Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Математика және біз» (Сайыс сабақ) 4-сынып
Сабақтың мақсаты: «Математика және біз» (Сайыс сабақ) 4-сынып Білімділігі: оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,ой-өрісін кеңейту; Дамытушылығы: еркін сөйлеу,тереңнен ойлау қабілетін дамыту,білуге,үйренуге пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру; Тәрбиелігі: шапшаңдыққа,дәлдікке тәрбиелеу,тапқырлықпен берілген тапсырманы жылдам,дұрыс орындауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: сайыс сабақ Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар,есептер,нақыл сөз.
Сабақтың барысы:
.Ұйымдастыру кезеңі. .Сайыс жоспары. 1.Таныстыру. Ұрандары; 2. Математика бойынша сайыс есептерін шығару. Мұғалім: Уа халайық,халайық! Бәріңе жар салайық , Бүгінгі кеш төрінде, Математика елінде. Есеп шешіп жарысып, Жұмбақ шешіп аңдысып, Шабыт тасып шалқысып. Көңілді кеш жасайық Мұнда қызық табылар. Жұмбақ есеп,-бәрі бар, Білмейтіндер жаңылар Ал,сайыскер балалар, Білімді бір сынайық, Топтан озып тұрайық. –Құрметті ұстаздар,оқушылар,сіздерді 4а- сынып оқушылары арасында өтетін «Математика және біз» атты сайыс сабағын көруге шақырамыз. Біреуінің жүрегінің түгі бар, Біреуінің арқалаған жүгі бар. Бәрінен де ең бастысы Қатты істейтін миы бар!-дей келе. Сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. .Топтармен таныстыру. «Зеректер» тобы.Ұраны: «Зеректер тобы алға, Биіктерге самға. Достығымыз барда, Жүрегіміз алда. «Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Ақыл-озбайды,білім тозбайды». 4. Сергіту сәті: Бір,екі,үш Біз жинаймыз күш. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. 1-кезең. «Математикалық диктант» 2-кезең. «Ойлан,тап! 3-кезең. «Тез ойла! 4-кезең. «Ойна да,ойла! 5-кезең. « Математикалық жұмбақтар» 6-кезең. «Топ аралық жарыс» 7-кезең. « Жеті жұрттың тілін біл» Мұғалім. Сайыс,сайыс,көңіл,шіркін,тасысын. Сайыс,сайыс,жанкүйерлер «бас»ұрсын. Әділ билер төрелігін айтатын, Алдарыңда қиын өткел,асу,шың. Әділқазылар алқасымен таныстыру. Сайыскерлерге тілек. Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына! Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздей өренді. Математика сырына! Сәттілік тілейміз! 1-кезең. «Математикалық диктант» «Зеректер» тобы. 1. 10-ды 5-ке арттырып оны 2есе арттыр. 2. 27-ден 2-ні азайтып, айырманы 5 есе кеміт. 2-кезең. Ойлан,тап! 1.Ұзындығы 6см,ені 4см тік төртбұрыштың периметрін,ауданын тап. 2.Теңдеуді шеш. Х 9 12501 3-кезең. Тез ойла! 1.Жая адам.

4-кезең. «Ойна да,ойла» Такси ауылға келе жатты. Жолдан 5 жүк машинасы және 3 жеңіл машина кезікті. Неше машина ауылға барды? 2.1кг ет 1 сағатта піседі. Жарты кг ет қанша уақытта піседі? 5-кезең. Математикалық жұмбақтар. 1.Туысқан бес кісі, Бәрінің аты бар, Бірінен-бірі кіші. Ең кішісі шеткісі. 2.Жоқ өзінде бас та, Ұзындығы жазулы Қас та,мойында. Тұр бойында. 6-кезең. «Топ аралық жарыс» Саяжайдан бір мезгілде екі велосипедші бірінен- бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты,біріншісінің жылдамдығы 12км/сағ,ал екіншісінікі 10км/сағ. Олар 2 сағаттан кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады? 7-кезең. « Жеті жұрттың тілін біл». Құрамында сан есімі бар жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуін тауып,сол сөздің орысшасын айту.(Әр топқа 3 жұмбақ) 1.Қос құлақты, Жүз тісті, жүзінен бір-ақ із түсті. (ара-пила) 2.Сақталады алты ай жаз, сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодильник) 3.Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй-юрта ) «Тапқырлар» тобы. 1-кезең .Математикалық диктант 1. 32-ні 2 есе арттыр және одан 24-азайт. 2. 69-ды 3 есе кемітіп, бөліндіге 20-ны қос. 2-кезең. Ойлан,тап! 1.Ұзындығы 8см, ені 3см тік төртбұрыштың периметрін,ауданын тап. 2.Теңдеуді шеш. Х 6 14790 3- кезең. Тез ойла! 1.Автобус.
2.Қабырғасы 3см шаршының периметрін және ауданын тап. 4-кезең. Ойна да ойла! Дәрігер Айжанға 3 дәрі берді. Әрбір дәріні 20 минуттан кейін ішу керектігін айтты. Дәрі қанша уақытқа жетеді? 2.Арман,Алма,Айзат дойбы ойнады. Әрқайсысы 2 партиядан ойнады. Олар барлығы неше партия оынады? 5-кезең. « Математикалық жұмбақтар» 1.Білімі жетсе шамасы, Алатын олар аласы. Бір мен бестің арасы. (мектеп бағалары) 2.Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар? (түйе) 6-кезең. Топ аралық жарыс. 1. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 80км/сағ, ал екінші машина 70км/сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағат өткен соң кездесті. Екі қаланың арасы неше километр? 7-кезең. «Жеті жұрттың тілін біл» 1.Екі аяқпен кезек-кезек тебеді, Ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді. (доп-мяч) 2.Болсада көкте мекені, кездеспейді екеуі. (ай,күн-луна,солнце ) 3. Қалқиып екі құлағы,елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц ) Қорытынды: Сайысымызды аяқтай келе әділ қазылар алқасына сөз береміз.Жеңімпаздар айқындалып «Жеңімпаз топ» айқындалады. Оқушыларға арнайы мақтау қағаздары беріледі. Қатысқандарыңызға рахмет!

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Чувашка ауылы ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Қасқарауова Саним Шамшитденовна


2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жақша. Жақшасы бар амалдарды орындау реті.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: жақшамен таныстыру,жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтай түсу. Дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой,байқағыштық қабілетін,өз беттерінше жұмыс істеуін ізденушілігін дамыту. Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа ақыл-ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу. Әдісі: оқулық, көрнекілік, ауызша, жазбаша, шығармашылық. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка Түрі: жаңа сабақ Көрнекілігі: сөзжұмбақ,аңдардың суреті, кубик, тест.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Математикаға деген дайындықтарын тексеру. 2.Жаңа сабақ. Сөз жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты түсіндіру. 1.Ең кіші үш таңбалы сан. (жүз ) 2.Барлық қабырғалары теңтөртбұрыш (шаршы ) 3.Төрт ондықтан құралған сан.(қырық ) 4.Бір таңбалы сан.(үш ) 5.Білім бұлағы (кітап ) Ал енді жолақшаның ішін оқимыз. «Жақша» деген сөз шықты. Олай болса бүгін жақшамен және жақшасы бар амалдарды орындау ретімен танысамыз. Алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады. Олай болса өрнек тақтада ілулі тұр.
(6-1)+4 6-(2+4) Оқушылардың түсінгендерін тексеру үшін 3 оқушыны тақтаға шығарамын. (4+2)-2 3+(5-3) 10-(3+3) Қалған оқушылар өздері тексеріп кімнің дұрыс орындағанын айтып береді.
Оқулықпен жұмыс. №1.Өрнектерді оқы.Олардың мәнін табу. 10+30 40+20 100-90 60+30-80 100-90+40
60-20 20+70 20+70-30
Ережені еске түсіреміз: Жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.
Математикалық қызықты есеп «Кубизм» әр оқушыға кубик беріледі. Кубик тегі берілген теңдеуді шығару керек. 1) х +3 10 2) 10-х 7 3) х-3 7 4) кітаптың суреті Егер кітап түссе өздері білетін бір тақпақтарын айту керек. «Аңдардың тапсырмасы»ойыны. Суреттердің астында есептер жасырулы. 1.Арыстан 6-(3+1) 2.Бұғы (6-3)+1 3.Түлкі 80-(20+30) 4.Аю (80-20)+30 5.Қоян (4+6)-3 6.Тиін 4+(6-3) 7.Кірпі 20+(50-30) Аңдарға білімімізді көрсетеміз.№4 теңдіктер тура болатындай жақша қой. (8-5)-2 1 9-(4+2) 3 (3+6)-4 5 8-(5-2) 5 (9-4)+2 7 10-(7+2) 1 Ойын «Көршілерін тап» ...13..., ...14..., ...15..., ...16..., ...17..., ...18..., ...19... Біз қонаққа келген аңдарды аман сау орманға апару үшін, мына тапсырмаларды орындаймыз. №5 а)1-ші үйде 30 адам 2-ші үйде-?20 адам артық 2-ші үйде неше адам тұрады-? ә) 1-ші үйде 30 адам 2-ші үйде 50 адам 2 үйде барлығы неше адам тұрады-? Орманға аңдарды жіберу үшін,бүгінгі сабақты жақсы меңгергенімізді дәлелдеу үшін тест тапсырмасын орындаймыз. 1.( 6+2)+2 а) 8 ә) 10 б) 4 2. 10-(4+3) а)7 ә)6 б)3 3. 3+(8-4) а)7 ә)4 б)11 «Кім шапшаң» ойыны арқылы орындату. Әр толық ондықпен 8 қосындысын жазу. Қорыту. Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Бағалау. Үйге тапсырма:№3. 46-бет

Источник: http://Қасқарауова Саним Шамшитденовна
Категория: Начальная школа | Добавил: шынар78 (2016-03-01)
Просмотров: 2011 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru