Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы
ШҚО.Тарбағатай ауданы "Тарбагатай колледж"
Кайырбаева Маржан Нурбековна – информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы
Мақсаты: 1. MS Access бағдарламасы туралы білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау.
2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Сабақтың педагогикалық технологиясы:
Сыни тұрғысынан ойлау, сәйкестендіру, топтастыру.
Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
шығармашылық жұмыс, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, компьютер, карточка, интерактивті тақта
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік
дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық
қабілетін дамыту.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
ІІІ. Жаңа сабақ (26 минут)
А) қызығушылығын ояту, ой толғау әдісі
ІҮ. Шығармашылық жұмыс (6 минут)
Ү. Сабақты бекіту (3 минут)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау. (3 минут)
.


ІІІ. Жаңа сабақ (26 минут)
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат).
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255.
Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.
Деректер базасын құрастыру:
1 қадам. Оның құрылымын құрастыру.
2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру.
Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.


Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері.

Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді.

Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады.

Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.

Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы.

Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады.

Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.

Жұмыс жасаудың режимдері:

1. 1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты қарап шығу, өзгерту, таңдау

2. 2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту.


Деректер түрлері.

  Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін).

  Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.

  Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.

  Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер.

  Memo – көп көлемді мәтінді сақтау.

  Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді.

  Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ).

  OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.

  Гиперсілтеме - әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол.

  Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.

Бекіту: (3 минут)

Нені білдік? Нені білгіміз келеді?


Үйге тапсырма: Компьютерлік желі тақырыбына тест құрастыр!

Бағалау: Оқушылардың пікірімен санаса отырып, мұғалім бағалайды.
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: гульнараж (2015-03-01)
Просмотров: 1727 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 0:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru