Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Бастауыш білім беруде негізгі коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы оқытудың тиімді стратегиялары
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын – ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.
Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында білім беру ісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты, бүгінгі заман талабына сай білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сай дамыту міндеті тұр. Бұл міндетті жүзеге асырудың бірден-бір жолы - педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жаңашаландыру, яғни өмір бойы үздіксіз білім алуға көшу.
Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі (яғни, педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Хетти (2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60 155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса металлдау әдісін пайдаланды. Олар мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрметті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты рефформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Білім беру бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің мысалын Хименес-Алейхандренің дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Катчевич және басқа авторлар, 2011).
1. Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалауы, өздері ұсынған қорытындыларын дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2.Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданады.
3. Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4.Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы тиіс және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
5.Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс.
6.Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.
Бұл талдауда (4) «орыс тілін оқытуда критериалды бағалауды қолдану» тарауында бағалау стратегиясы анағұрлым толық қарастырылатын болады. Бұдан басқа педагогиканың әртүрлі аспектілері қарастырылады: белсенді оқу, бірлескен оқу, тұлғаға бағдарланған оқыту әдістері.
Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Хетти 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.
Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да аспектілерді, алған білімді қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабақ белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін қызметтермен айналысуға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің әр тарауына арналған оқу жоспарлары оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын және нақты тақырыпты зерттеу үшін айтылым дағдыларын біріктіреді. Белсенді және аудио-бейне тәсілдері бар жоспарлау мен оқыту үлгісі осындай оқытудың табыстылығы мен жылдамдығын нақтылады, оның өзінде тілді грамматикалық құралдар жиынтығы емес, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу әдісі ретінде тілмен жұмыс жасайтын оқушылардың жоғары уәжі мен қарым-қатынасы байқалады (UKLA,2014). Тізбектелген сабақтар топтамасы оқушылардың тіл туралы (метатіл) айту мүмкіндігін ұлғайту үшін көрсетілген, бұл оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым арқылы жақсы көрініс табады (UKLA, 2014).
Тізбектелген сабақтар топтамасы (жоғарыда келтірілген диаграммада түсіндіріледі) негізгі үш идеяға негізделеді. Біріншісі – сапалы, жақсы мәтіннің маңыздылығы және оқушылар өз «дауысын» іздеу арқылы оқылым үдерісінде шабыттана алатыны. Екінші – жазылымның барлық аспектілерін үйрету барысында мәнмәтіннің астарлы мәнін мойындау, нақты айтқанда, жазылым мәнмәтінсіз – тақырыпсыз, мәтінсіз немесе тәжірибесіз тиімді бола алмайды. Үшінші идея-жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жан-жақты зерттеу мен дамытудың қажеттілігі, бұл оқушыларға тек «дауыс» қана емес, сонымен қатар, мазмұн мен ескеру қажет нәрселерді де ұсынуды қамтиды. Табысты мұғалімдер оқылым мен жазылымды дамыту үшін айтылым мен тыңдалымды қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Оқыту үдерісінде мұғалімдер сыныптағы жағдай аясында бұл үдерістін маңызды, жақсы ұйымдастырылуына жағдай жасап, оқушылардың дұрыс сөйлеуін дамытуға көңіл бөледі.



Оқушыларға осы бағыттарда көбірек жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі:
• Біз жазба жұмысының идеясы мен жоспарын ойластыруға уақыт береміз;
• Біз оқушылардың көзқарасын нақтылаймыз;
• Біз түсінікті қалыптастырып, нені орындай алатынымыз туралы түсінік беруге тырысамыз;
• Біз жаңа сөздерді меңгертіп, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреміз;
• Біз мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береміз.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспары аясында оқушылардың аудио-бейне материалдарға қатысты сұрақтарды тыңдап, жауап беруге мүмкіндіктері бар. Аталған жаттығулар тізбектелген сабақтар топтамасында не сабақты бастауда ынталандыратын, не мүмкіндік сияқты, не идеяны оқу немесе жазуға дейін жинақтау мүмкіндігі ретінде орны бар. Сондықтан да оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады.
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы аясында тыңдалым дағдысына баса назар аударылады. Бұл дағдыны дамыту оқу жоспарында қарастырылып, оқушылардың теледидар бағдарламаларын, фильмдерді, әуендерді және ересек адамдардың сөздерін тыңдау және сұрақтарға жауап беру қамтылады.
Аталған жаттығуларды тізбектелген сабақтар топтамасында не сабақты бастауда ынталандыратын, не мүмкіндік сияқты, не идеяны оқу немесе жазуға дейін жинақтау мүмкіндігі ретінде орынды қолдануға болады. Сондықтан да оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады.
Үйренушілер білім алудың бірізділігі аясында грамматиканы белгілеп, саралай алуы керек. Оқу кезеңінде олар сөз тіркестерінде, құрылымға сөздердің орын тәртібіне, сөйлем құрылысына және сөйлеуге басты назар аударады.Негізгі ойды анықтау кезеңінде оқушылар тілдің тиімді құрылымы мен пайдалы лексикасын қолдануы керек. Олар бақылау жұмыстарында, тәжірибелік сабақтарда және өз бетінше орындалатын жазба жұмыстарға байқалады.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Қызметтін мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің белсенді оқу стратегиялары:
• Жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• Мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• Мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
• Ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау (Аронсон И. және Бриджмэн Д. (1979).
Мұғалімдер осы белсенді білім алу стратегиясының қайда және қалай қолданылуы мүмкін, қандай жағдайларда тікелей нұсқау беру әдісі қолданылатын туралы ойлануы тиіс, мысалы, бірлескен оқылым немесе жазылым барысында.
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгерістер туғызуы керек. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үрдісі солғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) біздің адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді сипаттайды. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екндігін көрсетеді.
Бұл шет тілін оқытуда ассоциациялық жадының күші және шет тілін үйрену аясында тілді жан-жақты зерделеудің маңыздылығы туралы идеямен тығыз байланысты. Ана тілінен басқа екінші тілді үйрену кезінде қимыл-әрекетпен ұштасқан ассоциациялық жадыны қолдану арқылы баланың есте сақтау қабілетін жаттықтыруға болады, әсіресе, бұл әдісті кіші жастағы оқушыларына немесе бастауыш сынып оқушыларына қолданған тиімді. 1960 жылы Ашер ұсынған Тыңдау-көру-орындау (ТКО) әдісі мұғалімдер үшін басқа әдістермен кіріктіріліп, тиімді қолданылған ТКО әдісі оның аясындағы шағын қызмет түрлері әрі балаларды ынталандырушы, әрі қосымша оқу мақсаттарын қамтитынын аса тиімді әдіс екендігіне назар аудартады.
Сондай-ақ, бірлескен оқу топтарындағы тиімді педагогикалық әдістерге негізделген «CURAN» тіл қоғамдастығы тілді үйрену барысында белсенді топтық жұмыстарды қолданудың артықшылығын мойындайды. Бұл әдіс оқушыға бағдарланған, жалпы аударма қолданылғандықтан, тәуекелдер барынша азайтылған. Білім берудің алғашқы кезеңінен бастап «CURAN» тіл қоғамдастығында тіл үйрену барысында барлық зейін жылдам сөйлеу мен анық сөйлеуді қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі заман талабы бойынша мұғалімнің алдында қойылған міндет мол. Алдына келген оқушының қандай ойда, не біледі, қалай білім алады, өмірге деген көзқарасы кандай ? - осы сұрақтардан әр оқушымен жұмысты бастау керек деп ойлаймын. Егер ол қандай деңгейде тұрғанын білсең, оны қалай оқыту керек екен, оған қандай бағыт беру керек екені-мұғалімнің қолында. Мұғалімнің білімі мықты болса, білім беру жолдарын қолданса, мұғалім өзі әр қашанда ізденісте болса оның оқушылары биік жетістіктерге жетеді. Білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін дәлелдеу - осындай мақсат қойған мұғалім оқушының қызушылығын арттады, білім алуға жетелейді. Өзіне сенімді, алған білімін өмірде қолдана алатын, өзіндік көзқарасы бар, дамыған тұлға шебер мұғалімнің алдынан шығады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні» журналы №1
2015 жыл

2. Беркилл Б. және Итон Р. (2011). Оқу мен оқыту деңгейін дамыту. Мұғалімдер мен тренерлерді Кембридж халықаралық сертификатын алу үшін даярлауға арналған оқулық. Кембридж. Кембридж Юниверсити Пресс.

3. Хейс Д. (2000). Cascade training and teachers professional development [Каскадты оқыту және мұғалімдердің кәсіби дамуы]. ELT Journal Volume 54(2), Oxford University Press, Oxford.
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: bakirova7797 (2016-02-17) | Автор: Гульфира E
Просмотров: 1988 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru