Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Гүл, жеміс және тұқым
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
15 жылдық Қазақстан ауылы
Жаманшұбар негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жетписова Гүлнұр Қаратайқызы

Сабақтың
тақырыбы: Гүл, жеміс және тұқым
Сабақтың мақсаты: Білімділік: өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі, жемістің түрлері туралы түсініктерін тереңдету . Дамытушылық: оқушылардың жеке, топта жұмыс істеу кезінде ойларын еркін жеткізуге жаттықтыру, зияткерлік қабілеттерін дамыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Тәрбиелік: оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектеруге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер, оқулық, дәптер, жемістер, тұқымдар, топырақ, дәндер, видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ-жауап, жеке, шығармашылық
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
І Психологиялық дайындық
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір-бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң ботам» - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме! (бастарын иіп әдептілік белгісін көрсетеді) Жаңа сабаққа дайындық.
1. Тіл дамыту сұрақтары
-Қазір жылдың қай мезгілі? (күз-осень- autumn )
-Күз айларын атаңдаршы? (қыркүйек-сентябрь- September )
-Қазір күздің қай айы? (қараша-ноябрь-November )
-Бүгін аптаның нешінші күні? ( төртінші- четвертый- fourth )
-Төртінші күн қалай аталады? (бейсенбі- четверг- Thuesdau )
-Бүгін ауа райы қандай? ( ауа райы-погода-Weather)
Сыныпты 4 топқа бөлеміз. І топ – Гүл. ІІ топ – Тамыр. ІІІ топ – Сабақ. ІҮ топ – Жапырақ.
2. Сабақтың ережелерін еске салу.
1-ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже: Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3-ереже: Өз ойымызды еркін айтып, басқаның пікірін сыйлаймыз!
4-ереже: Сабақта тақырып бойынша сөйлейміз!
5-ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
-Ал, енді қандай баға алатындарыңды айтыңдаршы?
Біз білімді баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз.
Біз 18 баламыз.
Бүгін неше аламыз?
Бір керегі жоқ,
Екі керегі жоқ,
Үш керегі жоқ,
Төрт орташа,
Бес тамаша!
«Қайталау – білім анасы»
Әр топтан оқушыдан шығып өткен «Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?» атты сабақты шеңбер жасап, әңгімелей пысықтайды. ( Интерактивті тақтадан күз мезгілін суреттейтін видео) 4 топқа 4 сұрақ жазылға үлестірмелі қағаз таратылады, ол қағаздардың түстері әр түрлі оған ауызша жауап береді.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
1. Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?
2. Күзде жапырақтың түсі неге өзгереді?
3. Жапырақ неге түседі?
4. Жерге түскен жапырақтардың, қураған шөптердің қандай пайдасы бар?
ІІІ «Қызығушылықтарын ояту»
ІІІ Жаңа сабақ
Жұмбақтар
Адамдардың бәрі қызығады,
Ұстай берсең сәні бұзылады.
(Гүл)
Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)

Біреуін бердім,
Онын тердім. (Тұқым)

Гүлдің түрлері:
Раушан, жауқазын, қызғалдақ, түймедақ. Гүлдердің әдемілігін, аналарына, ұстаздарына сыйлайтынын әңгімелейді.
Бөлме гүлдері тек әдемілік, көрік беріп қоймай, үйдің ауасын тазартады.
Өсімдіктердің тұқымынан қалай өнетінін естеріне слайд арқылы түсіру.
Тұқым деп нені айтамыз?
Тұқым арқылы не істейді?
Өсімдіктер тұқым арқылы қалай көбейеді?
1. Практикалық жұмыс.
Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюін көрсететін сызба құрастыру.
Тұқым - тамыр - сабақ - жапырақ - гүл - жеміс.
Жеміс

шырынды құрғақ
алма бидай
шие жүгері
өрік жаңғақ
қарбыз үрмебұршақ
қияр бұршақ
қызанақ күріш
қарақат тары
Тұқым

ұсақ ірі жұмсақ қатты

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Шырынды жемістерді ата. Оларды неге шырынды жемістер деп атайды?
Құрғақ жемістерді ата. Оларды неге құрғақ жемістер деп атайды?
- Жемістердің тұқымдары қандай болады? (Ұсақ, ірі, жұмсақ және қатты).
«Ненің тұқымдары?» дидактикалық ойыны.
Шарты: қарбыз, алма, қияр, күнбағыстың жемістерінің суретін тұқымдарының суретімен қосу. Сәкестендіру.
Сергіту сәті
Тап – таза суда балықтар жүзіп ойнайды.
Біресе керіледі, біресе жиырылады,
Біресе секіреді, біресе сүңгиді,
Біресе құмға тығылып қалады.
Сосын қайтадан судың бетіне шығады.
Дәптермен жұмыс.
Өздік жұмыс: алма және оның тұқымының суретін салу.
Шығармашылық тапсырма
І топ «Математика» орталығы
Тапсырма: «Тұқым санын анықта»
ІІ топ «Ғылым орталығы»
Тапсырма: Үстел үстіне кішірек 2 ыдысқа топырақ салып қойылады. Ыдысқа бидай дәндері салынған. Оқушыларға тапсырма: Оны топыраққа отырғызып, тұқымнан үш күннен кейін тамырдың қалай пайда болатынын бақылап, одан әрі бақылауыңды жалғастыру.
ІІІ топ «Жазу орталығы»
Тапсырма: «Жемістерді адам қалай пайдаланады?» шағын эссе жазу
ІҮ топ «Өнер орталығы»
Тапсырма: бір шумақ өлең айтып немесе жұмбақ жасыра, сурет салу
Мысалы: Алма, шие, өрік, қарбыз,
Сабақты қорытындылау.
-Өсімдік тұқымнан қалай көбейеді?
-Өсімдіктің көбеюіне нелер және кім көмектеседі?
Үйге тапсырма беру.
«Жануарлардың көмегі» деген тақырыппен өсімдіктердің көбеюіне жануарлардың үлесі туралы әңгіме құрастырып келу.
Өсімдіктің тұқымнан дамуын бақылауды жалғастыру.
Бағалау критерийі
Сөз қолдану шеберлігі - 2 ұпай
Шығармашылық жұмыс- 1 ұпай
Ойын еркін жеткізу-1 ұпай 5 ұпай
Ойдың дәлелді, тартымды болуы-1 ұпай
Бағалау.
- Балалар, менің ұялы телефоныма хабарлама келді. Қане оқып көрейін. Бізге алыстан қонақ келе жатыр екен. Қане кім біледі кім екен. Ол өсімдіктің қамқоршысы, күтіп-баптайтын адам. Кім екенін білмесек өзінен сұрайық.
- Балалар, мен бағбанмын. Өсімдіктің қамқоршысы, аялаушысы. Сендерде ашық сабақ деп естіп соға кетейін, жағдайларын білейін деп, әрі өз еңбегімнің жемісінен дәм татырайын деп келдім. Сабақ ұнады ма? Өсімдіктерді қамқорлыққа аламыз ба?
Рахмет! Дәм татыңдар! Сау болыңдар!
Осымен сабағымыз аяқталды, қонақтарға рахмет!
Категория: Начальная школа | Добавил: gulnursadvakasova (2016-02-13) E
Просмотров: 888 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru