Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Оқытудың жаңа үрдістері
Оқытудың жаңа үрдістері
Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі Магазова А.М., химия және биология пәндерінің мұғалімі Жетписбаева Б.К.

Қазіргі таңда еліміздегі жас ұрпақты білімді де сапалы етіп тәрбиелеу заман талабы екенін ескеру керек. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» - деді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің жана форматты білім деңгейін ұйымдастыру болып отыр.
Сонымен бірге, нарық жағдайында мұғалімге қойылатын талаптар да күшейе түсуде. Қазіргі заман талабына сай мұғалім бейнесін ашар болсақ, ол өзінің кәсіби шеберлігімен бірге, бәсекеге қабілетті, білім берудегі жаңашыл идеялармен қамтылған, рухани-адамгершілігі бар, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Осындай мұғалім тұлғасын сомдау бағытында Қазақстандағы білім беруді дамудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін ең алдымен, педагог мамандардың мәртебесін арттыру делінген.
Сапалы біліммен өз оқушысына білім нәрін берген мұғалім өзінің оқыту тәжірибесінде жетістіктерге жету жолдарын қарастыра отырып, оны дамыту көзін алдындағы шәкіртінің өз ойын еркін, ерікті жеткізумен байланыстырады. Нәтижесінде өзіндік идеясы қалыптасқан тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.
Біздің мектепте мұғалімнің мамандық біліктілігін арттыру бағытында арнайы курстан өтіп сертификатқа ие болған 6 мұғалім ( Жетписбаева Б.К., Магазова А.М., Манько Г.В., Смирнова С.Л., Жанат Айнаш, Манько М.В.) жұмыс атқарып жүр. Курста «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізімен таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерімен жеті модулді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздік. Курстан алған білімімді сабақтастыру ниетінде өз сабақтарымызда осы жеті модулді пайдалана жүргізгенде, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта түскені байқалады.
Әрине, сабақ үрдісінде 7 модулді қамту мүмкін емес. Алайда артықшылығында байқауға болады. Ең алдымен өзімізге белгілі сын тұрғысынан ойлау модулі туралы айтар болсақ, бұл жерде басты қағида – оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Яғни, сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау деп түсінсек, сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану арқылы балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғыза отырып сабақтарымызды жүргіздік және де сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модулдерді еркін енгізуге болады деп есептейміз.
Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білім беруші болған болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.
Осы бағытты ұстана отырып, әр сабағымызды диалогқа негіздейміз. Нәтижесінде топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасында диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе аламыз.
Сабақ жоспары оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы және жас ерекшеліктеріне ескеріле отырып тапсырмалар қарастырылады. Сабақ барысында өздерін бағалауы да оқушыларды таңқалдырды.
Әр сабақтарда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АҚТ – ны қолдануды әр сабағымызда ескеруді жөн санадық.
Курста меңгерген 7 модулді қолдана отырып, мұғалімдерде де көптеген қызықты идеяларды жүзеге асыру жөнінде белсенділіктері арта түсті. Әріптестерімізде біздің жаңалықтарымызға қызығушылық танытты. Ал оқушылар мен ата-аналар алғыстарын айтып жатады. Бұл мұғалімдердің шабыттарын жоғарылата түскендей!
Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз, еліміздегі білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздің міндетіміз болып табылады.
Бағдарламадан алған білімімізді іс- тәжірибемізде жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымызда пайдалана отырып, оқушыларды және де әріптестерімізді сабақтарымызға қызықтыра арқылы көшбасшылыққа қол жеткізе алдық деп ойлаймыз.
Алдағы мақсатымыз: курстан үйренген әдіс-тәсілдерді өмірлік тәжірибемізде қолдану. Осы арқылы еркін, ынта жігері мол, өзіне сенімді, өзіндік жеке көзқарасы, сыни пікір айта алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: Ася1475 (2015-02-07)
Просмотров: 835 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 12:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru