Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ққ дыбысы және әрпі.
Тукубаева Назгуль Муртовна
«№22 ЖОББМ»
Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетіеің сабақ жоспары.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: Ққ дыбысы және әрпі.
Білімділік:Балаларды әріптер тізбегіндегі Ққ дыбысы және әрпімен таныстыру. Дыбыстар мен әріптерді айыра білуге, дұрыс дыбыстай білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін, «Ққ» дыбысына байланысты сөздер таба білу қабілетін, қиялын, тиянақтылығын дамыту. Сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды жазу технологиясын үйрете отырып,дыбыстық талдау жасай білуге, әріптерді ажырата білуге тәрбиелеу. Буындап оқи білуге үйрету. Еңбексүйгіштікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Ққ» дыбыстарына байланысты суреттер, текшелер, әріпті кеспелер, дидактикалық материалдар, ноутбук, қобыз, сауат ашу дәптерлері.
. -Балалар, сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
-Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.
-Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жылы сөз айтудан бастайықшы.
-Бүгінгі сабағымыз білім беру саласы-«қатынас», ұйымдастырылған оқу іс-әрекет-сауат ашу...
Бала бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын таңдаршы?
Қыста дала қандай болады?
-Қыс мезгілінде қандай маусымдық өзгерістер болады
Кіріспе бөлім:Өткен тақырыптады естеріне түсіру. Дыбыстарға дыбыстық талдау жасау. Әріптерді дұрыс дыбыстау.
Әріп тастамақ:
Мақсаты: Өтілген дыбыстарды қайталап, пысықтау. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға алдына әріптер тастайды. Балалар сол әріпен басталатын сөздер тауып айтады.
Қызықтыру сәті: Осы кезде есік қағылып, топқа Ойынбек кіреді. Балалармен амандасады. Ол ойнап жүріп, бір зат тауып алғанын айтады. Оның не екенін біле алмай тұрғанын айтады.
Ойынбек, төрлет, біздің балалар саған көмектеседі . Мүмкін біздің балалар оның не екенін білетін шығар.Тәрбиеші қорапты ашады. Балалар қызыға қарайды. Балалар бұл не екен.
Балалар: -қобыз.
Негізгі бөлім:Жаңа тақырып.
Бұл біздің ұлттық аспап –қобыз. Балаларға қобызды ұстатып көрсету. Қобыз туралы мәлімет айту. Ноутбуктан қобыздыың дауысын естірту.
Балалар қобыз сөзінде бірінші қай дыбысты естіп тұрсыңдар.
-Дұрыс айтасыңдар қ дыбысы бірінші болып естіліп тұр.
Қ дыбысының артикуляциясымен таныстыру. –Дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.. Айтылғанда көмейден шығады. Тез айтылады...
Қ дыбысынан басталатын сөздер айту. Суреттерін көрсету.
Суретпен жұмыс: Балалар, мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар. Иә, дұрыс айтасыңдар. Бұл қоянның суреті. Неше буыннан тұрады. Қане осы сөзді буынға бөліп көрейікші. Қо-ян. Қдыбысы сөздің нешінші буынында кездесіп тұр.

Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Бәрінен де он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
Қ дыбысының баспаша түрімен таныстыру . Жазылу элементтерін көрсету. Қарындашты үш саусақпен ұстату.
Балаларға ауада жазғызу.
Тақтамен жұмыс. Қолдарын жазуға икемдеу. Ққ дыбысының емлесімен таңбалауды қайталату, ауада жазу, дәптерге жазғызу. Көлбеу сызықтарды түсіру.
Дәптердегі суреттермен жұмыс . Қ дыбысы сөздің барлық буындарында кездеседі. Қобыз- сөздің бірінші буынында, Ұшақ-сөздің соңғы буынында,
Дәптердегі ребусты шешу.
Қорытындылау:
Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық.
Қ дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба.
Қандай текшемен бенлгілейміз.
Дидактикалық ойын: «Сөз ойла тез ойла»
Мақсаты. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа баулу.
Ойынның барысы: Тәрбиеші қай балаға допты лақтырады, сол бала қ әрпінен басталатын сөздерді айтады.
Белсенділік танытып отырған балаларды мадақтау.
Ойынбек балалар сендердің білімдерін өте мықты екен. Мен де сендер сияқты білімді,ақылды болғым келеді. Мен енді ойын көп ойнамаймын. Сендер сияқты білімді ,ақылды боламын. Сендерге көп рахмет. Мен сендерге тағы келем. Ал мына қобызды сендерге сыйға берем. Сау болыңдар.
Тәрбиеші жақсы қатысқан балаларға жұлдызша береді.
Оқу іс әрекетті аяқтау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Нурдаулет (2016-02-11) | Автор: Тукубаева Назгуль Муртовна
Просмотров: 115 | Теги: начальная | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 5:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru