Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Молжигитова Адина
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Білім берудегі жаңашылдық заманауи мектептердің алдына сауатты, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуді мақсаттайды. Сабақтың негізі шығармашыл адамзаттың жеке ерекшелігін жүзеге асыру деп сипаттайды. Жеке ерекшелік деп әр адамның бірегейлігін, қайталанбастығын айтады. Адамның бірегейлігі шығармашылық мәселесімен тығыз байланысты. Шығармашылық дегеніміз жаңа көзқарас, жаңа тәсіл, жаңа шешім яғни үйреніскен ой-өріс пен тәлімнен бас тарту. Осылайша баланың шығармашылық ашылуы дегеніміз бұл оның жеке бірегейлік, даралығық қасиеттерінің ашылуы деген сөз. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту оқыту барысындағы басты тапсырмалардың бірі болып табылады. Терең және мықты білім, икем мен дағды, орнықты танымдық қызығушылықтар, білуге құштарлық, тапсырмаларды орындау барысындағы жігерлілік, мақсатқа талпынушылық және қайсарлылық мұның бәрі шығармашылықтың алғы шарттары. Оқушының шығармашылық қабілеті деген ұғымды мен олардың жаңа білім беру өнімдерін жасап шығаруға бағытталған қызметтері мен әрекеттерінің жүйелі мүмкіндіктері деп түсінемін. Заманауи білім берудің мақсаты баршаға ешбір шектеусіз өзінің дарыны мен шығармашылық шамасын көрсетуге мүмкіншілік беру. Оқу және оқудан тыс уақытта инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отыра бастауыш сынып оқушысының адамгершілік-рухани тұрғыда, танымдық-шығармашылдық қарым-қатынаста тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін тұлғалық-бағыттық тәсіл негізінде қатысушыларға білімдік-тәрбиелік орта қалыптастыру, инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдана отыра баланың шығармашылық ойын білдіре алу қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау, сабақтан тыс әрекеттерді қолдана отыра бастауыш сынып оқушысының тұлға ретінде қалыптастыру процесін жетілдіру қажет.
Бастысы оқу процесіндегі шығармашылық қызметті мен тұлғаның бойындағы қасиеттер жиынтығын дамытуға жағдай жасайтын қызмет ми белсенділігі, қағылездікті, бейімділік пен зеректілікті, нақты бір практикалық жұмысты атқаруға қажетті білім алуға талапты, шешім қабылдай алуды, еңбексүйгіштікті қарастырамыз.
Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ оқу мен тәрбие алудың ең басты нысаны болып қалады. Ең алдымен оқу процесінде ғана олардың қиялы, фантазиясы, анализдеу мен синтездеуге қабілетін қалыптастырады. Осы жағдай менің бастауыш сынып оқушылары жай ғана білім қорын молайтып қана емес сонымен қатар олардың ми белсенділігін, танымдық қызығушылығын, шығармашылығын дамытуы үшін түрлі жолдар мен дидактикалық тәсілдер іздеуіме себеп болды. Өз жұмысымда мен жұмыстың мынадай түрлері мен тәсілдерін мәселелік үйрену әдісі, зерттеу қызметі, сыни ойлау әдісі , бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетіндегі шығармашылық қабілеттерін дамыту, портфолия технологиясын қолданамын.
Түрлі әдістерді қолдану оқушыларға жұмысты қызығушылықпен атқаруға мүмкіндік береді және мүдделері, қызығушылықтары, қабілеттері әр-түрлі оқушылар үшін бағытталған.Сонымен қатар іздеу белсенділігіне сабақ арқылы да қол жеткізуге болады. Бұл қазақ тілі және әдебиеті сабағы. Мұнда балаларға үлкен мүмкіндіктер беріледі, себебі тіл дамытуға қатысты тапсырмалар олардың өз әрекеттерінің түпкілікті мақсаттарын анықтауға, түрлі жауаптар ойлап табуға, өз ойын байыппен жеткізуге жағдай жасап, материал таңдауға бостандық береді. Неғұрлым жемісті зерттеушілік дағдылары оқушылар әдеби шығармашылықпен және шығарма жазуға даярлық кезінде сөздіктер қолдануы арқылы қалыптасады. Шешендік, тіл байлығы дегеніміз кез-келген шығармашылық негізі. Тіл қызметі оқу процесінің бөлінбейтін бөлшегі олай болса, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бір қарағанда қиын болып көрінетін жаттығулар мен тапсырмалардан бас тартпауы тиіс. Талаптар деңгейі бүгінгі мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарағанда жоғары болуы қажет. Шығармашылық қабілеттер дамытудың негізгі бағыттары болып ойын ойнау, шығармашылық мазмұндама, шығарма, диктанттар, сабақтың сюжеттік және тематикалық циклдары, сабақ панорамасы, зияткерлік ойындар болып табылады. Сабақтан тыс уақытта шығармашылық қабілеттерді дамыту дегеніміз оқу мен тәрбиенің бірлігі бұл дегеніміз педагогиканың іргелі қағидалары. Шығармашылық ойлау бейнелеу, музыкалық, театрланған қызметте қалыптасады ал шығармашылық қызмет бос уақытта қолдануға ұсыныс жасалады. Олимпиадалар, шығармашылық ойындар оқушының өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің алдында өз бағасын пайымдауға мүмкіндік береді. Толықтай алғанда бұлар оқушының шығармашылық ынтасын дамытуға қызмет етеді.
Сонымен қатар оқушылар сабақтан тыс уақытта сөйлеу шығармашылығын дамытады яғни балалар өлең шығарады, газеттер рәсімдейді, концерттерге қатысады. Түрлі жетістіктер нәтижелері: шығармашылық, оқу, жобалық, зерттеу жұмыстарын оқушы портфолияға салып қояды. Атқарылған жұмыс нәтижелі болуы үшін сыныпта қолайлы психологиялық климат, ауызбіршілігі мол ұжым жасау, тәрбие деңгейін көтеру керек.
Қорыта айтқанда, дербестікті дамыту, өзінің «мен»-ін жүзеге асыруға талпыну, бастауыш сынып оқушыларының жеке таңдауын жүзеге асыру ең алдымен педагогтың оқушының шығармашылық бостандықтарын дамыту барысындағы теориялық, практикалық білімі мен тұлға ретіндегі қасиеттеріне тікелей байланысты екендігі көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.
2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
3. Ахметұлы.Қ., Баймолдаев.Т.«Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
4. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж.
5. Г. Амандыкова. «Шет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2007ж.
6. Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж. .
7. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж.

Источник: http://Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002
Категория: Начальная школа | Добавил: redaktsiyaorleu (2016-01-27) | Автор: Молжигитова Адина Ақтөбе,№3МГ
Просмотров: 983 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 8:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru