Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Әдептілік әліппесі
Тақырыбы: «Әдептілік - тәрбие бастауы»»
Мақсаты: 1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3. Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер
Сабақтың жоспары
1. Кіріспе:

Топтарды таныстыру:
1-топ: «Кішіпейілділер» тобы:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

2-топ: «Әдептілер» тобы:
Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез,әдептен.

3-тобы: «Ізеттілер» тобы:
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.

4-тобы: «Инабаттылар» тобы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

2. Ребус шешу («Әдептілік - әдемілік»)
3.Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру(Оқушылар өздері анықтайды)

1 - оқушы:
-Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы:
- Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.

4.Негізгі кезең:

3-оқушы:
- Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.

4-оқушы:
Мектепке біз барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ақниетпен пейілмен,
Қайырлы таң!- дейміз біз
Күндіз де елді елейміз
Қайырлы күн!- тілейміз.

5-оқушы:
Тағам дәмді тұзбенен
Үйдің сәні қызбенен
Деген сөзді естігем
Қыз боламын есті мен
Тазалықты қалаймын
Үйдің ішін жинаймын.

6-оқушы:
Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.

7– оқушы :
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай- шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.

Мұғалім: - «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
8 - оқушы: - Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
7-оқушы: - Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

9- оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

10– оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

11-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.

І. Әдептілік туралы мақалдар :

1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.

Хормен: - Біз Отанның балдырған ұланымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
12. Қорытынды: - Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?(Сезімдерін тақтаға жүрекше- стикерлер ілумен білдіреді)-Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.
Категория: Начальная школа | Добавил: araily_zhumanova (2018-06-05) | Автор: Доненбаева Алма Ергалиевна E
Просмотров: 634 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 7:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru