Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Открытый урок познания мира в 3 классе "Туыстық қатынастар"
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Туыстық қатынастар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Туыстар және туыстық қатынастар туралы ұғымдарын кеңейту;
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Туған – туыс, жақындарын жақсы көруге, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, слайдттар, үңтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)

Сәлеметсіңдер ме балалар! Отырыңдар. Балалар, бүгін ерекше сабақ, олай дейтініміз сыныбымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Ал енді орынымыздан тұрып, қонақтарға бұрылып амандасайық:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бас иеміз сіздерге,
Құрметпенен біз!

Оқушылар қимыл арқылы оң қолын кеудесіне қойып, бас иіп, ізет етеді.

Ал енді балалар көңіл күйімізді көтеріп алайық .

Психологиялық ахуал

Мен бақытты баламын,
Туған-туысқандарым жанымда,
Ата-анамның қуанышымын!
Менің оқығым келеді!
Білімді, алғыр болғым келеді!

Жарайсыңдар балалар.Отырыңдар. Қазір бізде қандай сабақ? Дүниетану сабағы. Үйге не берілді?Қане кім айтады?Үй тапсырмасын тексерейік.Үй тапсырмасын Бәйге ойыны арқылы тексеріп шығайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бәйге ойыны

1. Қыз бала отбасында, достар арасында өзін қалай ұстауы керек?
2. Ер бала қандай болуы тиіс?
3. Адамды сыртқы түріне қарап бағалауға бола ма?
4. Отбасындағы қыз бала мен ер баланың жұмысы?
5. Отбасын «шағын қоғам» деп неге айтамыз?
6. Туған – туыспен қарым - қатынасты қалай түсінесің?
7. Жиен деп кімді айтады?
8. Нағашы жұрты дегенді қалай түсінеміз?
9. Ол екеуіміздің аналарымыз бірге туған, біз қандай туыспыз? (бөле)

Балалар, сендер қуанғанда,ренжігенде бірінші кімге келіп айтасыңдар?
(ата- анаға).Көмекке де соларды шақырасыңдар.Сонымен қатар ата-анадан басқа саған көмекке келетін жақын адамдар болады.Олар ата-ананың туыстары.Бүгін туысқандар, яғни туыстық қатынастағы адамдар жайлы әңгімелейміз.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту
Ал енді балалар, жұмбақтарды шеше отырып, «Отбасы ағашын» құрастырайық.

Жұмбақтарды шеше отырып, «Отбасы ағашын» құрастыру.
1) Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің , білер оны сұраған. Ол кім? /ата/

2) Ол - өте мейірімді, ақ шашты.Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.Бұл кім?(әже)

3) Бала,бала, бала деп,түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған. Бұл кім? /ана/

4) Ол – асқар тау. Атаңның баласы. Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.
Отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (әке)

Бұл жерде неге екі ата мен әжеден жазылған. Бұл ағаш туралы кім айтып бере алады?

-Бұлардың барлығы нені құрайды?
-Отбасын
-Отбасындағы ұл-қыз кімді құрметтеу керек?
-Ата-ананы

IV. Оқулықпен жұмыс
Ендеше балалар, қазір біз сіздермен «туыстық– қатынастар» деген мәтінмен танысамыз. Оқулықтағы 81-ші бетті ашамыз. Ал оқи бастаймыз.
1. Мәтінмен танысу
2. Мәтінді оқушылардың өздеріне өздігінен оқыту.
3. Оқығандарын қалай түсінгендерін білу мақсатында әңгіме жүргізу.
4. Туысқандар деп кімдерді айтамыз?Туыстық қатынастағы адамдар
5. Өздеріңнің жақын және алыс туысқандарың туралы әңгімелеңдер.
6. Әңгімедегі Әлішердің туысқандарын атаңдар.

V. Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек - шешем.
Ортан терек - ағам
Шылдыр шүмек - әпкем
Кішкентай бөбек - мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

VI. Сөздік жұмысы

«Тату болу» дегенді қалай түсінесің?

VII. Кел, ойланайық!

- «Жылуы жетпейді» дегенді қалай түсінесің?
- «Отбасы бақыты» дегенге ассоциация құрастырыңдар.
Балалар дәптерлеріне «Отбасы бақыты» дегенге ассоциация құрастырыңдар.Кім оқып береді? Тақтаға қарап,тағы қандай ассоциациялар бар екенің көрейік.

VIII. Өрнектің мәнін дұрыс тапсаң туыстық атау шығады, сол атауға анықтама бер

2 х 8 =
8 х 3 =
56 20 24 15 16 16
ғ ш а ы а Н
7 х 8 =
8 х 2 =
4 х 5 =
5 х 3 =

56 32 81 30
И Н Ж Е
Есептеуді дұрыс орындасаң туыстық атау шығады, сол атауға анықтама бер.

9 х 9 =
8 х 7 =
5 х 6 =
4 х 8 =

IX. Туыстық қатынастар тақырыбында тақпақтар, мақалдар айту.

X. Сабақты қорытындылау.
-Әркім өзінің отбасы және туысқандар арасындағы қарым-қатынастар туралы эссе жазыңдар. (Бірнеше эссе тындалады.)
«Өзіңді тексер» айдары. Сұрақтары мен тапсырмалары тарау соңында берілген.

XI. Үйге тапсырма беру

81-беттегі мәтінді оқу, түрлі журнал, кітаптардан «Туыстық қатынастар» тақырыбында мәліметтер, мақалдар жинап жаз.

Отбасы туралы ән айту

Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге

Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім

XII. Бағалау
Категория: Начальная школа | Добавил: asemkor (2016-05-16) | Автор: Қоржимбаева Әсемгүл Исмағұлқызы E
Просмотров: 709 | Теги: казахское обучение. открытый урок, познание мира | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:45 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru