Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Cабақтан тыс іс шара 4 сынып
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

Мұғалім
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Алишер: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Дильназ: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Алишер: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Дильназ: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Алишер: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 «А» сыныбын ортамызға!

(Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.)
Алишер: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
/ Әжелер шашу шашады. /
І-жүргізуші: Құрметті қонақтар ! Сіздерді 4 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым» атты мерекелік шарасын тамашалауға шақырамыз.

Отан
Көк туым көтерілді бағым ханым
Елтаңбам төрге әлемге танылды анық
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен
Арманым - ана заңым қабылданып.

Ер тарихы, жер тарихы, өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз
Барлық ұлт пен бауырласып жетеміз
Ақ, қараны тіліп тұрса сөз емес.

Гүлдердің ертемен
Қауызын көктенбек
Мөп-мөлдір аспанын,
Таулардың қол жетпес асқарын
Ұнатам бәрін де Өйткені ол Отан - Ұлы Отан.

Қазақстан - жүз ұлттың Отаны де,
Боздамайды боз інген боталы де.
Тілі - діні, салты, дәстүрі бар,
Еңбек сүйген ұлттары жоталы де.

Біздің Отан кең байтақ,
Көп ұлттың мекені.
Біз құшақты кең жайсақ,
Әлем сыйып кетеді.
Тату елміз табысқан
Қазақстан бақастан!

Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең басқан.
Хор: Көк туым желбірегені
Дильназ: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

Алишер: Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Рамазан Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп, өстім сенде, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Дильназ: Дұрыс айтасың Алишер! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.
Алишер: Олай болса Дильназ! Алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!

Дильназ : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Алишер: Дұрыс айтасың Дильназ, ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Дильназ: Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Алишер?
Алишер: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса мұғалімге арналған жырларын тыңдайық.
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бар, ұстаздық жүрегің де?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!
Хор: Ұстазым

Дильназ: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Алишер: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек -ау.

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Дильназ: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Алишер: Иә, дұрыс айтасың Дильназ. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән « Ана жаным»

Ата - аналарға 12сұрақ
1. Нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат ( )
2. Сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? ( )
3. Мектептегі басты адам ( )
4. Мұғалімдер күні тойланатын ай ( )
5. Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не? ( )
6. Қалам мен қарындаштың үйі ( )
7. Әріптері жиыны ( )
8. Балалар білім алатын жер ( )
9. Дыбысы жоқ әріптер ( )
10. Бұрышсыз фигура ( )
11. Түнгі жарық ( )
12. Түбір соңындағы қосымша ( )

Дильназ: Құрметті қонақтар ! Сіздерді 4 «А» сынып оқушыларының дайындаған мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Концерттік номерлер:
Алишер: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле, - деп келесі кезекті бишілерге берейік.
1. Би: «Қамажай»

Дильназ: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй,- деп келесі кезекті әнге береміз.

2. Ән: «Туған жердей жер болмас» Мөлдір

Дильназ: Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі - айтыс. Келесі көрсететін өнеріміз -айтыс. Айтысты бастауға рұқсат беріңіздер!

3. Айтыс: Ансар мен Диана
4. Көрініс: Жалқаубек пен Білімбек
5. Ән: «Жалқаубеу» Ансель
6. Ән: «Қош бол,бастауыш! » Ақжан
7. Би: «Кішкентай жұлдыздар»
8. КВН қыздар
9. Би: Вальс

Алишер: Мектепті ойлап өткен айы, жыл - күні,
Сондықтан да біздің мектеп үлгілі.
Баян апай – дана кісі басшымыз.
Тәртіп пенен мәдениеттің символы, –деп келесі сөз кезегін мектеп директоры Баян Шынарбек қызына беріледі.

Дильназ: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
(Ата-аналардың құттықтау сөзі)

Алишер: Ұстазым - ұлағатым сая бағым,
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым, - деп келесі сөз кезегін қолымызға алғаш әліппені ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымыз Ардақ Закенқызына береміз.

Дильназ: Осымен «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!» атты мерекеміз аяқталды.
Категория: Начальная школа | Добавил: ardakdzhambaeva (2016-02-03) | Автор: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың E
Просмотров: 164 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 6:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru