Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

Тамыз кеңесі
«Шырын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тамыз кеңесі

Тақырыбы:«TIMSS,PISA халықаралық зерттеулер
мәнмәтінінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері»

Химия пәнінің мұғалімі: Г.Т.Садирова

2015 жыл

Кіріспе
Қазақстандық білім беру модернизациясының тиімділігі көбінесе мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған обьективті мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді болып отыр.
Алынған кең көлемді ақпарат жоспарланған және қол жеткізген нәтижелердің арақатынасын белгілеуге, шешімдер шығаруды талап ететін аса маңызды мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер әлемдік білім беру жүйесінде қазақстандық білім сапасын анықтауға қатысты болжамдар жасауға бағыттайды.
Көптеген елдерде бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері болып білім алушылардың математика, жаратылыстану және оқу бағыттарындағы білімдерінің жоғары деңгейі негізгі ғылым мен заманауи технологияның дамуы арқылы қарастырылады. Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдің білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызы зор.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторлардың негізгі бағыттары болып Қазақстанның білім сапасын халықаралық зерттеулердің TIMSS, PISA, PIRLS нәтижелері бойынша жасалған рейтингтегі орны көрсетілген.
Әлемнің жетекші білім жетістіктерінің сапасын бағалау саласындағы мамандармен дайындалған педагогикалық өлшеулердің заманауи технологияларын қолдану, Қазақстанның білім сапасын мониторингілеу жүйесін неғұрлым экономикалық тиімді әлемдік стандарттар деңгейінде құруға мүмкіндік береді.

І.PISAХалықаралық зерттеуі
PISAХалықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланыста емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу обьектісі болып 15жастағы оқушылардың білім жетістіктері. Көптеген елдерде жасөспірімдер 15-жаста негзгі білім беру сатысын аяқтап, ересек өмірге дайындалады, осыған сәйкес зерттеудің негізгі міндеті он бес жастағы оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім,білік дағдыларын анықтау болып табылады.
PISAзерттеуін ұлттық орталықтар мен ЭЫДҰ ұйымдарының қатысуымен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдардан тұратын Консорциуммен жүзеге асырылады. Оның құрамына білім беру сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей жетекші ұйымдар кірді:
 Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты
 АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі
 Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты
 Статистикалық ақпараттар жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы
Консорциумның жұмысын педагогикалық зертеулердің Австралиялық Кеңесі үйлестіреді
Қазақстанда зерттеудің Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Блім және ғылым министрлігі «Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы» болып табылады.
1.1. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. Зерттеу оқушылардың заттың терең мағынасын түсінуі мен себеп-салдардың байланысын, жан-жақты оқу әректтерін мен оқудің негізін құрайтын: шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу дағдылары, мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі. Оқушылар өмірлік жағдайларда кездесетін проблемаларға қатысады.

Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
 Математикалық сауаттылық
 Жаратылыстану сауаттылығы
 Оқу сауаттылығы
Зерттеу оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын және интелектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауға басым көңіл бөлінген.
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тесттің үштен екі бөлігі) бөлінеді. 2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты «оқу сауаттылығы», 2003жылы-«математикалық сауттылық»,2006жылы-«жаратылыстану сауаттылығы»,2009жылы-«оқу сауттылығы», 2012жылы-білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы «математикалық сауаттылығы» болды.PISA зерттеунің кезекті 2015жылы зерттеудің «жаратылыстану сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді.
1.2. PISA зерттеунің құралдары
 Тест тапсырмалары бар буклеттер;
 Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнама;
 Білім беру ұйымы оқушыларына арналған сауалнама;
 Тест өткізу туралы нұсқаулық;
 Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;
 Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу жөніндегі нұсқаулықтар.
Зерттеунің құралдары Консорциумның басшылығымен, жетекші халықаралық ұйымдарының сарапшылары мен қатысушы елдердің мамандарымен өңділеді. Тест тапсырмалары бар буклеттер сұрақ-кітапша болып келеді, әрбір тапсырма бір мәселені сүреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар бірден алтыға дейінгі нұсқауда жауабы бар сұрақтар, немесе таңдау бойынша қатар екі жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен нақты бекітулер қалыптарында көрсетілген қиындық дәрежесі әртүрлі бірден алтыға дейін сұрақтар кіреді.Сұрақтардың қалған бөлімдеріне оқушылар өз жауаптарын құраулары керек, олардың кейбірі қысқа жауапты, қалғаны толық жауаптарды талап етеді.

Тест жұмыстары аяқталған соң, әрбір оқушы жарты сағаттың ішінде білім жауап беріп, сауалнама толтырады.
1.3.Зерттеу өткізу стандарттары
Зерттеу, жобаға қатысушы барлық елдерде зерттеуді өткізу технологиясының стандарттары бірдей сақталуы үшін координациялық орталықпен дайындалған біріңғай нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.Халықаралық сарапшылар зерттеудің әрбір кезеңін (іріктеуді жүргізу,құралдарын аудару мен бейімдендіру, тестілеу мен сауалнаманы жүргізу, тексеру мен мәліметтерді өңдеу) бақылайды.Халықаралық деңгейдегі аудармашылардың көмегімен тест тапсырмалары мен сауалнамалары тексеріледі. Білім беру ұйымдарында зерттеуге Бақылаушы өкіл қатысады.Таңдау жауабыбар тапсырмалардытексеру, арнайы бағдарламаның көмегімен автоматты түрде орындалады.Ашық жауабы бар тапсырмаларды тексеру барысында ұлттық және халықаралық деңгейдегі сарапшылар жұмысының нәтижесі стандартқа сәйкес қамтамасыз етіледі.
1.4.Нәтижелер қалай бағаланады
Әрбір оқушының тесті орындауы, әр жеке зерттеу бағытына (математика және жаратылыстану) байланысты халықаралық 1000 балдық шкаламен бағаланады. Сонымен қатар, әрбір тапсырманың қиындық деңгейіне, нәтижелі орындау мүмкіндігіне байланысты сол шкалаға сәйкес жеке балдар беріледі. Зерттеуге қатысушы елдер оқушыларының 2/3 бөлігіне жуығы 400бен 600аралығындағы балл нәтижесін көрсеткен.Бұл стандартты ауытқуы 100 болатын орташа мәні 500 балға тең халықаралық 1000 балдық шкала сипатына сәйкес.Қатысушы елдің оқушыларының тапсырмаларды орындай алуы әрбір ел үшін орта балл көрсеткіші болып табылады.

ІІ. PISAзертеуінің негізгі бағыттары
Жаратылыстану сауаттылығы
Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны курсты, саясаттықалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда.Сондықтан,PISA зерттеу аясында 15жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:
 Ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі(контекст)
 Қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім)
 Ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі
 Ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.
PISAЗерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндерін-физиканы(астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қамтиды.
ІІІ.PISA зерттеу тапсырма мысалдары
Жаратылыстану сауаттылығы бойынша
Сұрақ: Озон найзағайдан пайда болады. Ол найзағайдан кейін ерекше иіс тудырады. Мәтіннің 9-ші-14-ші жолдарында «жақсы» және «жаман»озонның арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.Берілген мәтінде терминдерді қолдана отырып, сұраққа жауап беріңіз.Найзағай кезінде пайда болатын озон қандай болады,-«жақсы» немесе «жаман»?
Мәтінді растайтын жауаппен түсініктемені таңдаңыз:
Жаман немесе жақсы озон? Түсініктеме
А Жаман Жаман ауа райы кезде пайда болады
В Жаман Тропосферада пайда болады
С Жақсы Стратосферада пайда болады
Д Жақсы Жақсы иіс пайда болады

Жауап В-«жаман.Тропосферада пайда болады»
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: dostlogistic (2016-03-17) | Автор: Гульбахар E
Просмотров: 848 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru