Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

"Аққұс туралы аңыз"
Сабақтың тақырыбы: "Аққұс туралы аңыз"
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ш.Қалдаяқовтың өмірінен қысқаша түсінік беру. Сазгерлік өнердің рухани құндылық екенін мәтіннің мазмұны арқылы түсіндіру;
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту. Танымдылық белсенділігін арттыру. Өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру. Топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа үйрету;
3. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сезімталдыққа тәрбиелеу. Өнерге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: Аралас
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, маркер.
Әдіс-тәсілі: Топпен жұмыс, сүұрақ-жауап, әңгімелеу, өзіндік жұмыс.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
1.Психологиялық дайындық.
-Қане, шеңбер құрайық. Өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді бір-бірімізге берейік.
"Бірлік болмай, тірлік болмас"-
деген сөзді есте ұстап,
татулықты әркез сақтап,
білімге құштар болайық!
- Рақмет, балалар отырыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-Үйге не берілді?
-Суретші Ә. Қастеев туралы мәтінді мазмұндау, қосымша деректер жинастыру.
Әр топқа жеке тапсырма.
І топ. Мәтін бойынша Ә.Қастеев туралы әңгімелеу.
ІІ топ. Ә. Қастеев туралы қосымша деректер жинау.
ІІІ топ. Ә. Қастеев туындыларын атау, талдау жасау.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Ә. Қастеевтің қылқалам шебері, атақты суретші екенін білдіңдер. Ол кісінің туындыларымен таныстыңдар.
Ә.Қастеев Қазақстан тарихындағы барлық оқиғаларды қағаз бетіне асқан шеберлікпен бейнелеп отырған.
Қазақ халқында өнерлі, атақты адамдар өте көп. Олар ақындар, жазушылар, суретшілер, сазгерлер, әншілер.
Жаңа сабаққа дайындық.

- Ендеше, бүгінгі сабағымыз да өнер иесі туралы болмақ. Алдымен сөзжұмбақ шешейік.
Мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.
... қолы ортақ.
Ұстаздан ... озар.
Өнерлі бала ... .
Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон ... .
Жігіт адамға ... өнер де аз.
-Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты.(Шәмші)
- Ендеше, Ш.Қалдаяқов деген өнер адамын естулерің бар ма?
ҚР әнұранының авторы - Ш.Қалдаяқов.
Әнұранның авторларын атаңдар.

ІV. Жаңа сабақ.
Шәмші Қалдаяқов туралы жазған Оразбек Бодықовтың Аққұс туралы аңыз атты әңгімесімен танысамыз.
Ш.Қалдаяқов 1930 ж тамыздың 15-і Қарақоңыр ауылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 ж ақпанның 29-ы қайтыс болған.
Оразбек Бодықоав Ш.Қалдаяқовпен таныс болған, бірге жүрген кісі, жазушы.

Оқулықпен жұмыс.
Сөдік жұмысы.
Тау мүлгіп - тау ұйқыға кетіп.
Көл тынып - көл тып-тыныш күйге түсіп.
Аспан егіледі - аспан жылағандай күйге түседі.

Оқушылармен жұмыс.
Мәтінді 3 топқа бөліп тізбектей, мәнерлеп оқыту.

V. Түсінгендерін сұрау. Тапсырма.
І топ.
• Шәмшінің дауысы қандай еді?
• Автор Шәмшіге қандай сұрақ қойды?
• Шәмшінің жауабы
ІІ топ
• Аққұс қайда мекендейді екен?
Аққұс ән салғанда табиғат қандай күйге енеді?
• Аққұстың елді тамсандырған әні неге жетті?
ІІІ топ.
• Ақтық шағы тақалған Аққұс не деп өтінді?
• Ән салғанда табиғат қандай күйге енді?
• Қарақұсқа ән қалай әсер етті? Ол не істеді?
Соңында "Әннің құдіреті" осында, деп Шәмші сөзін аяқтайды.
- Сонымен, әннің құдіреті дегенді қалай түсіндіңдер?
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Сөдік жұмысын көшіріп жазу.

VI. Сабақты бекіту.

Суретпен жұмыс. Тапсырмалар:
І топ. Суретке қарап "Шәмші әнінің құдіреті" деген шағын әңгіме құрастыру.
ІІ топ. "Аққұстың қуанышты әні" деген тақырыпта сурет салу.
ІІІ топ. "Аққұстың мұңды әні" деген тақырыпта сурет салу.
VII. Сабақты қорыту.
Шәмші Қалдаяқов өнер иесі екен.
-Өнердің тағы қандай түйрелін білесіңдер?

-Шәмші Қалдаяқов қандай өнер иесі?
-Сазгер

VIII. Үйге тапсырма беру.
Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.
Ш. Қалдаяқовтың бір өлеңін дәптерге жазып келу.

ІХ. Бағалау.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мака (2016-02-25) E
Просмотров: 110 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 7:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [217]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [246]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3902]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [377]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru