Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Ашық сабақ: "Математика сыр шертеді"
Мақсаты: 1. Математика пәніне деген қызығушылығын, таным қабілетін арттырып, дүниетанымын кеңейту, шығармашылыққа, белсенділікке баулу;
2. Іздемпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
3. Ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту; меңгерген білімін өмірде қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойландыру, сұрақ-жауап, ой шақыру, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, үлестірмелі парақшалар, логикалық есептер, ойындар, мақал-мәтелдер, ребустар т.б керекті дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Топтың сәлемдесуі, орындарын табуы.
Оқимыз біз, үйренеміз талпынып,
Қиналсақ та, қысылсақ та алқынып.
Асу бермес болсаңдағы сен алып,
Меңгереміз, үйренеміз сені анық.
-Құрметті қонақтар, ұстаздар! Назарларыңызға «Математика сыр шертеді» атты математикалық сайыс сабағымызды бастаймыз.
1-топ «Алғырлар»
2-топ «Білгіштер»
І. Математикалық тақпақтар.
Оқушылар математика пәніне байланысты тақпақтар оқиды.
1-оқушы
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың.
2-оқушы
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі ашық сабақтың барысында.
Мұғалім:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың-солар табылатын қасыңнан.
І кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
(қызықты әзіл есептер)
Сабағымызды сұрақ-жауап арқылы бастаймыз.
І топ. Біздің келер шамамыз,
Алпысқа он үшті қосамыз. (60+13=73)
ІІ топ. Біздің келер шамамыз,
Елуден он екіні азайтамыз (50-12=38)
Төрт амалды тең болар,
Өте зерек баламыз.
ІІ кезең. «Математикалық бұлақ»
(жазбаша есептеулер)
- Балалар бұлақ қалай ағады? Иә, сыңғырлай, сылдырлай ағады екен.
Бұл кезеңде әрқайсысымыз өз бұлағымыздың көзін ашып, есепті дұрыс шығаруға тырысайық. Есепті дұрыс, жылдам шығарған оқушының бұлағы, яғни сыңғырлап, сылдырлап ақты деп есептейміз. «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген мақал осыдан шықса керек.
ІІІ-кезең. «Есіңде сақта»
( суретті мұқият қарап, есіңде сақтауға тырыс)


Суретті жауып қойып, оқушылардан ауызша жауаптар аламын.
Қандай фигуралардың суретін көрдің?
Бірдей фигураларды ата?
Ең соңғы фигураны ата?
Басынан санағанда үшінші фигураны ата?
Тік төртбұрыштың ішінде жазылған цифрды ата?
ІV кезең. Математикалық жұмбақтар.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш)
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап
(икс)
V кезең «Ойлан, тап!» (моншақтар ойынына теңдік тура болатындай амалдарды қою)

67

85


58

VІ кезең. «Білгенге маржан, білмеске арзан»
(математикалық мақал-мәтелдер)
Мақалдарды толықтырып жаз.
1. Адам досымен _____,
________ тамырымен мықты.
2. Бетегеден биік, жусаннан _____.
3. Білекті бірді жығар,
Білімді ______ жығар
4. Үлкен бастар, кіші ____.

VІІ кезең. «Логикалық тапсырма»
1-топ. Жас алма ағашында 5 бұтақ бар. Әр бұтақта 2-ден алма өсіп тұр. Алманың барлығы нешеу? (10)
2-топ. Себетте алмұрттар жатыр еді. Сәния, Әлия және Майра 2 алмұрттан алды. Себетте алмұрт қалған жоқ. Себетте қанша алмұрт болған еді?
(Жауабы 6 алмұрт)
1-топ. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Барлығы неше мысық отыр?(16 мысық)
2-топ. Бір ағашта 12 ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа
(он екі ай, отыз күн)
Сабақты қорыту.
- Сонымен, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңдестірген нәрсе-білім деп бекер айтпаса керек. Міне, бүгінгі жарысымызда екі топ та өз білімдерін көрсете білді. Енді сіздерге дайындаған сыйлығымды табыс етемін.
Қорытынды тұжырым: «Математика сыр шертеді» сайысы екі топқа бөлініп өткізілді.1-топ «Алғырлар», 2-топ «Білгіштер». Оқушылар математикалық тақпақтар оқыды. Сайыс әр кезеңдерге бөлініп өткізілді.
І кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (қызықты әзіл есептер),
ІІ кезең: «Математикалық бұлақ» (жазбаша есептеулер), ІІІ кезең: «Есіңде сақта!» ІV кезең: «Математикалық жұмбақтар», V кезең: «Ойлан, тап!» (моншақтар ойынына теңдік тура болатындай амалдарды қою),VІ кезең: «Білгенге маржан, білмеске арзан» (математикалық мақал-мәтелдер),
VІІ кезең: «Логикалық тапсырма» өткізілді. Оқушылар математика пәніне деген қызығушылығының, танымдық қабілеттерінің жоғары дәрежеде екендігін осы сайыста көрсете білді. Оқушылар топпен жұмыс жасап, меңгерген білімін өмірде қолдана алатындығын көрсете білді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1-топ «Алғырлар» 45 ұпаймен І орынды, 2 топ «Білгіштер» 42 ұпаймен ІІ орынды иеленді. «Математика сыр шертеді» сайысына қатысқан оқушыларға сыйлықтар тапсырылды.
Категория: Начальная школа | Добавил: danagul_1993 (2017-05-18) | Автор: Математика сыр шертеді E
Просмотров: 673 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru