Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

внеклассное мероприятие на тему: ": Отаныма арнаймын!"
Бисембаева Актоты Амирхановна- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Тақырыбы: Отаныма арнаймын!
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.

Көрнекілік: Шарлар, слайд, нақыл сөздер.

Барысы: Әнұран орындалады.

1 ж. Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! № 3 мектеп – гимназиясының бастауыш кластар оқушылары дайындаған « Отаныма арнаймын! » атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке 24 жыл болып отыр.

2 ж. Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!

1 ж. Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына Тікелей байланысты екенін ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы Желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

2 ж. Тәуелсіздік үшін құрбан болған аға – апаларымызды еске алып, ерліктеріне бас иеміз.

1 ж. Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тілінде емін – еркін сөйлеу деп түсінемін.

2 ж. Олай бола, біздің достарымыз Тәуелсіздік туралы не айтады екен?

1 оқушы. Қара мына ғажапқа
Теңдік тиді қазаққа
Езгідегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа
Өзіңдікі туың да
От пен ауа суыңда
Жаса, Қазақстаным!
Белді бекем буыңдар.
2 оқушы. Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатыңнан қайрылып, қыл арқаннан майрылып,
Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

3 оқушы. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады
Аңсаған сан ғасырлар арман болып
Қол жеткізген шындық жыры жырлады.

4 оқушы. Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарын
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан
Азат елім, ашық болсын аспаның.

Күй ансамбль
2 ж. 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл Желтоқсан көтерілісіне қазақ, қазір ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев , Ләззат Асанова және т.б апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылғы желтоқсандағы көтерілісіне жастар еш бір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.

1 ж. Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.
- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жыл 16 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

2 ж. 1992 жылы 2 маусымда ҚР – сы жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Қазан айында тұңғыш рет ғарышкер Т. Әубәкіров ғарышқа самғады.

1 ж. 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді. Ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

2 ж. 1995 жылы 30 – тамызда Ата Заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа конститутция мен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.

1 ж. 2012 жылдан бастап 1 – желтоқсан « Тұңғыш Президент » күні деп жарияланды.

2 ж. Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
1 ж. Ендеше, осындай бейбіт елде ата – ана бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!

2 ж. Біз бүгінгі күмбірлеген күйімізді, әуелеген әнімізді, мың бұралған биімізді

Отанымызға арнаймыз!

Күй: «Өрлеу.» жас домбырашылар.
Ән: « Қазақстан.» Закирова Сымбат.
Ән: « Қазақ жастары.» Елеу Данияр.
Ән: « Туған жер.» Нұрғалиева Камила 4 б класс.
Би: « Корей » 2 б класс
Ән: « Туған жер » Асқарова Аружан 4 в класс
Ән: « Тұлпарым » Дәуірбек Әбілмансұр
Би: « Қазақ биі » 3 б класс.
Ән: « Отан » Тайжанов Олжас 2 б класс
Күй: « Кеңес »
Ән: « Қазақтың қаны » Арыстанов Мейірбек 3 г класс.

1 ж. Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Ала таудай көкке өрлеген қазақпын.

2 ж. Сен қазақсың себебі әкең қазақ
Ақ сүт беріп әлдилеген шешең қазақ
Ата дәстүр салтың мен ағып жатқан
Денеңдегі қасиетті қаның қазақ.

1 ж. Сен қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үй жер сияқты жұп – жұмыр,
Шаңырағы күн секілді дөңгелек.

2 ж. Сен қазақсың!
Ұлы дала тұғыры
Күмбір – күмбір күрескерлік ғұмыры.
Тірескеннің дірілдеткен тізесін,
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі.

1 ж. Сен қазақсың!
Алынбайтын барыссың.
Ар – ожданның асқағысың, намыссың!
Тағдырыңды танығысы келгендер.
Тасқа басқан тарихыңмен таныссың.

2 ж. Сен қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.
Бұл далаға мұрагерлік, иелік
Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.

1 ж. Сен қазақсың!
Қазақ едің туғанда
Онда дүние тағылымынан үлгі ал да
Ата жұрттан ана тілден айрылма.
Төбеңде күн, төменде жер тұрғанда!

Бірге: Сен қазақсың!

Хор: Қазақстан бақытты.

Тәуелсіздік монументі.
1 ж. Бақытың құсы әр адамға қонып бір.
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

2 ж. Көк жүзінде қалықтаған қыранбыз,
Бейбітшілік, бостандық жыр – әніміз
Самғап жүрсек бостандықта, биікте.
Шарықтаймыз кең әлемге әлі біз.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гуми9659 (2016-03-01) | Автор: Бисембаева Актоты Амирхановна E
Просмотров: 800 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru