Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Открытое внеклассное мероприятие посвящённое празднику Государственных символом Республики Казахстан "Биік сенің мәртебең,рәміздерім!"
Сабақтың тақырыбы: Биік сенің мәртебең,рәміздерім!
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып, үйрену;
Рәміздердің әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу, суреттей білуге үйрету;
Балалардың өз Отанына деген сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау
Көрнекі құралдар: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, презентация слайттары.

Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Биік сенің мәртебең, рәміздерім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық. /ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Жылдар сөйлейді айдары Слайдттар.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті сайланды.
1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді, - демекші, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін біз туған жерімізді, туған елімізді, оның символдарын құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Ән «Алға, қазақ жігіттері».
- Ендеше Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, егемендігін көрсететін ерекше құнды белгілер...
- Көгілдір аспан түстес – туымыз бар, айбынды – елтаңбамыз және мағыналы - әнұранымыз бар.
- Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4-маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Ту туралы /баяндайды/
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.
Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске түсіреді.Ашық аспан бейбітшіліктің,аманшылықтың, белгісі болған.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі-байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны-ның бейнесі –қазақстандықтардың еркіндігінің,тәуелсіздігінің, бос-
тандығының, жомарттығы мен қырағылығының нышаны.
Өрнек-белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы,ол халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Ту 1992 жылы бекітілді. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
Ұлас:
«Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Жанатындай өзі отта,
Жалын шарпып бетіңді.
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға жас тұнған,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз
Елтаңба туралы /баяндайды/.
Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған-шаңырақ.
Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі.Ол күн бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елесте-теді.Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік-ке,бостандыққа жетелейді.
Елтаңбаның маңдайшасына бебұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлды-зының белгісі. Халқымыздың “Бағымыз ашылып, жұлдызы
мыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан туған.
Елтаңбаның төменгі бөлі-гінде-ел аты “Қазақстан” деген жазу бар. Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы, Шот-Аман Уәлиханов.
Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.
Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар атақты сәлетшілер.
«Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі,
Мұнда да бар ерлігім,
мұндада бар жер күші.
Әнұран туралы баяндайды.
Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.
Ән: «Елтаңбасы елімнің».



- Ендеше осы тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жас ұландарымыздың өнерін көрелік.
Ән: «Қазақ елі!»

Айымгүл:
Әлеуметтік Әнұранды аспанға,
Туымызды тіктік биік аспанға,
Көп жыл болды Елтаңбамыз жарқырап
Тәуелсіздік бізге есігін ашқанда.

Айтолқын:
Әрбір тасы киелім,
Әр уығы жүйелім.
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан – жыр елім!

Ақерке:
Қайран елім, қара нарым ӛзіңсің,
Тарих жүгін арқалаған тӛзімсің.
Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде
Шұғыла шашып қарап тұрған кӛзімсің.
Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін,
жұртпын байқалмайды кемдігім.
Шайқалмасын іргең мәңгі, Отаным,
Жаса, жаса азаттығым теңдігім!

Нұрслям:
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан.
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын.
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын.
Көркейе бер Қазақстан!

Ұлас:
Байтақ дала, жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
Отан – анам, Отан - әкем.
Осы сөзім қате ме екен?
Қате болса, Неге біздер,
Дейміз оны – «Атамекен?!»

Нұрсәлім:
«Менің Республикам»
Менің оның тауын сүйем, күнін сүйем,
Ағынды ӛзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем.
Тауды кӛрсең күн кӛзімен таласқан,
Аспан кӛрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің кӛгім мӛлдіреген кӛк аспан.

Барлық оқушылар бірге:
Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқың,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!

Қорытынды.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, жалынды жастарымыздың рухы өшпесін! Еліміздің көк байрағы желбіреп, еліміз, Елбасымыз аман болсын! Халқымыз тату - тәтті бірлікте болсын!
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні хормен орындалады.
Категория: Начальная школа | Добавил: asemkor (2016-05-16) | Автор: Қоржимбаева Әсемгүл Исмағұлқызы E
Просмотров: 728 | Теги: государственные символы, внеклассные мероприятия | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru