Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойынының ерекшеліктері. 8-сынып
Сабақтың мақсаты: Волейбол ойынының теориялық негіздерін ұғындыру, түсініктерін молайту, немесе кеңейту.
Сабақтың міндеттері: 1.Волейбол ойынының тарихы, ойынның мақсаты, ойнау ережелері мен шарттары жөнінде ақпараттарды оқушылармен бірлесе отырып, талдауға үйрету. 2.Оқушыларды топпен, жұппен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Спорттың денсаулыққа пайдасын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстануға жетелеу.
Сабақ бөлімдері:№ Блумның оқу мақсаттар жүйесі (деңгей) Сабақтың тапсырмалары Ұйымдастыру әдісі.
1. Білу 1. Сабақтың мақсатын анықтау
1.1. Мақсат қою
а) – Балалар бәріміз экранға назарымызды аударып, бейнетүсірілімнен үзінді көрейік.
б) – Біз қандай үзінді көрдік, қай топтың ойыншылары?
в) Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
г) Сонда бұл тақырып бойынша не түсінгілеріңіз келеді? (Сұрақ қоя отырып, проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсат, міндеттерін оқушылармен бірлесе отырып шешу.) АКТ-ны қолданып, бейнетүсірілімнен үзінді көрсету.
Шолу жасау
1.2. Түсіну «Волейбол »
1-топ Топтастыру
Волейбол туралы не білеміз?
1.Спорттық ойын түрі
2 .Алаңда ойналады
3 .Екі топтан құралады
4..Доп пен тор қажет
5.Төреші керек
6. Ойыншы ережені білу керек
7.Спорттық киім киіп ойнау керек
2-топ Волейболдың адам денсаулығына пайдасы
1.Денсаулықты жақсартады. 2.Өкпенің дұрыс тыныс алуына көмектеседі. 3.Бұлшық еттерді қатайтады. 4.Қимыл әрекетте тез ойлауға көмектеседі.5.Ми қызметін реттуге көмектеседі.
6.Мінез-құлықты реттеуге көмектеседі.
7.Топ мүшелерімен жақсы қарым қатынас орнатуға, психологиялық ахуал туғызуға көмектеседі.
3-топ. Волейбол ойыны мен баскетбол ойынының айырмашылығы
А)Волейбол- екі топ алаңның екі жағында, өз бөлігінде ойнайды, ойыншылар орнын ауыстырып отырады, ойынға арналған тор алаңның ортасында жоғарға бекітіледі, әр топта 6 адам.
Б)Баскетбол –екі жақты ойын, ойыншылар алаңда үнемі қозғалыста болады, 5 ойыншы болады,алаңның екі шетінде екі себет тор болады.
Топтық жұмыс
2. Түсіну 2. Жаңа тақырыпты түсініп, қабылдау
а) Оқулықтағы мәтінмен танысу
Волейболды әрқайсысы 6 адамнан тұратын екі топ ойнайды. Бір топтың ойыншылары допты алаң үстінде керілген тордан асырып, қарсыласын өз жиегіне шығатындай етіп немесе ойын тәртібін бұздыратын мақсатта екінші топқа қарай бағыттайды. Алаң тормен екі бөлікке тең бөлінген , ұзындығы-18м, ені-9м болатын төртбұрышты болады. Алаңның әр бөлігінде 3метр қашықтықтағы орта және оған параллель шабуыл жиектері сызылады. Ойын алаң жиегінен тыс тұрған ойыншының допты жіберуімен басталады.Әр топ допты жерге түсітмейтіндей етіп бір-біріне 3 реттен асырмай беруден кейін қарсыласының жағына қайтара жіберуі керек. Ойыншы допқа екі қайтара қол тигізе алмайды. Ойын 3 немесе 5 партиядан тұрады.Партияны 25 ұпай алған топ жеңген деп есептеледі.Ойын топ қарсыласынан екі ұпай артық жинағанға дейін созылады. Әр партиядан кейін топ алаңдарымен ауысады.
б) Өзара оқыту ( өзара оқып жұбына түсіндіру)
Жұптық жұмыс
Оқытудағы көшбасшылық
3. Қолдану 1.Волейбол ойыны жөнінде жеке сұрақтар дайындаймыз.
2. Топқа оқимыз.
3.Топпен бірлесіп, маңызды сұрақтарды анықталды.
Келесі топқа осы сұрақтар қойылады.
4.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы «жұлдызшамен » бағаланады.
Волейбол ойыны неше топтан тұрады?
Әр топ неше ойыншыдан құралған?
Ойын ойналу үшін қандай құралдар керек?
Волейбол алаңының ауданы, ұзындығы, ені қандай болу керек?
Ойынның мақсаты не?
Ойын қалай басталады?
Әр топ өз бөлігінде бір-біріне неше рет доп лақтыра алады?
Ойын неше партиядан тұрады?
Партияны неше ұпай алғаннан кейін жеңген деп есептелінеді?
Бұл ойынды кімдер ойнай алады? (Кез келген жастағы адамдар, тіпті мүгедек адамдар да арнайы тренажерлардың көмегімен ойнау мүмкіндігі бар)
Берілген тапсырмаларға, оқушылар топтасып бір- бірімен ой бөліседі, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді, білетіндерін постерге жазып,қорғап,
бір – бірінің жасаған жұмыстарын бағалайды.
4. Анализ «Денсаулық-зор байлық »әңгімесі бойынша ой бөліс
« Сіз 12 мүшеңіз сау, денсаулығы мықты адамсыз. Егер сізге ауруға ұшыраған көмекке зәру адам сізден өтініп, бір бүйрегіңізді сатуын сұраса берер ме едіңіз? Қаншаға сатар едіңіз? Немесе көзіңізді, тіпті аяқ-қолыңызды сіз өмір бойы қаражат тапшылығына ұшырамай , мұқтаждыққа ұшырамайтын өте қымбат бағаға сат деп өтінсе сатар ма едіңіз?»
-Ендеше осы отырған әр-біріміз миллионерміз, 12 мүшеміз сау, денсаулығымыз түзу жандармыз. Сондықтан денсаулығымызды күтіп, баға жетпес байлығымызды сақтайық..
Ол үшін не істеуіміз керек?
-Дұрыс айтасыздар. Дұрыс тамақтану, киініп таза жүру, зиянды әдеттерден аулақ болу, ең маңыздысы- үнемі жаттығу жасап, денені шынықтыру екен.
Сергіту сәті: Мектептің дене шынықтыру залы. Сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырма.
топта талқылап, бір шешімге келеді, өз ойларын жинақтап,пікірлерін білдіреді,өздері дәлелдер келтіреді
5. Синтез Ойынның негізгі тәсілдері:
1)Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
* Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап ара қашықтық
6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
* Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Ара қашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
* Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.
2)Допты төменнен қабылдауды меңгерту.
* Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
* Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
* Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
3)Төменгі тікелей беру.
*Бастаушы волейбол торына қарап тұрып, салмақ орталығын аяқ артқы жақта тұрған аяққа ауысытырады.
*Допты ұратын қол шынтағының буынынан бүгілген тура артқа жіберіледі.
*Келесі қолында допты белінің деңгейінде ұстап тұрады.
*Допты 20-30см биіктікке жоғары лақтыра сермеп, соққы береді.
Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Ойын ережесін
Білу.
5 Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауы
4 Допты төменнен қабылдауы
3 Допт.екі қолмен төменге тікелей беру.
2 Белгі
бойынша тоқтау,
қабылдауды меңгеру
1 Барлығы
Куанов
Жеке және топтық жұмыс.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.
6. Бағалау 1.Жеке жұмыс,топ жұмысын бағалау
2.«Волейбол ойынының маңызы»тақырыбында ақпарат дайындап келу. Бағалау әр топ өзара бағалайды. Рефлексия: Сабаққа ұсыныстарын білдіру смайликтерді қолдану.Екі түрлі смайлик қойылады, оқушылар стикерлерге өз пікірлерін жазып қалдырады

Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауылы
КММ «Н. К. Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Муканбаев Даурен Жаксылыкович
Категория: Начальная школа | Добавил: tigra-0874_74 (2016-01-26) | Автор: Муканбаев Даурен Жаксылыкович E
Просмотров: 850 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru