Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Өскемен қаласы әкімдігінің «№23 орта мектебі» КММ
Адилханова Асем Турсунбековна- бастауыш сынып мұғалімі
Ашық сабақ:Жұрнақ пен жалғау (2 сыныбы)
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сөз құрамын анықтау, жаттығулар орындай отырып жұрнақ пен жалғауды ажырата білуді үйрету.
Дамытушылық: сауатты жазу,байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отаншылдыққа, топпен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, бағалау парақтары, оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану,бейнелеу
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, саяхат картасы,үлестірмелер, суреттер, ойындар.
Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды ажыратады
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал.
1. 1. Кіріспе.
-Бүгін сабағымызда біз саяхатқа барамыз. Ол еліміздің бас қаласы.
-Қалай аталады?
-Астанада біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, әсем ғимараттарымен танысамыз,түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол қалаға немен баруға болады?
( автобус, пойыз)
-Пойызбен бару үшін бізге не керек? (билет)
-Мен сендерге билетті алып қойдым. Қазір билеттеріңді алып вагондарыңа барып жайғаса беріңдер. (Оқушылар топпен отырады )
-Жолаушы азаматтар! Сіздерге сәт сапар тілеймін!
ІІ. Өткенді қайталау
-Жолымызды қысқарту үшін мен сендерге сұрақ қояйын:
-Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? (Жұрнақ пен жалғау)
-Жұрнақ деген не?
-Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді.
-Жалғау деген не?
-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
-Түбір деген не?
-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейді.
-Бүгін де осы тақырыппен жұмыс істейміз.
-Сабағымыздың мақсаты қандай?
-Дәптерімізді ашып күнді жазамыз.Көркем жазу.Партада дұрыс отыру ережесін ескерту.
-Сонымен, біз Астанаға да жетіп қалдық.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-аялдама «Бәйтерек»
Оқушыларға үлестірмелер таратылады. Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
1-топ Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.

2-топ Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бірақ айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.

3-топ Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді.

1-топ Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.

2-топ Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді.

3-топ Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.
Тақтаға шыққан оқушыны өздері бағалайды.
2 – аялдама «Думан»
-Думан деген не?
-Оның ішінде не бар?
-«Думан» ойын – сауық орталағы. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.Онда океанариум,кинотеатр, «Джунгли» аттракционы, боулинг, қонақ үйі, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» океанариуымы – Қазақстандағы тұңғыш және алғашқы океанариум. Онда 2000 ға жуық жәндіктер және балық түрлері де кездеседі.
Кестеге сәйкестендіру (интерактивті тақтамен жұмыс)



Балықшы, киноны, ойыншық, балалар, теңізші, мұхиттан,суық, көлшік, алаңдар, Думанды.
3-аялдама«Хан шатыр»
-Ханшатыр несімен атақты?
-Ойын-сауық орталығы, онда балалардың көңіл-күйін көтеруге барлық жағдай жасалған.Олай болса біз де «Хан шатырда» би билеп, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма: «Тиісті қосымшаны жалға»
Әр топқа түбір сөздер мен қосымшалар беріледі. Оқушылар тиісті қосымшаны жалғап, сөз құрамына талдайды.
құрылыс, үй,қала,ғимарат, қонақ -шы, – ім,-кер, -ге, -ші
ел, дос, кәсіп, Астана,сурет -лер, -ты, – ны,-ші, -лі
егін, комбайн, өзен, би, өнер -ма, -қа, -тық, -ші, -шы
4-аялдама «Пирамида»
Тиісті қосымшаны қойып көшіріп жаз.
1 – топ Пирамида – бейбітшілік пен келісім сарай…. Оны салған көрнек… британ… сәулет… Норман Фостер.
2- топ Пирамида… табанында опера зал… бар. Жоғары бөлігінде ғимарат… негізгі бөлме… бар.
3 – топ Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселер…, мұражайлар, көрме залдар… орналасқан.
Осымен біздің саяхатымыз да аяқталды.
Кәне бірге бәріміз,
Көзімізді жұмамыз.
Өтіп тау мен өзеннен,
Сыныпқа кеп қонамыз.
-Бәйтеректе үлкен тілек кітабы бар, алақаныңды қойып тілек айтуға болады. Кәне, біз де өзіміздің тілегімізді білдірейік. Қазақстанымызға не тілейміз?
Әр топтан 1оқушы шығып тақтаға тілектер жазылған «алақанды»іледі.
Тілектер:
Ашық аспан денсаулық
Тыныштық бейбітшілік
Бақыт молшылық
Байлық амандық
Береке ынтымақ
Достық ұзақ өмір
ІҮ. Қорытынды.
Рефлексия «Күн сәулелері».
Барлығымыз күннің бір сәулесіміз деп елестетейік. Бүгінгі сабақтан не білгендеріңді стикерге жазып ілейік.
Ү. Бағалау.
Бағалау: Өзін өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 1 ұпайдан беріледі.Бағалау парағының үлгісі5ұпай — «5», 3-4ұпай - «4», 1-2 ұпай – «3». Топ басшыларын бағалап отырады.
Мұғалім оқушыларға өз бағасын қояды.
ҮІ. Үйге тапсырма: 298-жаттығу,107 бет

Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.

Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бірақ айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.

Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді.

Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.

Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді.

Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.
Категория: Начальная школа | Добавил: гульнараж (2016-04-08)
Просмотров: 1239 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru