Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

коучинг сабақтар туралы рефлексия
Шымкент қаласы Ж Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі Матова Шынардың

коучинг сабақтар туралы рефлексия
2014-2015 оқу жылы
Бағдарламалық курсты бітіргенде коучинг өтудегі мақсатым мектептегі әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға, өздерінің оқыту тәжірибесін өзгертуге көмектесу, бағыт бағдар беру деп түйіндеген болатынмын. Жоспарым бойынша ұйымдастыра алам ба деген сұрақтар ылғи жұмыс барысында туындап отырды.Өйткені мен озгені үйрете отырып,өзім үйреніп жүрген тәлімгермін. Мен еңбек ететін №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназияда өте беделді, еңбектері елеулі ұстаздар көп.Мен жоспарымды осы бағдарламалық курсты бітірген әріптестеріммен талқылап, ақыл –кеңес сұрап отырдым..Мектепте өз жұмыс тобымды құрғанда, әсіресе жас мамандар үлкен қызығушылық танытты. Сондықтан жұмыс тобыма 3 жас маман және 3 12 санатты мұғалімдермен өз жұмыс тобымды құрдым.Коучинг өткізілу күндерін белгілеп, уақытын нақтылап кесте құрдым, кейін жоспар бойынша әріптестеріме өткізетін коучинг сабақтарының тақырыбын таңдауға кірістім.
Кіріспе коучинг сабағында психологиялық ахуал тудырудан бастадым, презентация жасап, бағдарлама мазмұнымен таныстырдым, 7 модульге тоқталдым.Сауалнама жүргіздім.Бағдарламаны слайд арқылы қысқаша түсінік бердім.Қойылған сұрақтарға жауап бердім.Саусақтар арқылы мінезді анықтау тестін алдым. Мұғалімдер қызығушылығын олардың кері байланыстарынан байқап, қуанып қалдым.Бұл тәлімгерге өте үлкен жігер қосатынын сезіндім.. Коучинг өткізу үшін мен курста меңгерген теориялық материалды қайталап,тренердің айтқандарын есіме түсіре отырып, кітаптардан қажет ресурстарды іздеп, мұхият дайындалдым.Бірінші ,екінші коучингте өзім үйренген, көрген, білгенімді мұғалімдерге толық жеткіземін бе, мұғалімдерді қызықтыра аламын ба, коучингті сапалы өткіземін бе?- деген сұрақтарды үнемі өзіме қойып,соған дұрыс жауап табу үшін МАН-ды қайта оқып, сауалнамалар даярлап, таңдалған тақырыпқа байланысты бейне роликтер іздеп,слайд,флипчарттар дайындадым.
Менің коучинг сабағыма бастауыш сынып,орыс тілі,өзін –өзі тану пәні,шет тілі мұғалімдері қатысты. Әрбір ұстаздың пікірін тыңдау барысында ауқымды тақырыпты әр коучингке бөліп өтуді жоспарладым. Бағдарламаны аяқтаған соң сертификатымды алдым.Мұғалімдердің білім жетілдіру орталығынан берілген жоспар бойынша қаңтар айының бірінші аптасында « Оқытумен оқудаАКТ-ны пайдалану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатындасыныптаАКТ-ны пайдалануәдістемесі»тақырыбы бойынша коучинг өтуді жоспарладым. Мақсаты: Сабақтарда АКТ-ны қолдану арқылы оқытуды тиімді өткізу негіздерін қарастыру Таныстырылымда мұғалімдерге мынадай бірқатар сұрақтар қойып, АКТ-ны қолданудың тиімділігін арттыружолдарын қарастыру үшін мына тақырыптар бойынша ой бөлісті:
1. Сабақта АКТ-ның қандай түрлерін пайдаланасыздар?
2. Оқушының білмге деген қызығушылығын қалай арттырасыз?
3. АКТ-ның оқушыға және мұғалімге тигізер пайдасы қандай?
4. Дәстүрлі сабақ беру мен АКТ арқылы сабақ беруді салыстырыңыздар.
.
Мұғалімдер менің сұрақтарыма жауап бере отырып, ой бөлісті,
«АКТ-ның көмегімен не істеуге болады?»тақырыбына постер жасап,, постерді топпен қорғады. Тақырып АКТ-мен тікелей байланысты болғандықтан, әр мұғалім жаңа әдіс-тәсілді меңгеріп,талапқа сай жұмыс атқара білу керек екендігін сезініп,нақты слайдтарды құрып сабақта пайдалана білуді меңгере алу қабілетін таныту үшін,әрі үйрену үшін
топ мүшелеріне «Менің отбасым» тақырыбында таныстырылым дайындау ұсынылды.Мұғалімдер арасында слайд жасай алмайтындығын айтып,қынжылғандар да болды.Бірақ осы тұста топтық жұмыстың тиімділігін аңғардым,себебі білгенімен бөлісіп, басқаларға көмектескен топ мүшелерімен біріге тығырықтан жол тауып, слайд жасады,әрі үйренді.
Келесі сергіту сәтінен кейін,мен коуч ретінде, ғаламтордан аудиоертегі, ертегілер көру, жүктеу жолдарын көрсеттім Коучингтің қорытынды бөлімінде«Идеялар қоржыны» әдісін пайдаландым.Әр мұғалім өзінің тақырып бойынша идеяларын стикерге жазып, қоржынға салып, өз ойларын, коучинг сабағынан алған әсерлерімен бөлісті.
Келесі ауқымды тақырып «Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалау(ОүБ) дегеніміз не?» бойынша өткен коучингтерім де мұғалімдерді қызықтырды деп айта аламын.Себебі ҰБТ,ОЖСБ,тоқсандық бағалауда бағаның сәйкессіздігі мектептің өзекті проблемасы болып табылады.Әсіресеі жас мамандарға тәжірибе жинақтау үшін көмек беру мақсатында осы тақырыптың мазмұнын ашып,әріптестерімнің ой-пікірлерін ортаға сала отырып,мәселенің шешуін табуға коучингтер арқылы әсер етуге тырыстым.
Ал алдыма қойған мақсатым: Оқу үдересінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критериалды бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру
Міндетім:1.Оқушы білімін нақты бағалауда бағалау критерийлерін құрастыруға үйрету
2.Бағалауды тиімді қолдану жолдарын үйрету тақырыбында коучинг сабақтарын жоспалап өткіздім. Бұл коучингте күтілетін нәтиже:Оқушы білімін нақты бағалауда бағалау критерийлерін құрастыруға үйренеді.Бағалауды тиімді қолдану жолдарын үйренеді деген нәтижеге жете алдым ба деген сұрақ туындап отырды. .Бағалауды тиімді қолдану жолдарын мұғалімдерге үйрете жүріп,өзімнің тәжірибемде де көп еңбектену мен жаттығу қажет екені айқын сезілді.
Курста оқып жүріп, біз топпен оқу формасын, топпен жұмыс істеу ережелерін үйрендік, оның ішінде әркімнің пікірін тыңдау, топтағы міндеттерді дұрыс бөлу, өзара түсіністік және бірін-бірі және өзін бағалау. Мен өзім коучинг жоспары бойынша тақырыпты ашу мақсатында 1.«Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» таныстырылым ретінде көрсеттім. Бағалаудың түрлері туралы мағлұмат- ты слайдтар арқылы түсіндіріп болған соң белсенді әдістер қолдану арқылы тақырыпты ашуға топпен жұмыс жасаттым.Барлық топтарға ақ парақ бетіне «Өзіңе ұнаған үйдің» суретін салу тапсырылды. Топ жұмысын бағалауды суреттерін салып болған соң,топтар бір-бірінің салған суреттеріне баға береді. Содан кейін мұғалім бағалайды.Не себептен бағалағанын түсіндіре отырып, бағалау критерийін көрсетті.Критерий бойынша топтағылар қайтадан дұрыстады. «Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы бойынша осы тапсырмадан кейін топтар бір-біріне тілек,ұсынысты стикерге жазып,бір-біріне берді, ойларын стикер арқылы жеткізді.
Коучинг сабағынан көрініс Келесі бағалау тақырыбында қолданған әдісімде жеті қазынамыздың бірі жылқының суретін салуды тапсырдым.Бағалау деген не? деген сұрақ қойдым,бұған жас маман болсада өз ойларын айтты. Салған суреттерін өздеріне бағалаттым,сонан кейін оны көршісіне бағалаттым.Топтағы ең жақсысын таңдап алып,топтарарасында бағалау үшін бағалау критерий құру арқылып бағалаттым.Бағалау критерий бойынша өз пікірлерімен бөлісті,мақал-мәтелдер арқылы ойларын жеткізді.Сонан соң алдыңғы бағалары мен салыстырды. Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқытусапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыруды басты назарда ұстап,әр коучинг сессиясында осыған аса көңіл аударып отырдым.
Әрине сергіту сәтін әр коучингте ұйымдастырып отырдым.Өйткені ұстаздардың өздері сергіп, көңілдері бөлінеді.Ал оқушыларға сабақта жаңа серпіліс,демалыс және жақсы көңіл күй сыйлау үшін ұстаздардың сергіту сәтіне уақыт бөліп, ұйымдастыруды түрлендіріп отыруды кеңес етіп отырдым.Тек би немесе музыкамен шектелмей, оқушыларды қимыл жасауға бағытталған ойын түріндегі сергіту сәттерін балалар аса ықыласпен орындайды. Ортаға үш әріптесімді шақырып, «Үшадым» ойынын ойнаттым .
Бұл ойынды тақырыппен байланыстырып, дәлел келтіруді тапсырамын Бірінші, екінші айналымнан кейін әріптестер өз ұсыныстарын айтып,қызығушылық танытты. Ойыншылар жіберілген қателерін ескере отырып, біркелкі адымжасауға тырысты. Тағы бір сергіту сәті мысалы,жаңбырдың жауып,тоқтауын,қол мен аяқтың қимылы арқылы сергіту сәтін коучингте мұғалімдерге, ал сабақта оқушыларға жасатып көрдім. Сергіп, көңіл-күйлері көтеріліп қалады.Сонымен қатар, мұғалімдерге коучингте қалай жақсы психологиялық ахуал тудыру,топқа бөлу,жоспарлау,түрткі сұрақтар қоя білудің жолдарын әдіс –тәсілдермен үйретіп, яғни топтық жұмысты тиімді ұйымдастырып, әріптестерімнің белсенділіктерін арттырудың жолдарын көрсетуді әр коучинг сабағымда назарда ұстап отырдым.Және мен коучинг сабақтарымда әріптестерімнің қызығушылық танытып, жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге деген талпыныстарын коучингке қатысқан әріптестерімнің топтық жұмыстарды сәтті ұйымдастыра алғанда, топқа бөлу, постер құру, оны қорғау, стикермен жұмыс,кері байланыс беруді қолданғанда бақылап отырдым.Топқа берілген тапсырмаларды орындауда жауапкершілікпен қарап,өздерінің қолдарынан келетін мүмкіндіктерін көрсете білді.Әріптестеріме түрлі әдістер арқылы топтастыруды, постер мен стикермен жұмыс жасауды, сергіту сәттерін бейнеролик, түрлі қимыл ойындары арқылы өткізуді, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін қолдануды, сыни тұрғыдан ойлау модулінің әдістерін, жеті модул аясында тәжірибені түрлендіре беруге болатыны туралы ойлар тастап, өз тәжірибеммен бөлісіп отырдым..
Мектеп өмірінің мәні ұстаз бен оқушыны құндылықққа айналдыру мақсатында жаңа әдіс-тәсіл меңгеру керектігін атап өтіп,әріптестеріме оқушыларды бағалауда бағалау парақшасын дайындау,топқа бөлу,постер қорғауды өз сабақтарында қолданудың жолдарын үйретіп отырдым.
.Жалпы коучинг сабақтарын жоспарлау, өту барысында мен мынадай мәселелрге көңіл бөліп, ескеріп отырдым:
- коучинг жоспарының нақтылығына,тапсырманың көлеміне.
-тақырыптың өзектілігіне
- теориялық білімді жетілдіремін,кәсіби біліктілікті арттырамын
-ой қозғау,түрткі сұрақтар қоюға дағдыланамын,жоспардан ауытқымай өткізуге төселемін. әріптестеріме тамаша философ Имманауил Канттың өмірлік қағидасын «Адамда әрқашан да мақсат болып,ешқашан құрал болмауы керек» деген қағидасын ұстануға шақырамын.

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp:
1.Мұғaлiмге apнaлғaн нұcқaулық I(жоғары ) деңгей, үшiншi бacылым
2. Үлеcтipмелi мaтеpиaлдap
3. Куpc тaпcыpмaлapы
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: Чина5197 (2015-11-12) E
Просмотров: 2356 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru