Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Әке -асқар тау
«Әке – асқар тау»
Бастауыш сынып апталығы аралығында әкелер қатысуымен өткен тренинг

Максаты
Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту.
Міндеттері
— Бала тәрбиесінде әкенiң ролі ерекше екендігін түсіндіру;
— Отбасындағы қарым – қатынастық сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
— Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту.

Көрнекілігі
Қанатты сөздер «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген- тон пішер», шарлар, презентация «Ана — өсiредi, Әке – үйретедi»

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Тренингтің бөлімдері:
1. «Шаттық шеңбері» жаттығуы.
2. Топқа бөлу.
3. «Әке – асқар тау» баяндама.
4. «Әке мен бала» видео.
5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
6. Ситуациялық жағдаяттар.
7. «Мақал-мәтелдер» аяқтау.
8. «Психолог кеңесі».
9. «Баланы тәрбиелеудегі қолданатын әдістер» постер құру
10. «Кері байланыс» қорытынды.

ІІ Негізгі кезең
І Жүргізуші
Сәлеметсіздерме ардақты әкелер! Бүгінгі біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз — мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім.
Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.
1-бөлім. «Шаттық шеңбері» жаттығуы.Әкелер шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен танысады.Осы кезде әр қайсысы сөз басында жұмсақ ойыншықты бір- біріне жалғай отырып, мына фразаны аяқтайды «Мен үшін әке болу – бұл… ».
«Мен үшін әке болу – бұл… » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік…т.с.с./

Жүргізуші
Керемет! Ой бөліскеніңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
2-бөлім. Геометриялық фигуралар бойынша топтарға бөліну.

3-бөлім. «Әке – асқар тау» баяндама. (Лейменова М.А.)
Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Бұрыңғы заманда да, қазіргі кезде де, сөзсіз, отбасында әкенің алатын орны ерекше. Әке-ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке-бала үшін шыңы биік асқар тау. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар, әкең жіберсе бар, әкеңе барып сәлем бер, әкеңнің керегін дайында», деп әкеге құрмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, бірлік болады. Қазіргі заманда әйелдер эмансипациясы басым болып келеді. Көп отбасында әйел адамдар, қаншалықты қиын болса да, өз қолына отбасы тізгінін алып, өзі асырап-сақтаушы болып жүр. Бүгінде отбасында әке мейірімін, оның ыстық алақанын, қорғанын білмей өсіп жатқан балалар да аз емес. Осындай кездерде әке орынын аталары немесе ағалары басып, ер мінезін үйрете отырады. Ал балаларының алдында өз әкелік парызын өтей алмай, ішімдік, не бүгінгі қоғамда басым алған тағы да басқа індеттерге бой алдырып, қисық жолға түскен әкелер қаншама... Өміріміздің басты бөлігін балалармен өткізгендіктен, осындай сансыз сұрақтар біз сияқты ұстаздар қауымын алаңдатпай қоймайды. Өз басым, күнделікті көздері жәудіреп алдымда отырған әрбір баланың бақытты болуын, жақсы Адам болып өсуін тілеп, олардың пәк жүректері жараланбаса екен деймін. Бала жаны жаңа дәптердің алғашқы парағындай тап-таза, дәптерге әдемі жазумен жақсы сөздер жазсаң, ол пайдалы қағазға айналады емес пе...
4 – бөлім. «Әке мен бала» видео. (Лейменова М.А)

5 - бөлім. Музыкалық сергіту сәті. (Токмурзина Р. М)

6 - бөлім. Ситуациялық жағдаяттар. (Кабдыкаримова М.А.)
Әкелердің алдына үлестірме қағаздар ұсынылады. Өздері таңдап алған қағаздағы сұрақтарға жауап беруге тырысады.

1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
2. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
3. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
4. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?
5 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

7-бөлім. «Мақал-мәтелдер» аяқтау.

1.Баланың ұяты әкеге.....(Қыздың ұяты шешеге)
2.Мектеп білім ордасы....(Ұстаз мектеп тұлғасы)
3.Бірлік болмай....(Тірлік болмас)
4.Әке асқар тау...(Ана ағып жатқан бұлақ,Бала жағасындағы құрақ)

5.Жақсы адам –елдің ырысы...(Жақсы жер жанның тынысы)
6. Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)
7. Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)
8. Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)

9. Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)
10. Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)
11. Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)
12. Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)

8-бөлім. «Психолог кеңесі». (Мектеп психологы Айжан .........)
Әкелерге арналған психологиялық кеңес - Балаларыңызға оларды жақсы көретіндеріңізді жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар.
-Неғұрлым жанұяңызбен бірге уақытыңызды жиі өткізіңіз, өткен күндерді талқылап, жанұялық ахуалды ақылдаса отырып шешім қабылдаңыздар.
-Балаңыздан ақыл сұраудан қорықпаңыз, бұл сіздердің араларыңызды жақындата түседі.
-Балаңыздың достарын жақсы біліңіз.
- Балаңызға тек ата-ана ғана емес, жанашыр досы да бола біліңіз.
-Балаңызға әр уақытта үлгі бола біліңіз, есіңізде болсын, өз ата-анаңызды сыйлаңыз, ертең сізді де балаңыз сыйлайтын болады. Өз кемшілігіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.

9-бөлім. «Баланы тәрбиелеудегі қолданатын әдістер» постер құру. (Кабдыкаримова М.А.)
Әр топқа А3 қағазы және тақырыпқа байланысты сөздер таратылады. Әкелер берілген сұраққа постер құру арқылы жауап беру керек. Сұрақ: Бала тәрбиесінде қандай әдістерді көп қолданасыз.

10-бөлім. «Кері байланыс» қорытынды.
«Тілек шамы».
Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.
«Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы.
Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.
Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.
«Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегіміз келеді. Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: tjkmurzina (2017-01-28) | Автор: Токмурзина Рысалды Муратбековна E
Просмотров: 1055 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 5:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru