016-01-21) | Автор: Ережепова Гулмира Төлеугажиевна
Просмотров: 1289 | Теги: Начальная школа | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru