Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Білім берудегі іс-тәжірибеме өзіндік сипаттама
Білім берудегі іс-тәжірибеме өзіндік сипаттама.
Еліміз егемендік алып,ұлттық өркендеуге жол ашылып, қоғамдағы дүниетанымның жан-жақты ғылыми зерттелуіне мүмкіндік ашылған жағдайда ұстаздар үшін түрлі жобалар жазып, оқушы ойлауын, ізденуін, өзін-өзі дамытуына жол ашуға мүмкіндік зор.Әрине оқушы ізденісін күшейту үшін мұғалім қызықтыра жетелеу қажет. Осы тұрғыда күнделікті сабақта іздену, шығармашылықпен жұмыс жасауды төселдіруді көздеймін.Ол әрине күн санап жалғасын таба жүргізілу тиіс.Мысалы Бата-Алла тағаладан тілейтін тілегіміз,имандылыққа тәрбиелейтін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиет,қысылғанда күш-қуат беретін,рухтандыратын сөз құдіреті. «Біз қазақпыз, атамыз-ой, санамыз-сөз күш берген» дегендей бата-тілектің мәні де айтарлықтай.Сабақ барысында «Ақымақ алғыс алмайды,алғыс алмаған алысқа бармайды» дегенді айтып, қане бүгінгі сабақта менен алғыс алып кетуге тырысыңдар деп бастап, сабақ соңында бата беріп аяқтауға тырысамын.
Мысалы Ата салтым, асыл мұрам ,ардағым
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда салтын бұзбас қадірлі
Өткенімді бүгінгімен жалғастыр
Болсын сенің салт-дәстүрің
Қолдан түспес құралың
Арайланып,атсын мәңгі болашақтың нұр таңы
Жақсы оқып,тарихыңды,дәстүріңді сен таны....
Дегендей бата-тілекпен сабақты бастап, жақсы тілекпен аяқтауды әдетке айналдырудамын.
Күнделікті сабақта сонымен қоса «Ұлттық ойын –ұтымды тәсіл» дегенді естен шығармай сабақта ұлттық ойын түрлерін ұтымды пайдалана білуді мақсат етем. «Асық ойындары» соның ішінде «Бесқақпай» баланы ептілікке, қолының моторикасын дамытуға септігі мол. «Орамал тастамақ» ойыны қазақ тілі сабақтарында орамал түскен оқушы мақал-мәтел айтып, ережелер түрін жарысып айтуға дағдыланады. Бұл ойын шапшаңдыққа, тез ойлауға,тапқырлыққа себін тигізеді. «Теңге ілу» ойынын да математика сабағында жиі қолданамын.Қолдан жасалған ақша түрлерін көз жұмып іліп алып, қанша жинаса соны алып,көз шешілген соң есеп құрап, қосып, азайту, көбейту тәсілдерін ауызша есептеуге төселеді. Осындай жұмыстардан кейінде шешендік өнерге баулу мақсатында айтыс түрін де енгізіп жіберемін.
Қой асығы демегің
Қолыңа жақса сақа ғой
Жасы кіші демегің
-Ақылы асса аға ғой - дегендей кәне, балалар қорықпаңдар шама келгенше айтысып көріңдер! - деймін.
-Бұл-ата жолы
Ең-құдіретті өнер «Сөз өнері»
Сөздер, сөздер, сөздер неткен салалы
Сөздің де көп неше түрлі тарамы.
Қуантады,жылатады кей сөздер,
Кейбір сөздер әбігерге салады.
Кейбір сөздер ерлікке де бастайды
Кейбір сөздер от басынан аспайды.
Кейбір сөздер жаныңа да батады
Кейбір сөздер үлкен сенім артады
Кейбір сөздер құдіреті соншалық
Әр жүректе сақталыпта жатады –деп Мұқатай Есекеев жырлағандай сөз құдіретін сезіндіре отырып, топтастыру әдісі арқылы поэзия сәтін тиімді өткізуді дағдыға айналдырдым.


Іс-әрекет, өзіндік тәжірибем.

Мен өз тәжірибемде оқушының сыни ойлауын дамытуда сыни тұрғыдан ойлаудың мынадай әдістерін қолданамын: миға шабуыл, ой ашар, ойлан, жұптас, топтас, талқыла, ой шақыру, кубизм, болжау, бес жолды өлең, эссе жазу т.б. мен оқу мен тәрбиелеу арқылы оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытуда ең бірінші, белгілі тақырыпта эссе жазудан бастадым. Бүгінгі күнде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сондай жаңа технологиялардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұрады, яғни оқу мен үйренуге арналған.
Заманауи тәсілдің ең басты ерекшелігі оқушылар алған білімдерін жай ғана меңгеріп қоймай, олaрды oрынды жeрде қолдана білуіне басты назaр аудaру болып табылады.
Күнделікті сабақта оқушының өз бетінше оқып, өзін-өзі және өзге сыныптастарын бағалау үдерістеріне белсенді қатыса алатындығына сенімсіздікпен қарадым. Алайда үнемі жаңа әдіс бойынша жиі өтілген сабақ өз нәтижесін көрсете бастады.
Мұғалімнің қабілеті мен кәсіби дамуын қалыптастыру.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық іс-әрекеттер жайлы сөз болғанда әдетте нәтижесінде идеялық және материалдық, жаңашылдық және қоғамдық құнды мәні бар адамдардың іс-әрекетінің түрі ретінде жасалынған. Өмірде дұрыс жол табу үшін адамдар дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі тиіс. Адам бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына жол ашады, өйткені адам туынды ғана емес, тудырушы, жаңартушы да. Адамның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толық қанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру-білімнің ең маңызды мақсаты.
Жүсіппек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген болатын. Осы мақсатпен оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды негізгі ұстаным ретінде қабылдадым. Мұндағы басты мәселе –оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға мүмкіндік туғызып, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру.
Ізденуіне жол көрсету, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жетістігінен ләззат алуына мүмкіндік беру. Бүгінгі күнде қоғам қойып, отырған талаптардың бірі, міне осы шығармашылық адамын тәрбиелеу. Ендеше осындай шығармашылыққа баулу, қалыптастыру, мектепте басталады. Шығармашыл шәкірт тәрбиелеу үшін әрине алдымен ұстаздың өзі шығармашыл болуы шарт.Ұстаздың шығармашылық мүмкіндігі оның өзін-өзі жетілдіру, жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады.
Шығармашылықтың бастапқы кезінде мұғалімнің аналитикалық қасиеттері, кәсіби білім, біліктілігі, шығармашылық әлеуеті байқала бастайды.
Міне осындай жолдарды бастан өткере отырып, оқушы шығармашылығын дамытуды үйреніп келемін.
Шәкірт жеңісі-ұстаз еңбегінің жемісі.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен балалардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр мұғалімнің табиғатына тән деп ойлаймын. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Категория: Начальная школа | Добавил: 87011882767 (2020-10-26) | Автор: Алия E
Просмотров: 317 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 5:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru