Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде үштілді білім беру– көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі
Қазіргі ақпараттың дамыған қоғамында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,- деп Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, еліміз қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін қанат сермеуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», - деген еді [1].
Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты: «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.
Ол – біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен» [1],-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Жаһандану жағдайында қоғамдық өмірдің тідік саласы елеулі өзгерістерге бейім. Оны саяси, экономикалық және мәдени жүйелерінің ауысу қарқыны мен сипаты, басым жағдайда, әрбір жеке алынған ел үшін ерекше тілдік, этно-мәдени, әлеуметтік және өзге де нақты-тарихи жағдайларға байланысты болатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстанның тілдік ахуалына қатысты мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында нақты көрсетілген. Елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатымен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңімен іске асыру ұсынылған, оған сәйкес үш тілді дамыту қажет: мемлекеттік тіл ретінде – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде – орыс тілін және жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі ретінде – ағылшын тілін. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Президенттің Қазақстан халқына арнаған соңғы екі Жолдауында: 1) «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жасау және қабылдау туралы сөз болған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.). Мемлекет басшысы «Мәңгілік Елді» ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға өз жұмыс орнында белсене атсалысуға шақырды; 2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы тек «Қазақстан - 2050» Стратегиясының идеялық тұғырнамасы ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақ мемлекеті қалыптасуының мызғымас идеялық негізіне айналуы керек екендігі туралы сөз болған «Нұрлы жол – болашаққа жолдауы» (11 қараша, 2014 ж.) [2].«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі стратегиялық бағыттарына сәйкес қоғам сұранысына сай ұлттық сана-сезімі жоғары деңгейде қалыптасқан кадрларды дайындау саласында үштілділік білім беруді өзектілігі артып келеді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының халық дәстүрі мен отандық мүдде туралы толық түсінікті қалыптастыратын, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі қазақ болмысының мән-мағынасын ашып беретін, атамекенде еркін де бірдей өмір сүретін адамдардың ішкі рухани және қоғамдық өмірін айқындайтын ұстанымдар құрайды. Бұл нысан қазақ елін тұлғалық, ұлттық, мeмлeкeттік, қоғамдық құндылықтармен толықтыруды міндет тұтады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ұстанымдарының құндылығы: ұлыс пен ұлттың қалыптасуы контекстінде қазақ халқының өткен жолын жүйелі жете ұғыну; тарихи және әлеуметтік контексте қазақ мәдениетінің даму кезеңдерін әдіснамалық қорытындылау; қазақ халқының қоғамдағы және адамзаттық өркениеттегі орны мен рөлін айқындау. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ұлттық терминологияны дамыту, мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу, ағылшын тілін үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге мемлекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда – үш тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы басқалар. “Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу. Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені, мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші.
«Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»,- Б. Хасанұлы анықтама бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда.
Бұл жағдайда біз басты назарды нақты мәдени жобаның педагогикалық құрамдасына түсіреміз, ал ол болса толық көлемінде білімнің көптілділігін білдіре алады. Қазақстандағы тілдік ахуал айналасындағы пікірталастың белсенуі оның үйреншікті болған қостілділігіне емес, атап айтқанда тілдік білімнің жаңа межелерін білдіретін көптілділікке байланысты. Бұл межелер, ең алдымен, педагогикалық терминологияның білімнің көптілділігінің мәні келесідей ұғымдарды ашуына, байытылуына байланысты:
- тілдік білім – қазіргі заманның барлық тілдері (туыс және туыс емес) және мәдениеті аясындағы білім (Н.Д. Гальскова, Н.И. Гез);
- шет тілдік білім – жеке тұлғаны тілді және мәдениетті қатар өзара байланыстырып зерделеумен шет тілі құралдарымен жеке тұлғаны дамыту (С.С. Кунанбаева);
- тілдік көпмәдениетті білім – шет тілі құралдарымен қазіргі заманғы ана тілі және зерттеліп отырған тілдердің көпмәдениетті қоғамдастықтарында мәдениеттердің қатар және өзара дамуының нормасы ретінде мәдени көптүрлілік туралы түсініктерін қалыптастыру (П.В. Сысоев);
- көптілді білім – көптілді жеке тұлғаны қалыптастыруда үш және одан астам тілдерді қатар меңгеруге негізделген мақсатты үрдіс (Б.А. Жетписбаева);
- тілдік тұлға – құрылымдық-тілдік күрделілігімен, шынайылықты бейнелеудегі терең ойымен және дәлдігімен, белгілі бір мақсатқа бағынуы дәрежесімен ерекшеленетін тілдік туындыларды (мәтіндерді) тудыру және қабылдауы шарт болатын адамның қабілеттері мен сипаттамаларының жиынтығы (Ю.Н. Караулов);
- екінші тілдік тұлға – адамның мәдениетаралық деңгейде қатынас құру қабілеті (И.И. Халеева);
- көптілді тұлға – бірнеше тілдің иесі: ана тілінің, тұрғын әлеуметінде қолданыста жүрген тілдердің; бір немесе бірнеше шет тілінің (Б.А. Жетписбаева) [3].
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие қажет деген ойдамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2015.
2. Назарбаев Н.Ә. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2015.
3. Садықов Т.С., Әбiлқасымова А.Е. Жоғары мектепте бiлiм берудiң дидактикалық негiздерi. -Алматы: Ғылым, 2003.- 168 б.
4. Исмагилова Л.Р. Полилингвизм как компонент экономической культуры. дис., канд.соц.наук. Казан.гос.фин-экон. Институт, Казань, 2005.
Категория: Новые технологии в обучении | Добавил: nurmuldir (2016-09-20) | Автор: Сугурбаева А.С., Жапакова Г. E
Просмотров: 1845 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru